1.4 Деректер типтері
Python-да деректердің бірнеше типі бар. Біз әр типті бөлек қарастырамыз.
Бірақ, көп жағдайда бір түрмен жұмыс істеу жеткіліксіз, себебі күрделі
жобаларда деректердің бір түрінен басқаларына ауысу қажеттілігі пайда
болады.
Ең алдымен, сандарды қарастырайық. Python-да сандардың екі типі бар:
ŸInteger” – бүтін сан, және ŸFloat” – бөлшек сандар (нүктемен жазылады). Бүтін
сандар арқылы, мысалы адам санын белгілеуге болады, ал бөлшек сандар
арқылы, салмақты белгілеуге болады.
Бүтін сандарға мысалдар келтірсек: people = 150, num = 1, population =
2000000. Бөлшек сандарға мысалдар келтірсек: weight = 50.5, float_num = 1.5,
gpa = 4.9 .
Келесі тип – мәтінді жолдар. Python-да дара немесе қос тырнақшаға
алынған кез-келген мәтін үзіндісі мәтінді жол болып табылады. Мәтінді жолдар
әріптерден, символдардан, цифрлардан, бос орындардан, нүкте және үтір
белгілерінен тұра алады. Мәтінді жолдарға мысалдар келтірсек: a = ŸCoding is
fun!”, string = ‘String’, letters = ‘abc’, nums = ‘123’, symbol = ‘a’. Осындай
айнымалыларды құрғанда, мәтінді жолдарды әрқашан тырнақшаларға алуға
ұмытпаңыз!
20
Келесі деректер типі – логикалық деректер типі немесе Буль
айнымалылары. Осы айнымалылардың мәндері әрқашан не ақиқат (True), не
жалған (False) болады. Екі сөз де бас әріппен жазылады.
Деректер типін анықтау үшін type() функциясы қолданылады. Мысалы,
print(type(24)) командасын терсек, экранға мәні шығады (int – integer, яғни 24 –
бүтін сан). Осы функция арқылы басқа деректердің типтерін анықтап
көріңіздер.
Python-да деректердің әртүрлі типтерін бірге араластыруға да болады.
Егер біз код жазуда әртүрлі деректер типтерін түрлендірмей, бірге қолдансақ,
қате пайда болады. Мысалы, мәтінді жол мен бүтін санды араластырып көрейік.
Apple = ‘3’ және num = 1 айнымалыларын алайық. Оларды бірге араластыру
үшін келесі команданы жазу керек: print(int(Apple) + num). Яғни, бұл жағдайда
біз int() функциясы арқылы ‘3’ мәтінді жолын 3 санына айналдырдық.
Ал, сандарды мәтінді жолдарға айналдыру үшін, str() функциясын
қолдану қажет. Мысалы, print(str(1) + ‘2’). Бұл жағдайда, экранға 12 мәні
шығады, себебі мәтінді жолдар бір-біріне сандар сияқты қосылмай, оңай тілмен
айтқанда, бір-біріне кілейленеді. Яғни, бұл жағдайда, ‘1’ мен ‘2’ бір-біріне
әріптер сияқты қосылып кетті. Одан басқа, Python-да float() (бөлшек сандарға
айналдыру үшін) және bool() (сандарды True немесе False айнымалыларына
айналдыру үшін, 0 – False, 1 мен қалған сандар – True) функциялары бар.
Айнымалылар
Бағдарламалауда біз айнымалыны қорапша ретінде қарастыра аламыз.
Бұл қорапшаның ішіне біз әртүрлі мәндерді енгізе аламыз. Мәндер ретінде
бүтін немесе бөлшек сандар, мәтінді жолдар, символдар және т.б. объектілер
бола алады (деректер типі келесі сабақта қарастырылады). Яғни, айнымалылар
программадағы ақпараттың орналасу орнын анықтау үшін қолданылады.
Айнымалыны құру үшін, ең алдымен оның атын жазу керек. Одан кейін,
тең белгісін қойып, айнымалыға мән беру қажет. Айнымалының мәні ретінде
сандар, әріптер, сөздер және т.б. объектілер бола алады. Егер айнымалының
мәні "hello world" сөз тіркесінNone"hello world" сөз тіркесін сөзі болса, айнымалы бос болып есептелінеді.
Айнымалының аты тек қана сандардан, әріптерден және сызық
таңбаларынан тұра алады. Және де, айнымалының аты сандардан бастала
алмайды. Дұрыс айнымалыларға мысал келтірсек:
a = 5, string = "hello world" сөз тіркесінhello"hello world" сөз тіркесін
num = 10 boolean = True
mans_name = "hello world" сөз тіркесінAlex"hello world" сөз тіркесін
Бұрыс айнымалыларға мысал келтірсек:
333num = 3
$money = 1000
discount% = 10
Айнымалының мәнін экранға шығару үшін, print(айнымалының аты)
командасын теру қажет.
21
Типтерді түрлендіру
Пiкiр жазғандар: итонда типтерді түрлендіру қалай қолданылатындығының мысалдарын
қарастырайық:
1
2
3
a = 1.7
a=str(a)
#
таңбалы жолға түрлендіру
print(a)
# '1.7'
1
2
3
x = 1.7
x=int(x)
#
бүтінге түрлендіру
print(x)
1
1
2
3
y=1
y=float(y)
#
бөлшекке түрлендіру
print(y)
# 1.0
Достарыңызбен бөлісу: |