Қаңлы ескерткіштері - ежелгі қанды (кангюй) тайпалары билік еткен өңірлерде сақталған археологилық ескерткіштер кешені. Қаңлы ескерткіштерінің жарқын көріністерін Қауыншы мәдениеті, Отырар-Қаратау мәдениеті,Жетіасар мәдениетінен көрінеді. Қаңлы ескерткіштері Сырдария, Ферғана дейінгі өңірлерге тараған. 1958-1963 жылдары Шардара археологиялық экспедициясы жетекшісі А.Т. Максимова Оңтүстік Қазақстаннан Қауыншы мәдениетіне жататын бірқатар ескерткіштер ашты. Біршама толық зерттелгені Шардараға таяу, Сырдарияның оң жағалауындағы Ақтөбе-2 қонысы. Мұнда жобасы тікбұрышты,аумағы 28x18,5 м сарай ашылды. Сарай айшық (крест) іспеттес етіп салынған бес үйден, кірмелік кешені мен құрылыста батыс-шығысынан орап жатқан екі дәлізден тұратыны анықталды. Ортасында шаршы зал (3,6x3,6 м) бар, ол басқа үй-жайлармен доғалап иіп салған арқа өтқелдермен жалғасқан. Зал қабырғаларының биікт. 6 м-ге жетелі, еденнің ортасында құдық бар. Қоныстан құмыра, саптыаяқ, таба, құм, құмған, көзе, жебе, ұштары, алтын сырға,пышақ, сүйек, айылбас, қол сақина және т.б. заттар табылып ,олар біздің заманымызда 1- ғасырларына жатқызылады.. - Қаңлы ескерткіштері - ежелгі қанды (кангюй) тайпалары билік еткен өңірлерде сақталған археологилық ескерткіштер кешені. Қаңлы ескерткіштерінің жарқын көріністерін Қауыншы мәдениеті, Отырар-Қаратау мәдениеті,Жетіасар мәдениетінен көрінеді. Қаңлы ескерткіштері Сырдария, Ферғана дейінгі өңірлерге тараған. 1958-1963 жылдары Шардара археологиялық экспедициясы жетекшісі А.Т. Максимова Оңтүстік Қазақстаннан Қауыншы мәдениетіне жататын бірқатар ескерткіштер ашты. Біршама толық зерттелгені Шардараға таяу, Сырдарияның оң жағалауындағы Ақтөбе-2 қонысы. Мұнда жобасы тікбұрышты,аумағы 28x18,5 м сарай ашылды. Сарай айшық (крест) іспеттес етіп салынған бес үйден, кірмелік кешені мен құрылыста батыс-шығысынан орап жатқан екі дәлізден тұратыны анықталды. Ортасында шаршы зал (3,6x3,6 м) бар, ол басқа үй-жайлармен доғалап иіп салған арқа өтқелдермен жалғасқан. Зал қабырғаларының биікт. 6 м-ге жетелі, еденнің ортасында құдық бар. Қоныстан құмыра, саптыаяқ, таба, құм, құмған, көзе, жебе, ұштары, алтын сырға,пышақ, сүйек, айылбас, қол сақина және т.б. заттар табылып ,олар біздің заманымызда 1- ғасырларына жатқызылады..
Достарыңызбен бөлісу: |