Алғашқы әскери дайындық пәнінен оқу – әдістемелік кешен Әйтеке би кенті -2017ж. Бекітемін



бет2/126
Дата30.11.2023
өлшемі0,63 Mb.
#194268
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126
Байланысты:
Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша кешен

Пәннің қысқаша сипаттамасы
Бастапқы әскери даярлық:
1) Қазақстан Республикасы конституциясы ережелерін, мемлекеттің қорғаныс негіздерін зерделеу;
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарының арналуын, олардың сипаты мен ерекшеліктерін, Қазақстан Республикасы азаматтарының қасиетті міндеті ретінде әскери қызметтің мәнін, әскери анттың, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жарғыларының негізгі талаптарын түсіндіру;
3) әскери бөлімдердің қару-жарағымен және әскери техникасымен, жеке құрамның орналасуымен және тұрмысымен таныстыру;
4) қажетті әскери білімдер мен практикалық дағдыларды алу; төтенше жағдайларда адамның тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздерін меңгеру мақсатында жүргізіледі.
Алғашқы əскери дайындық теориялық жəне практикалық сабақтарда іске асырылады:
1) теориялық сабақтар оқытудың дидактикалық материалдарын, техникалық құралдар мен инновациялық əдістерді қолдана отырып əңгімелеу жəне сұхбаттасу түрінде өткізіледі;
2) практикалық сабақтар қарулану жəне əскери-техникалық мүлікті, құралдарды жəне өзге де жабдықтарды қолдана отырып оқу материалын игеруге бағытталған.
4. Оқу бағдарламасының мазмұны мен құрылымы кіріспе сабақ, əскери істің негіздері бойынша тараулар, азаматтық қорғаныс жəне медициналық білім негіздерінен тұрады.
АӘД пәнін оқытудың мақсатары мен міндеттері:
-Жастардың Қазақстан Республикасы Коституциясының ережелерін оқып үйрену, мемлекеттік қорғаныс негізін білу. ҚР ҚК құрылымы, ерекшеліктері мен міндеттерін түсіндіру, ҚК қатарында қызмет атқару ҚР азаматтары үшін мақтаныш болуы керектігін, ҚР ҚК әскери Жарғысы, Антқа берік болу мен талаптарын түсіндіру;
-әскери бөлімшелердің қару жарақтарының түрлері мен әскери-техникаларын, жеке құрамдардың орналасуы мен тұрмыстық тіршілігімен танысу. Қазіргі өмір талаптарына сәйкес әскери білімдерін теориялық және практикалық тұрғыда біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру;
- ТЖ кезінде адамдардың өмірлеріне төнген қауіп пен қатерлерден сақтануды меңгеру;
- АӘД мен әскери-патриоттық тәрбиені біріктіру және т.б.
Осы мақсаттар мен міндеттерді іске асыру негізінде оқу мекемелерінде іс қағаздарын реттеу, бір жүйеге келтіру болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет