ЖҮРЕККЕЖАНАМА МАССАЖ ЖАСАУ Егер тыныс алуымен бірге адамның пульсі де жоқ болса, онда жүрекке жанама массаж жасау қажет.
Жанама немесе, мамандардың айтуынша жүректің жабық массажы немесе көкірек қуысының компрессиясы – адамның жүрегі тоқтап қалған кезде қан айналымын демеуге арналған, кеуде мен омыртқа арасында жүрек бұлшықетінің қысылуы. Бұл әрекет қарапайым реанимациялық шараға жатады.
!!!Жүректің жабық массажын адамның пульсі болған кезде жасауға тыйым салынады.
Реанимация – бұл организмді тірілту, тіршілік маңызды қызметін қалпына келтіруге алдымен тыныс алу және қан айналуын, ұлпаларды жеткілікті мөлшерде оттегімен қамтамасыз етуге бағытталған.
1. Тірілту бойынша шаралар кешіктірілмей басталуы қажет.
2. Оқиға болған жерге қарамай бастапқы іс әрекет аман алып қалу бойынша бірдей жүргізіледі, бұл жерде маңызды 2 міндетті әдісті орындау :
- Зардап шегушіні көлденең қатты жерге жатқызыңыз. Осы әдісті жұмсақ бетке орындау күткен әсерді бермейді, өйткені жұмсақ бет құтқарушының қимылдауымен серпіліп, жүректі қажетті қысуға мүмкіндік бермейді;
- Кеуде торының алдыңғы берін жалаңаштаңыз, белдігін босатыңыз.
3. Әрі қарай Питер Сафардың басшылығына сәйкес тірілту келесі кезеңдерден тұрады :
А ережесі. Жоғарғы тыныс жолдарының ерікті өткізгіштігін қамтамасыз ету.
В ережесі. «ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға » әдістері өкпенің жасанды вентиляциясы арқылы тыныс алуды жасанды қолдау.
С ережесі. Жүрекке массаж жасау арқылы қан айналымын жасанды қолдау.
А ЕРЕЖЕСІ. Науқасқа тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету
Бұл алғашқы реанимациялық шара, көбінесе барлық жүрек-өкпе жетістігін қамтамасыз етеді.
Тілдің артқа қарай түсіп кетуі, бөгде заттармен бітелуі – тыныс алу өткізгіштігінің бұзылу себептері болады. Ең жиі себеп – науқастың ес түссіз жағдайына жұтқыншақтың артқы қабырғасына қарай тіл түсіп кетеді. Осы жағдайда төменгі жақ сүйек пен мойын бұлшық еттерінің жиырылу қабілеті жоғалып, жұтқыншақтың артқы қабырғасына тілдің түбірін көтереді. Тіл өзінің ауырлығымен жұтқыншақтың артқы қабырғасына түседі және дем алған уақытында қақпаша сияқты ауаны өткізбеуі мүмкін.
Зардап шегушінің ауыз қуысын қарау.
Ауыз қуысында бөгде заттар (қан, шырын, құсық қоспасы, тамақ қалдықтары және т.б.) болса, онда ауыз қуысын және жұтқыншақты тазарту (босату) қажет:
- Зардап шегушінің басын оң жақ қырына бұрыңыз, сол қолдың үлкен саусақпен төменгі алдыңғы тістерді, ал 2(сұқ) саусақпен жоғары тістерді басыңыз;
- Аузын ашыңыз;
- Алмалы салмалы тістерін алыңыз;
- Оң қолдың 2 (сұқ) және 3 (ортаңғы) саусақтарын алдын ала орамалмен, сүткілермен немесе басқа матамен орап алып (бұл жоғарғы тыныс жолдарының толық ашылуына себепкер болады) немесе электросорғыш көмегімен ауыз қуысын мұқият түрде тазартыңыз;
- Зардап шегушінің өкпесіне 3-5 дем беруді жасап, кеуде торы экскурсиясы бойынша тыныс жолдарының өткізгіштігіне көзіңізді жеткізіңіз.