«Алгебра» пәні бойынша қорытынды аттестаттау спецификациясы


Критериалды бағалау жүйесімен байланысы



бет2/7
Дата03.01.2022
өлшемі185,42 Kb.
#108429
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Емтихан Алгебра 9 класс каз (1) (1)

1.2 Критериалды бағалау жүйесімен байланысы

Қорытынды аттестаттау критериалды бағалау жүйесінің бөлігі болып табылады, осы жүйеге қалыптастырушы бағалау және ішкі жиынтық бағалау кіреді.




2 Емтихан жұмысының сипаттамасы


Емтихан жұмысы екі бөлімнен тұрады: А бөлімі бір дұрыс жауабы бар көп таңдауды қажет ететін сұрақтардан, B бөлімі қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтардан тұрады.


Орындау уақыты

2 сағат

Емтихан жұмысы екі бөлімнен тұрады.

А бөлімі бес ұсынылған жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдауға берілген 10 тапсырмадан тұрады. Әр тапсырма 1 балмен бағаланады.

B бөлімі 8-10 қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтардан тұрады. Тапсырмалар 2-8 балл аралығында бағаланады.

Оқушылар математикалық құралдарды қолдана алады: сызғыш және циркуль.

Калькуляторды пайдалануға рұқсат етілмейді.


Барлығы 50 балл



2.1 Бағалау міндеттері (БМ)


1-БМ

Математикалық тәсілдер

Білім алушылар математикалық фактілерді, ұғымдарды және тәсілдерді қайта жаңғырта, таңдай және қолдана білуі керек.



2-БМ

Математиканы қолдану

Білім алушылар:



  • есепті шығару кезінде тиімді тәсілдеме таңдауды және қолайлы әдіс қолдануды (көпсатылы есептерді қоса алғанда) білуі;

  • математикалық әдіс-тәсілдерді қолданып және мәнмәтінге сәйкес шешімдерін түсіндіре отырып, жағдаяттардың математикалық моделін құра (өмірдегі жағдайаттарды қоса алғанда) білуі;

  • шешімді ұсыну және математикалық тұжырымдарды дәлелдеу үшін логикалық аргументтерді пайдалана білуі;

  • сәйкес математикалық символика және жазбаларды қолданып, шешімдерді ұсыну және аргументтер келтіре білуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет