Алғы сөз Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану


Қазақстандағы діни ахуалдың негізгі



Pdf көрінісі
бет8/11
Дата15.03.2020
өлшемі1,14 Mb.
#60207
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қазақстандағы діни ахуалдың негізгі 
бағыттары мен үрдістері
Қазақстандық  қоғамның  кейбір  топтарының  исламизмге  әуес-
тенуінің нәтижесінде Қазақстан Республикасының исламизмнен 
алыстатылу қажеттілігіне аса назар аударылып отыр. Жекелеген 
жағдайда, шенеунік бюрократтары мен бизнес-қауымдастықтың 
кейбір  орталарымен  бірлесе  отырып  салафияның  өсіп,  шарық-
тауына байланысты жүріп жатқан үрдістер көрініс табуда. 
12.  Қазақстандық  қоғамның  исламдану  үрдісіне  назар 
аудару  керек.  Сонымен  бірге  мемлекеттің  исламдануы 
жүріп  жатқан  жоқ.  Ол  өз  кезегінде  Қазақстанның  зайырлы 
сипатына  және  қазақстандықтардың  сақтық  әрекетіне  тіке-
лей байланысты болып келеді. Мемлекет ел зайырлығының 
кепілі болып қала береді, ал қоғам ислам қызметінің мәде-
ниет пен саясат саласында да кеңеюіне жағдай жасай алады. 
Дегенмен,  ислам  қызметінің  кеңеюі  Қазақстан  Республика-
сында  исламның  саясилануына  әкеліп  соқтырады.  Ол  өз 
кезегінде  исламдық  радикалдардың  мемлекеттік  саясатқа 
әсер  ету  мүмкіндіктерін  туғызады.  Бұл  жағдай  Қазақстан 
тұрақтылығының  мүддесіне сай келуі екіталай. 
13.  Саяси  көзқарастардың  жүйесі  ретінде  исламдық 
идеологияларға  тек  радикализм  ғана  емес,  сонымен  қатар 
тікелей қарама-қайшы қағидаттар мен құндылықтар: Аллаға 
сенім  білдіру,  оған  бағыну,  сабырлылық,  келісімге  келуге 
талпыну,  билікке  ниет  білдіру,  төзімділік,  бірыңғайлылық 
тиесілі  болып  келеді.  Біз  ислам  идеологияларын  радикал-
дардың беріп қоямыз, олар бұл идеологиялардың мазмұнын 
исламизмнің шегіне дейін жеткізді. Бірақ, исламдық идеоло-
гияларды  экстремистер  мен  террористерге  қарсы  күрестің 
идеялық-теориялық  базасына  айналдыруға  болады.  Осыған 
орай – имам Әбу Ханифаның іліміне сүйене отырып, ханафит-
тік  мазхабтың  суннистік  идеологиясын  талқылап,  зерттеу 
және оны исламдық радикалдардың тәжірибесі мен идеоло-
гияларымен күресуде пайдалану міндеті тұр. 
14. Орталық Азияның экстремистері мен террористерінің 
қолдарында  қалыпты  бағдарлама  жоқ.  Олар  сыни  көзқарас-
тарды білдіруде мықты болғанымен, конструктивті бағдарла-
маларды  іске  асырумен  ерекшелене  алмайды.  Қазақстан 

84
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды 
дамытудың өзекті мәселелері
Республикасы  мен  аймақтағы  ислам  білімінің  өсуіне  байла-
нысты  олардың  дәлелдемелерінің  әлсіздігі  айқын  біліне 
бастайды.  Оған  қоса,  қазіргі  таңда  халифат  идеясы  абстрак-
тілі  концепция  болып  келеді.  Бұл  идея  кеңінен  танымал 
болса  да,  бұл  аймақта  оны  ешкім  жүзеге  асыра  коймайды. 
Бірақ, исламисттер оны Орталық Азияда іске асырудың амал-
шараларын қарастырып жатыр. 
15.  Қазақстан  діни  бірлестіктерінің  уағыздарының 
мазмұнын  бақылаудың  әрекетті  формаларын  табу  керек. 
Қазіргі  таңда  бұл  бақылау  ресми  сипатқа  ие  болып  келеді. 
Конфессиялардың  басшылары  уағыздардың  ішкі  конфес-
сионалды  бақылауын  бірауыздан  қолдайды.  Бірақ,  бұл 
бақылаудың өлшемдері әлі де анықталған жоқ. Осы орайда, 
діни  уағыз  адамдардың  дүниетанымына  әсер  ететін  күшті 
амалдардың  бірі  болып  табылады.  Діни  бірлестіктердің 
басшыларына  түрлі  конфессиялардағы  адамдармен  жүргі-
зетін  сұхбаттарының  бітімгерлік  және  гуманистік  мазмұнын 
күшейтуді ұсыну қажет. 
16.  Бұқаралық  қолдаудың  жоқтығына  қарамастан,  ра-
дикалды  идеология  кейбір  Қазақстан  мұсылмандарының 
қызығушылығын  тудырады.  Мұндай  идеологияның  ізбасар-
лары  әділет  пен  теңдік  қағидаттарына  негізделген,  Құранды 
құрметтеген  мемлекетті  қалыптастыру  әдісін  қарастырады. 
Қазақстан  Республикасы  ислам  қауымдастығының  ресми 
басшыларын  радикалды  идеологияға  қатысты  дәлелдемелі 
сыни  көзқарастары  бар  баяндаманы  БАҚ-да  жариялауға 
міндеттеу  керек.  Рухани  сала  мен  Қазақстанның  исламдық 
қауымдастығында  бұл  идеология  әшкереленіп,  оның 
адамзатқа  қарсы  мәні  дәлелденбейінше,  оның  мәртебесіне 
қатысты  күмән  әрдайым  орын  алады.  Руханилықтың  мәні 
–  онда  күшті  дәлелдеу  жоқ,  тек  адамдардың  руханилығы  мен 
адамгершілігі ғана қабылданды.  
17. Қазақстандық қоғамды біріктіретін идеология қажет. 
Бұл  идеология  радикалды  діни  идеологияларға  қарсы  тұра-
тын  болады.  Діни  тұрғыдан  дәлелденген  экстремизм  мен 
терроризм қоғамдық көзқарастың қолдауы мен түсіністік біл-

85
Қазақстандағы діни ахуалдың негізгі 
бағыттары мен үрдістері
діруі  арқылы  ғана  өмір  сүре  алады.  Толық  әлеуметтік-саяси 
оқшаулану жағдайында олар жеңіліс табады.  
18.  Ресеймен  салыстыратын  болсақ,  Қазақстандағы  пра-
вославие  саяси  тұрғыдан  белсенді  емес.  Бірақ,  Қазақстан 
Республикасының  тұрақтылығын  қолдауда  қиын  да  ауыс-
тырмалы  рөлі  бар.  Қазақстанда  православиенің  азаюы 
ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  қолдауына  қарамастан 
мемлекетке кері әсерін тигізеді, мұндай үрдіс қазірдің өзінде 
көрініс тауып жатыр. Бұл орайда, ұлттық орыс бірлестіктері 
мен  қауымдастықтарының  танымал  еместігінен,  Қазақстан 
Республикасындағы  ОПШ  Митрополиялық  округі  белгілі 
бір деңгейде «орыс тілділердің» әлеуметтік-саяси сұрақтарын 
шешуге  бел  буу  керек.  Бұл  үрдіс  қазірдің  өзінде,  болып 
жатқанмен, сирек жүргізілуде. 
19.  Қазақстанда  конфессияаралық  келісімді  сақтап  қалу 
үшін  дінаралық  сұхбатты  дамыту  қажет.  Бұл  өз  кезегінде 
ҚР-ның  ішкі  саясатына  жағымды  әсерін  тигізіп  қана 
қоймай,  Қазақстанның  сыртқы  саясатының  тиімділігін  де 
көтереді. Өйткені, өркениетаралық сұхбаттың діни жағы өте 
маңызды,  дін  бұл  сұхбаттың    құрамдас  бөлігі  болып  қана 
қоймай,  өркениетаралық  сұхбаттың  да  негізін  құрайды.  Ал 
өркениетаралық сұхбат – уақыт талабы. 
Қазақстан  Республикасы    бұрыннан  бері  қалыптасқан 
және  жаңадан  пайда  болған  мәдениетаралық  және  өрке-
ниетаралық  сұхбаттарға  кеңінен  қатысып,  олардың  жүргі-
зілуіне  өз  ынтасын  білдіруі  қажет.  Мұндай  бастаманың 
артықшылықтары айдан анық – осындай сұхбаттарға қатыса 
отырып,  Қазақстан  өзінің  халықаралық  мәртебесін  көтеріп, 
әлемдік  қауымдастықтың  сеніміне  кіреді.  Қазіргі  таңда  мұн-
дай әрекеттің маңызы зор – әлем қатал, басқыншылық және 
өнімсіз  геосаясаттан  (әлемдік  қауымдастықтың  мүддесіндегі) 
шаршады. Сондықтан, өркениетаралық сұхбатқа қатысты кез 
келген ашық және әділетті ұсыныстар қолдау табады. 
ҚР-ның  әкімшілігі  өз  кезегінде  дамыған  мемлекеттердің 
қатарына кіру үшін инновациялық даму аздық ететінін біліп, 
жаңа халықаралық бастамаларды ұсыну керек екенін түсінеді. 

86
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды 
дамытудың өзекті мәселелері
Бұған  ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  аймақтық  бітімгер-
лік бастамалары мысал бола алады. Қазақстан өркениетаралық, 
мәдениетаралық  және  дінаралық  сұхбат  саласында  жүзеге 
асырылуы мүмкін ұсыныстарды бере алады. Әлемдік және дәс-
түрлі  діндер  басшыларының  төрт  Съезін  өткізудің  тәжіри-
бесі,  «Үшінші  корзина»  саласында  бастама  көтерген  ЕКЫҰ-
ға  төрағалық  ету,  ИЫҰ  (Ислам  Ынтымақтастығы  Ұйымы) 
сыртқы істер министрлігінің Кеңесінде төрағалық ету – осы-
ның  барлығы  Қазақстанның  аталған  сұхбаттарға  белсенді 
қатысуына мүмкіндік береді. 
20.  Мәдениет  Министрлігі  мен  Білім  және  ғылым 
министрлігіне  діни  мамзұндағы  өркениетаралық  сұхбаттың 
қазіргі  жағдайын  зерттей  отырып,  осы  сұхбаттың    дамуы 
бойынша  қазақстандық  ұсыныстарды  жасау.  Мұны  жүзеге 
асырудың  қолайлы  кезеңі  туып  отыр:  2000  жылдың  басында 
ұсынылған  ірі  бастамалардың  бірқатары  сәтсіздікке  ұшы-
рап, сұхбат жасай алмады. Сол себептен қазіргі уақытта жаңа 
ұсыныстардың түсетініне кәміл сенеміз. 

87
Қазақстандағы діни ахуалдың негізгі 
бағыттары мен үрдістері
3. ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ «ДІНИ ҚЫЗМЕТ 
ЖӘНЕ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР ТУРАЛЫ» 
ҚР ЗАҢЫНА ҚАТЫНАСЫ

88
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды 
дамытудың өзекті мәселелері
2012  жылдың  сәуір  айында  ҚР  БҒМ  ҒК  Философия, 
саясаттану  және  дінтану  институты  «Діни  қызмет  және  діни 
бірлестіктер  туралы»  ҚР  Заңының  қабылдануына  қатысты 
халықтың заңға берген бағасын анықтау үшін зерттеу жұмы-
сын жүргізді. 
Ғылыми зерттеу жүргізудің мақсаты – 2011 ж. қазанда 
қабылданған  «Діни  қызмет  және  діни  бірлестіктер  туралы» 
ҚР  Заңының  өзектілігі  мен  елдегі  діни  жағдайға  ықпал  ету 
мүмкіндігін бағалауға қатысты қоғамдық пікірді өлшеу. 
Көзделген мақсатты жүзеге асыру үшін келесі міндеттер 
қойылды:
- халықтың Заң қабылданғандығы жөнінде ақпараттылық 
деңгейін анықтау;
-  халықтың  жаңа  «Діни  қызмет  және  діни  бірлестіктер 
туралы» ҚР Заңын қолдау деңгейін анықтау;
- Заңның аса маңызды нормаларына қатысты қазақстан-
дықтардың қатынасын зерттеу;
- халықтың түрлі әлеуметтік-демографиялық топтарының 
арасында Заңды қабылдауға қатысты айырмашылықтары мен 
ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу барысында мәліметтер жинау мақсатында сауал-
нама  түрінде  сұрақ  қою  әдісі  қолданылды.  Респонденттерге 
жабық сұрақтар берілген сауалнама ұсынылды. Сауалнамаға 
қатысушылар  діни  іс-әрекет  туралы  заңнаманы  дамытуға 
бағытталған  жалпыланған  ұсыныс  ретінде  өздерінің  пікірін 
білдіруге мүмкіндік алды. 
Зерттеу жұмысы репрезентативті іріктеу арқылы жүргі-
зілді,  бұл  өз  кезегінде  құнды  және  сенімді  деректерді  алуға 
мүмкіндік  берді.  Іріктеу  тобы  (18  жастан  асқан)  жынысына, 
жас  шамасына,  ұлтына,  білім  деңгейіне,  сонымен  қатар 
тұрақты  мекеніне  байланысты  Қазақстан  Республикасының 
азаматтарын қамтыды. 
Іріктеу жиынтығының көлемі – 3000 респондент.
Жиынтық  құрылымының  географиясы:  сауалнама 
Қазақстан Республикасының барлық облыстарында, сонымен 

89
Қазақстан халқының «Діни қызмет және діни 
бірлестіктер туралы» ҚР Заңына қатынасы
қатар  Астана  және  республикалық  маңызы  бар  Алматы 
қалаларында жүргізілді. 
Іріктеу қателігі ±1,84%-ды құрайды. 
Респонденттерді іріктеу кездейсоқ және көпсатылы ірік-
теу арқылы жүргізілді. 
Мәліметтерді жинау ҚБ «Демократия институты» ғылыми-
зерттеу  Ассоциациясы»  –  әлеуметтік-демографиялық  пара-
метрлер талаптарына сай іріктелген білікті сауалнамашылар 
арқылы жүзеге асырылды (халықтың орта тобына жататын 18 
жастан асқан әйел адамдар).
Зерттеу жұмысын жүргізу мақсатында «Демократия инс-
титуты»  ҒЗА  қажетті  әдіс-тәсілдерді:  сауалнама,  маршрутты 
қағаздар, нұсқауларды ұйымдастырды.
* * *

90
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды 
дамытудың өзекті мәселелері
3.1. «ДІНИ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР 
ТУРАЛЫ» ҚР ЗАҢЫНЫҢ ҚАБЫЛДАНУЫ 
2011  жылы  Қазақстанда  тәуелсіздікті  алғаннан  бергі  20 
жыл бойы билік дайындауға тырысып келген Заң қабылданды. 
1992 жылы қабылданған «Діни сенім мен Діни ұйымдар» заңы 
қазіргі  «Діни  қызмет  және  діни  бірлестіктер  туралы»  жаңа 
заңға  ауыстырылды.  Қазақстан  діни  саланы  реттеу  жүйесін 
толықтай жаңартуға мүмкіндік алды. 
Жаңа заңды қабылдау халық арасында елеусіз қалған жоқ. 
Жалпы  алғанда,  азаматтардың  жаңа  заң  қабылданғандығы 
жөнінде ақпараттылығы 61,5%- ға жетті (диаграмма 1).
Диаграмма 1
«Сіз Қазақстанда 2011 жылы «Діни қызмет және діни 
бірлестіктер туралы» жаңа заң қабылданғаны жөнінде 
білесіз бе?» деген сұраққа алынған жауаптар бөлінісі
Шамамен,  қазақстандықтардың  төрттен  бір  бөлігі 
жаңа  Заңның  қабылданғандығы  жөнінде  білетіндіктерін 
Иә
26,4%
Бірдеңе 
естідім 
35,1%
Жоқ
38,5%

91
Қазақстан халқының «Діни қызмет және діни 
бірлестіктер туралы» ҚР Заңына қатынасы
сенімді  түрде  айтады,  респонденттердің  үштен  бір  бөлігі  – 
35,1%  «бірдеңе  естідім»  деп  жауап  берсе,  діни  іс-әрекетке 
қатысты  жаңа  заңнаманың  қабылдануы  жөнінде  білмейтін 
респонденттердің саны 38,5% құрайды.
Жас  шамаларына  қарай  бөлінген  респонденттер 
жауаптарын  талдау  бірқатар  ерекшеліктерді  анықтауға 
мүмкіндік  береді  (диаграмма  2).  Аса  ақпараттандырылған 
жас  шамасындағы  топ  46  дан  60  жасқа  дейін  (30,5%),  ең  аз 
ақпараттандырылған топ – 18 ден 29 жасқа дейін (22,2%). Сәй-
кесінше,  жаңа  заң  туралы  мәлімет  беру  жұмысы  жастарға 
бағытталуы тиіс.
Диаграмма 2
Респонденттердің жас шамасы бойынша «Діни қызмет 
және діни бірлестіктер туралы» жаңа заң қабылданғаны 
жөнінде білесіз бе?» деген сұраққа берген жауаптар 
бөлінісі (%)
Респонденттердің  этникалық  топтар  бойынша  жауап-
тарында  ерекшеліктер  бар  (диаграмма  3).  Жаңа  заңның 
қабылданғаны  жөнінде  ең  аз  ақпараттандырылған  орыс 
 
22,2
 
26,8
 
30,5
 
26,2
 
36,7
 
34,2
 
34,8
 
34,8
 
41,1
 
39
 
,0
 
34,7
 
39
 
,0
 
0
 
20
 
40
 
60
 
80
 
100
 
18бен 29 жас  
аралығындағы 
30бен 45 жас  
аралығындағы 
46бен 60 жас  
61 жастан және 
үлкен 
Иә 
Бірдеңе естідім 
Жоқ 
аралығындағы 

92
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды 
дамытудың өзекті мәселелері
этносының  өкілдері  болып  шықты:  43,1%  респондент  өз-
дерінің  білмейтіндігін  көрсетсе,  тек  21,5%  ғана  ҚР  Заңының 
қабылданғаны жөнінде білетін болып шықты. 
Өзге  этникалық  топтардың  өкілдері  көбірек  ақпарат-
тандырылған:  бұл  топ  респонденттерінің  30,8%  ҚР  Заңының 
қабылдануын білетін болып шықты. 
Диаграмма 3
Респонденттердің этникалық топтары бойынша 
«Сіз Қазақстанда 2011 жылы «Діни қызмет және діни 
бірлестіктер туралы» жаңа заң қабылданғаны жөнінде 
білесіз бе?» деген сұраққа берген жауаптар бөлінісі (%)
Сөзсіз  жаңа  заңға  көбірек  қызығушылық  танытқан 
сарапшылар  болды.  Сол  себептен  де  ғылыми  деңгейлері 
бар  респонденттер  ең  көп  ақпараттандырылған  топ  болып 
табылды  –  34,9%  (диаграмма  4).  Олардан  жоғарғы  білім 
алған  респонденттер  –  31,2%-ды  құрап,  сәл  артта  қалады. 
Өзге  білім  дәрежелеріне  сай  топтар  жаңа  заң  жөнінде  аз 
ақпараттандырылған  болып  шықты.  Мәселен,  жоғарғы 
білімі  жоқ  топтың  ақпараттылық  көрсеткіші  21,9%  құрайды 
немесе  ғылыми  дәрежелері  бар  топтармен  салыстырғанда 
 
Басқа ұлттар 
27,9
 
21,5
 
30,8
 
35,9
 
35,4
 
29,9
 
36,2
 
43,1
 
39,3
 

20 
40 
60 
80 
100 
Қазақтар 
Орыс 
Иә 
Бірдеңе естідім 
Жоқ 

93
Қазақстан халқының «Діни қызмет және діни 
бірлестіктер туралы» ҚР Заңына қатынасы
үштен  біріне  аз.  Орта  кәсіби  білімі  бар  респонденттердің 
ақпараттандырылған  көрсеткіші  әлде  қайда  жоғарырақ  – 
27,6%, дегенмен, жоғарғы білімі бар топтан кем болып келеді. 
Ең төмен көрсеткішті орта білімі толық емес респонденттер – 
17,6% көрсетсе, орта білімі бар респонденттер – 20,2% құрайды.
Диаграмма 4
Білім деңгейі бойынша «Діни қызмет және діни 
бірлестіктер туралы» жаңа заң қабылданғаны жөнінде 
білесіз бе?» деген сұраққа берген жауаптар бөлінісі (%)
Зерттеу  жұмысы  көрсетіп  отырғандай,  Заңның  қабыл-
дануы  жөнінде  ақпараттылылық  деңгейі  респонденттің  дін-
дарлық деңгейіне байланысты болып шықты. Ең көбірек хабар-
дар  болған  респонденттер  өздерін  діндар  деп  анықтайтын 
немесе сенушілер санатына қосатын азаматтар болып шықты, 
олардың  Заң  туралы  ақпараттылығы  –  55,9%-ды  құрайды 
(диаграмма 5). Сауалнаманың сенбейтіндер тобына жататын 
қатысушылардың  (діндар  еместер  және  дінге  сенбейтіндер) 
41,3% бұл сұраққа жағымды жауап берді. 
 
34,9
 
31,2
 
21,9
 
27,6
 
20,2
 
17,6
 
29,1
 
36,9
 
46,5
 
35,7
 
26,9
 
32,4
 
36
 
,0
 
31,9
 
31,6
 
36,7
 
52,9
 
50
 
,0
 

20 
40 
60 
80 
100 
Жоғары дәрежесі бар 
Иә 
Бірдеңе естідім 
Жоқ 
Жоғары  
Аяқталмаған жоғары 
Арнайы орта кәсіби білім 
Жалпы орта 
Аяқталмаған орта 

94
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды 
дамытудың өзекті мәселелері
Өздерінің  діндар  адам  статусына  қатысты  позициясын 
нақты анықтай алмаған азаматтардың ақпараттылық деңгейі 
ең төмен көрсеткішке, яғни – 17,2% -ға ие болды.
Диаграмма 5
Діндарлық деңгейі бойынша «Діни қызмет және діни 
бірлестіктер туралы» жаңа заң қабылданғаны жөнінде 
білесіз бе?» деген сұраққа берген жауаптар бөлінісі (%)
Респонденттердің Заң туралы ақпараттылық деңгейі олар-
дың  тұрақты  мекен  жайына  байланысты  туралы  заңдылық 
анықталды (диаграмма 6).
Зерттеу  жұмысының  нәтижелері,  Заң  туралы  білеміз 
немесе  бір  нәрсе  естідік  деген  негізгі  массаның  орталық 
қалаларда  мекен  ететіндігін  анықтады.  Мәселен,  Алматы 
қаласында Заң туралы білеміз немесе естідік деген көрсеткіш 
67,3% құраса, Астана бойынша бұл көрсеткіш – 69,1%. Ауылды 
жерлерде бұл көрсеткіш әлдеқайда төмен – 60,1% құрайды. 
30,7
25,2
18,0
23,3
17,2
35,1
34,7
42,4
25,4
39,8
34,2
40,2
39,6
51,3
43,0
0
20
40
60
80
100
Иә, діндармын
Дәлірегі діндармын
Дәлірегі діндар емеспін
Жоқ, діндар емеспін
Жауап беруге қиналамын
Иә
Бірдеңе естідім
Жоқ

95
Қазақстан халқының «Діни қызмет және діни 
бірлестіктер туралы» ҚР Заңына қатынасы
Диаграмма 6
Елді мекен түрі бойынша «Діни қызмет және діни 
бірлестіктер туралы» жаңа заң қабылданғаны жөнінде 
білесіз бе?» деген сұраққа берген жауаптар бөлінісі (%)
Сонымен  қатар,  Заң  туралы  ақпараттылықтың  жақсы 
көрсеткіші кіші қалаларда (32,5%) екендігін атап өту қажет, бұл 
Алматы және Астана қалаларындағы көрсеткіштен жоғары. 
Аймақтар  бойынша  ҚР  жаңа  Заңының  қабылданғаны 
жөнінде  ең  көп  ақпараттандырылған  деңгейді  көрсеткен 
Оңтүстік  Қазақстан,  Қарағанды,  Қызылорда,  Шығыс 
Қазақстан  және  Ақтөбе  облыстары  болып  шықты.  Ақпа-
раттылық  деңгейі  бойынша  төмен  көрсеткіштерді  Солтүс-
тік  Қазақстан,  Маңғыстау,  Павлодар,  Жамбыл,  Алматы 
облыстары көрсетті (кесте 1). 
 
25,8
 
27
 
,0
 
24,3
 
32,5
 
23,9
 
43,3
 
40,3
 
34,8
 
29,7
 
36,2
 
30,8
 
32,7
 
40,9
 
37,7
 
39,9
 

50 
100 
Басқала 
Республикалық дәрежедегі қала 
Облыс орталығы 
Кішігірім қала 
Ауыл 
Иә 
Бірдеңе естідім 
Жоқ 

96
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды 
дамытудың өзекті мәселелері
Кесте 1
Аймақтар бойынша «Сіз Қазақстанда 2011 жылы 
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа заң 
қабылданғаны жөнінде білесіз бе?» деген сұраққа берген 
жауаптар бөлінісі (%)
Облыстар
Иә 
Бірдеңе естідім
Жоқ
Алматы
27,0
40,3
32,7
Астана
25,8
43,3
30,8
Оңтүстік Қазақстан
39,8
35,7
24,5
Қостанай
19,4
31,7
48,9
Шығыс Қазақстан
32,0
38,3
29,7
Ақтөбе
30,7
34,0
35,3
Маңғыстау
5,6
27,8
66,7
Атырау
17,8
50,0
32,2
Батыс Қазақстан
24,2
46,7
29,2
Солтүстік Қазақстан
7,5
16,7
75,8
Ақмола
26,0
48,7
25,3
Павлодар
16,0
24,7
59,3
Қарағанды
38,1
33,3
28,5
Қызылорда
35,6
33,3
31,1
Жамбыл
11,7
34,2
54,2
Алматы облысы
20,0
27,3
52,7

97
Қазақстан халқының «Діни қызмет және діни 
бірлестіктер туралы» ҚР Заңына қатынасы
3.2. «ДІНИ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР 
ТУРАЛЫ» ҚР ЗАҢЫНЫҢ БАҒАЛАНУЫ
Тәуелсіздік жылдарында діни салада көптеген мәселелер 
орын  алды,  сондықтан  да  жаңа  Заң  көпшілік  қауымды 
немқұрай қалдырмады. 
Респонденттердің  тек  7,8%  ғана  Заңның  қабылдануына 
қызығушылық  білдірмедік  деп  жауап  берді.  Сауалнамаға 
қатысушылылардың  осындай  пайызы  Заңға  қатысты  теріс 
пікірлерін  білдірді.  Респонденттердің  басым  көпшілігі, 
шамамен – 81% Заң туралы оң пікір білдірді (диаграмма 7). 
Диаграмма 7
«Сіз Заңды қалай бағалар едіңіз?» деген сұраққа берілген 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет