Алгоритмдер. Алгоритмдердің қасиеттері Тақырыбы: Жоспары



бет1/6
Дата06.01.2022
өлшемі1,98 Mb.
#109627
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Презентация 1

  • Тақырыбы:
  • Жоспары:
  • Алгоритмдер және шешімдерді іздеу
  • Алгоритмдер қасиеттері
  • Негізгі алгоритмдер түрлері
  • Алгоритмдерді орындау
  • Алгоритм түсінігі – бұл информатикадағы ең негізгі ұғымдардың бірі.
  • «Алгоритм» сөзі IX ғасырдағы ұлы математик аль-Хорезмнің латындық үлгідегі - algorithmi деген атынан шығады, ол арифметикалық амалдарды орындау ережелерін тұжырымдайды.
  • Алгоритм дегеніміз – бастапқы мәліметтерді пайдаланып іздеген нәтижеге жеткізетін әрекеттер тізбегі.
  • Ондағы әрбір әрекет оның қадамы, қандай да бір әрекетті аяқтау туралы нұсқау алгоритм командасы, ал атқарушы жүзеге асыра алатын командалар жиынтығы атқарушының командалар жүйесі деп аталады.
  • Алгоритмдік процесс дегеніміз – шешілетін есептің нақты бастапқы берілгендеріне алгоритмді қолдану процесі.
  • Алгоритмді ұсыну құралдары:
  • ауызша (алгоритмдік тілде);
  • блок-схема түрінде;
  • бағдарламалау тілінде.
  • Алгоритмдеу – ЭЕМ-де есепті шығаруға арналған алгоритмдер мен бағдарламаларды құру техникасы.
  • Алгоритмнің блок-схемасы дегеніміз – алгоритмнің логикалық құрылымын графикалық бейнелеу.
  • Берілгендерді енгізіп, нәтижелерді шығаратын енгізу-шығару блогы
  • Арифметикалық амалдарды орындайтын процесс блогы
  • Шарттың орындалу немесе орындалмауын тексеретін шешім қабылдау блогы
  • Қайталану блогы
  • Блок-схема алгоритм командаларының орындалу ретін көрсетуге арналған бағытталған граф болып табылады; мұндай графтың шыңы үш түрлі болуы мүмкін:
  • функционалдық шың
  • предикаттық шың
  • біріктірілген шың
  • 1 сурет – Граф шыңдарының бейнеленуі
  • F
  • P
  • Кез келген күрделі алгоритмдер үшін үш блок-схема құруға болады:
  • композиция немесе қозғалыс, сызықты алгоритм;
  • альтернатива немесе тармақталған алгоритм;
  • итерация немесе цикл, қайталанатын алгоритм.
  • Бірінші негізгі құрылым. Композиция немесе қозғалыс алгоритмі әр кезеңі тізбектей, яғни сызықты орындалатын есептеу процесін бейнелейді және ондағы операторлар бір рет қана орындалады.
  • Оператор деп қандай да бір әрекеттер тізбегін орындауға арналған жазбаларды айтады.
  • Екінші негізгі құрылым. Бұл - альтернатива немесе тармақталу. Тармақталған алгоритм есептеуді таңдау бастапқы шарттан немесе аралық нәтижеден тәуелді болатын есептеу процесін бейнелейді.
  • Алдын ала қарастырылған бағыттар тармақтар деп аталады.
  • Шартты тексеру нәтижесі келесі мәндердің бірін қабылдайды
  • ақиқат немесе жалған
  • иә немесе жоқ
  • 1 немесе 0.
  • Тармақталған алгоритм құрылысы:
  • Оператор 2
  • оператор1
  • шшарт
  • иә
  • жоқ
  • оператор1
  • шшарт
  • иә
  • жоқ
  • Егер – Онда – Әйтпесе
  • құрылымы
  • Егер- Онда құрылымы
  • Үшінші негізгі құрылым. Қайталанатын алгоритм бір типті, бірнеше рет қайталанатын есептеу аймағынан тұратын есептеу процесін бейнелейді.
  • Циклдер қайталану саны белгілі және қайталану саны белгісіз болып бөлінеді.
  • Қайталану саны белгілі циклді итерациялық цикл деп аталады.
  • Бұл құрылымның үш түрі бар:
  • "цикл - әзірше"
  • "цикл - дейін"
  • қайталану санымен.
  • Циклде қайталанатын операторлар тобын цикл денесі деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет