Бірінші рет қарау, зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету (бірінші кезекте, өмірлік маңызды органдарға төнген қауіпті анықтауға бағытталған) ол:
есін тексеру (ми жүйесі);
тынысын тексеру;
пульсін тексеру (жүректің жұмысын);
жедел жәрдем шақыру .
Есін тексеру - Зардап шегушінің есінен айырылмағанын анықтаңыз. - Егер ол қатты айқай, иығынан жұлқылау сияқты сыртқы тітіркендіргіштерді сезбесе, оны көмек көрсетуге келісті деп есептеңіз.
Жедел жәрдемді келесі кез келген жағдайларда шақыру керек:
ес-түссіз немесе ес деңгейінің өзгермелілігі;
тыныс алудағы қиындықтар (тыныс алудың қиындауы немесе болмауы);
үздіксіз ауру сезімі немесе кеудедегі қысымды сезіну;
пульстің болмауы;
көп қан кетуі;
іштің қатты ауыруы;
қан құсу немесе қанның бөлінулер (зәрмен, қақырықпен) шығуы;
улану;
сіңір тартылу, қатты ауыру немесе түсініксіз сөйлеу;
бастың, мойынның немесе арқаның жарақаты, сүйек сыну ықтималдығы.