1.1 Алгоритм - белгілі бір мәселені шешу үшін қойылатын мақсатқа бағытталған іс-әрекеттердің тізбегі.
|
1.2 Шама- есепті шығару барысында қолданылатын белгілеулер
|
1.3 Тұрмыстық алгоритм - cөз түріндегі әрекеттер тізбегін күнделікті өмірде ешбір роботтың, техниканың көмегінсіз адам өздігінен орындаса ондай алгоритмдер
|
1.4 Есептеу алгоритмдері - формула көмегімен шығарылатын, есептеуді қажет ететін, күрделілігіне байланысты белгілі бір техниканың араласуын талап ететін алгоритмдер
|
1.5 Рекурсивті алгоритм - есептеу алгоритмінің бір түрі. Оның нәтижесі формуланың ішіндегі бір параметрінің мәні басқа бір өзгеріп отыратын параметрден тәуелді болудан шығады.
|
1.6 Қосалқы алгоритм - күрделі алгоритмдердің бірнеше жай алгоритмге бөлінуі арқылы негізгі алгоритмге қажетті уақытында ғана шақырылатын, жалпылама жағдайға негізделіп дербес құрылатын алгоритмдер.
|
1.7 Сызықты алгоритмдер - операциялардың реті алгоритмнің өз структурасымен анықталған және енгізетін шамалардың жеке мәндеріне тәуелсіз алгоритмдер.
|
|