«Алгоритмдеу және бағдарламалау» пәнінен оқу тәжірибесі бойынша



бет30/64
Дата06.02.2022
өлшемі2,01 Mb.
#79582
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   64
Байланысты:
ПИТОН УМК

Файлды ашу және жабу
Файлмен жұмысты бастау үшін оны open() функциясының көмегімен ашу керек, оның келесідей формалды анықтамасы бар:

open(file, mode)

Функцияның бірінші параметрі файлға жолды көрсетеді. Файлға жол абсолютті болуы, яғни диск атынан басталуы мүмкін, мысалы, C://somedir/somefile.txt немесе немесе салыстырмалы болуы мүмкін: somedir/somefile.txt
Екінші аргумент - mode файлды ашу режмін анықтайды. Файлды ашудың негізгі 4 режимі бар:

  1. r (Read). Файл оқу үшін ашылады. Егер файл табылмаса, онда FileNotFoundError ерекше жағдайы генерацияланады.

  2. w (Write). Файл жазу үшін ашылады. Егер файл болмаса, ол жаңадан құрылады. Егер ондай файл бұрын болса, онда ол қайтадан құрылып, ішіндегі бұрынғы жазбалары жойылады.

  3. a (Append). Файл өзгертулер енгізу үшін ашылады. Егер файл болмаса, онда ол құрылады. Егер ондай файл бұрыннан бар болса, онда берілгендер оның соңына жазылады.

  4. b (Binary). Бинарлы файлдармен жұмыс істеу үшін қолданылады. Басқа w немесе r режимдерімен бірге қолданылады.

Файлмен жұмысты аяқтау үшін оны міндетті түрде close() әдісімен аяқтау керек.
Мысалы, "hello.txt" мәтіндік файлын жазу үшін ашайық:

myfile = open("hello.txt", "w")
myfile.close()

Файлды ашу кезінде немесе онымен жұмыс барысында әр түрлі ерекше жағдайлармен жолығуымыз мүмкін, мысалы файлға ене алмауымыз мүмкін және т.б. Бұл жағдайда бағдарламада қате пайда болып, close әдісі орындалмай қалуы мүмкін, осылайша файл жабылмай қалады.
Мұнда й жағдайда ерекше жағдайды келесідей өңдеуге болады:

try:
somefile = open("hello.txt", "w")
try:
somefile.write("hello world")
except Exception as e:
print(e)
finally:
somefile.close()
except Exception as ex:
print(ex)

Бұл жағдайда файлмен барлық жұмыс try блогында жүргізіледі. Егер қандай да бір ерекше жағдай пайда болса, онда finally блогы арқылы файл жабылады.
Алайда бұдан да ыңғайлы құрылым - with конструкциясы қолданылады:

with open(file, mode) as file_obj:
инструкциялар

Осылайша мысалды келесідей қайта жазайық:

with open("hello.txt", "w") as somefile:
somefile.write("hello world")



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет