Отырар алқабы мен оған жақынаудандарда Көк-Мардан, Қыркескен, Мардан қорымдары зерттелді. Мұнда да жерлеу құрыылыстарының алуан түрлі екені аңғарылды. Марданкүйік (Қоңыртөбе) қаласының орны маңындағы қорымды зерттеген кезде аса құнды материал алынды. Қаланың өзі біздің заманымыздағы I мыңжылдықтың бірінші жартысында пайды болды. Оның шығыс жағында көлемді зират орналасқан.

Төбесі тапталып, опырылып қалған сопақша төбеге қазу жұмыстары жүргізілді. Оның биіктігі 2,5 метрге жетеді. Онда төбенің төбесінен 0,4 метрден 1,5 метрге дейінгі тереңдікте жатқан қабірлер бар екені анықталды. Негізінен өлік тікбұрышты етіп қазылған қабір шұңқырларына жерленген. Шұңқырдың төменгі жағына шикі кірпіш қаланған, сағаналар да шикі кірпішпен жабылған. Жүзге тарта қабір тазартылды. Олардың ішінде 12 жағдайда керамика ыдыстарға жерлеу анықталды. Негізінен, бұлар-балалар, жасөспірімдер.