«Алгебра» пәні бойынша қорытынды аттестаттау спецификациясы


Емтихан жұмысына балл қою және баға беру процесі



бет4/7
Дата03.01.2022
өлшемі185,42 Kb.
#108429
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Емтихан Алгебра 9 класс каз (1) (1)

4 Емтихан жұмысына балл қою және баға беру процесі

Емтихан жұмысы үшін балл қою процесін ұсынылған балл қою схемасының негізінде аттестаттау комиссиясы жүзеге асырады.

Білім алушыларға қойылған балдарды бағаға айналдыру шәкіліне сәйкес бағаға аударылады.


Емтихан жұмысының балдары

Балдардың проценттік құрамы, %

Баға

0-19

0-39

2 (қанағаттанарлықсыз)

20-32

40-64

3 (қанағаттанарлық)

33-42

65-84

4 (жақсы)

43-50

85-100

5 (өте жақсы)



5 Бағалар сипаттамасы

Негізгі бағалардың сипаттамасы оқушылардың мүмкіндік деңгейін анықтайтын белгілі бір стандарт жөніндегі жалпы түсінігін қалыптастыру үшін беріледі. Іс жүзінде оқушыға берілген баға оның тапсырмаларды қалай орындағанына байланысты болады.




Баға

Сипаттама

5

Білім алушы пәнді өте жақсы білетінін және түсінетінін көрсетеді.

Білім алушының оқу бағдарламасына енгізілген математикалық амалдарды қолдануда құзыреттілігі бар. Берілген жағдайға байланысты қажетті әдіс-тәсілді таңдай алады. Білім алушының арифметикадан жақсы білімі бар, сонымен қатар дәл есептеулер жүргізе алады. Білім алушы белгілі және белгісіз мәнмәтінде, соның ішінде көпсатылы есептер шығаруда тәсілдерді дұрыс пайдаланады.

Білім алушы есеп шығару кезінде математикалық тұрғыдан жақсы ойлайды және математикалық тәсілдерді таңдау себебін нақты негіздей алады.


4

Білім алушы пәнді жақсы білетінін және түсінетінін көрсетеді.

Білім алушының оқу бағдарламасына енгізілген көптеген математикалық тәсілдерді қолдануда құзыреттілігі бар. Берілген жағдайға байланысты қажетті әдіс-тәсілді таңдай алады. Оқушының арифметикадан жақсы білімі бар. Білім алушы белгілі мәнмәтіндегі есептердің, соның ішінде көпсатылы есептердің көпшілігін шығаруда өз білімдерін қолданады. Өз шешімдерінде білім алушы математикалық дәлелдемелер пайдаланады. Шешім табу үшін тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланады және шешімдері қаншалықты шындыққа негізделгенін тексереді.



3

Пән бойынша базалық білім көрсетеді. Білім алушының оқу бағдарламасына енгізілген кейбір математикалық тәсілдерді қолдануда құзыреттілігі бар. Білім алушы стандартты арифметикалық есептеулер, алгебралық түрлендірулерді орындай алады. Білім алушы типтік есептерді шешуде өз білімдерін қолданады. Кей жағдайларда қарапайым есептерді шешу барысында қолайлы математикалық тәсілдерді анықтап, оларды шешім табу үшін қолданады. Кейбір жағдайларда өздерінің жауаптарын мәнмәтінге сәйкес түсіндіреді.

2

Білім алушының пән бойынша базалық білімі жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет