Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы- мы пән



Pdf көрінісі
бет67/133
Дата03.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#170897
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   133
Байланысты:
Ә,Алдамұратов Жалпы психология

хроматикалық
(қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін),
ахроматикалық 
яғнн 
бояусыз 
(ақ, қара және барлык сұр түстер) болып екіге бөлінеді. Хроматикалык түстер үш түрлі
сапамен (түстің ашық болуы, реңкі, қоюлығы), ахроматикалық, түстер тек ашық болуымен ғана ажыратылады. Түстің
ашық болуы -” түстердің кара түстен айырмашылық дәрежесі. Мәселен, ак түс — ең, жарык түс, қара түс жарықтығы ең
108


төменгі түс болып саналады. Түстердің, өңі дегеніміз — бір түстің екінші түстен өзіндік ерекшелігін көрсететін сапасы.
Түстің қоюлығы — жарықтығы бірдей сұр түстерден жеке түстердін айырмашылығы. Ең кою түс — қызыл түс.
Көру мүшесі — көз. Онын, негізгі бөлімі — көз алмасы (20-сурет). Көз алмасының ішкі ортасын толтырып тұрған
мөлдір қоймалжың зат — шыны тәрізді дене. Екі бүйірі-нен қысылғандай ұзарыңқыраған шар тәрізді көз алмасын
қоршап тұрған үш қабық бар. Сыртқы қабықты ақ қабық деп атайды.
20сурет. Көз алмасыныя құрылысы.
1 - кірпікті дене, 2 — нұрлы қабық 3 — ылғал сұйықтығы, 4— 5— көру осі, 6 — қарашық, 7 — қасаң кабықша, 8
— көз бұршағына бекітетін байлам, 9 — коньюнктив, 10—көз бұршағы, 11— шынылы дене, 12—дәнекер тканьді
қабықша, 13 — тамырлы қабық, І4 - - тор қабық, 15 — ортағы ойыс. 16 — соқыр дақ, 17— көру нервісі.
Ақ қабықтың алдыңғы жағы дөңестеніп қалың қабыққа (роговяда) айналады. Көздің торлы қабығына (сетчатка)
жарық сәулесі осы қасаң қабық арқылы өтіп отырады, Сыртқы ақ
!
қабықтыц астыңғы екінші қабығы — тамырлы
қабық.; Тамырлы қабықтың алдыңғы бөлігі нұрлы қабық деп
'
аталады. Көздің түсі осы нұрлы қабықтағы пигментке
(бояуына) байланысты түрліше болып келеді. Нұрлы қабықтың ортасында қарашық орналасқан. Торлы қабықта жарық
сәулесінің сезімтал таяқшасы (палочка) және шақша (колбочка) деп аталатыи фоторецепторлары орналаекан, Онда 130
млн-ға жуық таяқша, 7 млндай шақша клеткалары бар. Таяқшалар ымыртта, қараңғыда көрудің, ал шақшалар күндіз
көрудің аппараты делінеді, Шақшалар торлы қабықтың ортасына, ал таяқшалар оныңд шеткі жағына орналасқан.
Таяқша клеткаларында көру пурпуры деген зат болады, бұл жарық әсерінен химиялық жолмен бөліну арқылы көру
жүйкелерін қоздырып отырады. Редептор құрылысынан табылған пигменттер көп. Солардан жақсырақ зерттелгендері —
109


таяқша пигменті — родопсин, шақша пигменті — иодопсин. Көру мүшесі үшін көмекші анатомиялық аппараттар да
(бездер, қабық, кірпік, кас т. б-) тиісінше түрлі кызметтер атқарады,
Заттардын түстерін көру “үш түс теориясы” деп аталатын теорияға негізделеді. Бұл теорияны алғаш 1756 жылы
ұлы орыс ғалымы М. В. Ломоносов ашқа болатын. 100 жылдан кейін оның көзқарасьш неміс ғалымы Г. Гельмгольц
жақтап шықты, Бұл теория бойынша көздің тор қабығында үш түрлі жұмыр клеткал бар, олар жарық сәулелері-нің
әсерін түрліше сезінеді. Егер көзге ұзын толқынды сәуле әсер етсе, онда бірін жұмыр клеткалар қозу күйінде келеді де,
осының нә- жесінде адам қызыл түсті түйсінеді, екінші жұмыр келткалар қозса, онда жасыл түсті түйсіну пайда болады.
Ал үшінші жұмыр клеткалардың қозуы күлгін түсті түйсінуге мүмкіндік береді. Осы үш жұмыр клетка қатар қозатын
болса, адам ақ түсті түйсінеді, ал бұлардың қозу күші түрліше болса, аралық түстерді түйсінеді (2» сурет).
21-сурет. 
Тустерді көру теориясының сызба кескіні
Көру талдағышында ми қабығындағы көру орталықтары айрықша рөл атқарады. Көру орталықтары мидың желке
тұсында орналасқан (І9-суретті қараңыз)- Көз алмасында сыртқы әсерлерден пайда болған қозу осы орталықтарға
жеткенде ғана көру пайда болады. Шындықты жоғары деңгейде талдау мен біріктіру талдағыштардың осы бөлімінде
өтіп жатады.
Көру жүйкссінің торлы қабықта байланысқан жерін соқыр дақ деп атайды (22 сурет).
+
22-сурет 
Соқыр таңбаны табу
110


 Торлы қабықтың бұл жерінде сезгіш элементтер кездеспейді, егер, де қарап тұрған заттың сәулесі дәл сол жерге
түссе, адам ештеңе көре алмайды. Мұны қарапайым тәжірибе жасап көрсетуге болады: 22-суретті қашықтығы 25—30
см. жерге қойып, сол көзді жұмьш, оң көзбен дөңгелекке қарап тұрып, сурстті ілгері, кейін жылжытсақ кәрініптұрған- оң
жақтағы дөңгелек бір кезде көрінбей қалады. Себебі, дөңгелектің сәулесі соқыр даққа түседі. Қағазды алыстата,
жақындата қозғап тұрғанда, дөңгелек жоқ болып кетеді.
Қасаң қабықтың сезгіштік күші — сары дақ, ондағы шақшалардың жиналған жері — орталық шұңқыр деп аталады
Адам көру үшін қарап тұрған объектісінін сәулесін сары даққа түсіруге тырысады. Ол үшін көзімізді ылғи қозғай
береміз, сөйтіп, заттың барлық бөлшектерін бейнелеп аламыз. Затты айқын көру үшін көзімізді бір нүктеге бағыттау
керек. Бұл заңдылыкты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет