бет 32/73 Дата 07.02.2022 өлшемі 3,28 Mb. #94903
Байланысты:
ОӘК-WEB ДИЗАЙН Фреймд ік құрылым жасау.
Алдымен біз фреймдердің қайда орналасуын және олардың қандай мөлшерде болатын беттің жалпы түрін ойластыруымыз қажет.Содан кейін олардың мазмұны жайлы қарастырамыз.Төменде тегінің көмегімен құрылған қарапайым фреймдік құрылымның коды көрсетілген.Мынаған назар аударыңыз:фреймдік құрылымы бар бетте <ВОDY> тегі жоқ.
Берілгендері бар фреймді дайындау
Енді берілгендері бар фрейм жасайық.Сол жақ фреймге оң жақ фреймдегі екі беттің арасында ауысып тышқанмен шертетін menu.html бетін құрайық. menu.html файлы бұл – мазмұн ретінде құрылған қарапайым НТМL-бет. Негізінде біз мазмұны бар дайын бетті алып оны қолдана беруімізге болады. Бұл фреймнің жіңішке жіне биік екенін ұмытпаңыз, сондықтан оған жүктелетін бет соған сәйкес жобалануы қажет. Енді сілтемені тышқанмен шерткенде басқа беттердің қайда пайда болатынын анықтауымыз қажет. Біз олардың оң жақта пайда болуын қалағандықтан сілтеме тегіне ТАRGET= (TARGЕТ="main") атрибутын енгізейік. Бұл қолданушы сілтемені басқан кезде шақырылып отырған бет main фреймінде пайда болады дегенді білдіреді. Біз main фрейміндегі барлық беттерді бейнелегендіктен, мазмұндағы барлық сілтемелердің тегіне ТАRGЕТ="main" атрибутын қосамыз, сонда сол жақтағы фреймде қай жерде тышқанмен шертсек, сол жерде бет пайда болады, ал ол бізге керек емес, бірақ басқа жағдайда олай жасаған керек те болып қалады. Мысалы, сіз жай ғана келесі сілтемелерді шығарып беретін < Мазмұнның басқа пункттері > сілтемесін қосуыңызға болады. Оқырмандар сілтемелердің көптігін байқау үшін мазмұнды ұзынырақ етіп жасаған дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: