Алиаскаров думан тоқтарұлы қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың әдістемелік негіздері



Pdf көрінісі
бет34/62
Дата13.12.2022
өлшемі6,67 Mb.
#162633
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   62
Байланысты:
Aliaskarov D.T
1574347730325 (1)
 
Глоссарий 
Агломерация 
– экономикалық, мәдени және тұрмыстық жағынан бір-
бірімен тығыз байланысты елді мекендердің (әсіресе қалалардың) аумақтық 
топтануы, шоғырлануы. Агломерация көбінесе жеке ірі қаланың (ядроның) 
төңірегінде қалыптасады; кейде бірнеше ядролы агломерация да болады. 
Еліміздегі ірі елді-мекендер агломерациясы – Алматы, Астана, Қарағанды-
Теміртау, Шымкент, Қостанай - Рудный, Павлодар – Ақсу қалалары. 
Аудандық жоспарлау
- бұл аудан аумағын барынша ұтымды ұйымдастыру 
теориясы 
мен 
практикасы, 
сондай-ақ 
өндірістік 
кәсіпорындардың, 
коммуникациялар мен қоныс аудару алаңдарын оның географиялық, 
экономикалық, сәулет-құрылыс және инженерлік факторлары шарттарымен 
орналастыру. 
«
Ғаламдық қала»
(немесе «альфа-қала») - әлемдік экономикалық жүйенің 
маңызды элементі деп есептелетін қала болып саналады, ол әдетте әлемнің ірі 
өңірлері үшін маңызды және оларға елеулі саяси, экономикалық немесе мәдени 
әсер етеді: 
-
ірі трансұлттық корпорациялардың (ТҰК) штаб-пәтерінің шоғырлануы; 
-
жаһандық экономика (банктер, инвестициялық компаниялар, делдалдар, 
дилерлер, бағалаушылар, құнды қағаздар, заң фирмалары, бизнес-қызметтер 
және т.б.) үшін қажетті дамыған инфрақұрылымының болуы, халықаралық 
қаржы институттарының, акциялар мен валюталық биржалардың шоғырлануы; 
-
халықаралық іс-шаралар мен саяси іс-шараларға белсенді қатысу, 
халықаралық ұйымдардың, басқа елдердің елшіліктері мен консулдық 
өкілдіктерінің болуы; 
-
халықаралық 
маңызы 
бар 
дамыған 
көліктік-коммуникациялық 
инфрақұрылымның, әлемдік маңызы бар белгілі мәдени орындардың, танымал 
білім беру және ғылыми мекемелердің болуы; 
-
зерттеу нәтижелері бойынша Лондон, Нью-Йорк және Токио жаһандық 
қалалар арасында жетекші қалалардың бірі болып табылады; содан кейін Лос-


72 
Анджелес, Париж және Сан-Франциско, бұл қалаларда «мәдени» фактор 
маңызды; Үшінші топ Амстердам, Бостон, Мадрид, Милан, Мәскеу, Торонто, 
Чикагодан тұрады. 
Геоурбандалу 
(итал. urbanistica – қала жоспары туралы ғылым) – 
география бөлімі, қалалық қоныстануды зерделейді. «Геоурбандалу» термині 
«қалалар географиясы» түсінігіне қарағанда ауқымдырақ. Қалалар географиясы 
жекелеген қалаларды оқытса, ал геоурбандалу қалалар желісін және жүйесін 
зерттеумен, кеңістіктік урбандалу үрдістерін түсіндірумен айналысады. Яғни, 
«қалалар географиясы» түсінігін өзіне қосумен қатар, оны толықтырады.
Жалған урбандалу
– дамушы елдердегі қала халқының жарылыс процесін 
сипаттайтын термин. Тұрғын үйлердің және жұмыс орындарының 
жеткіліксіздігі, кедей аудандардың қалыптасуы секілді құбылыстар тән. 
Шынайы урбандалудан айырмашылығы урбандалудың әлемдік үрдісін 
сипаттайтын қалалық функциялар дамымайды. Ауылдық мигранттар ұзақ 
уақыт бойы ескі өмір салтын сақтап қалады және өте кедейшілікпен қалалық 
өмір салтын қабылдамайды. 
Қала
– адамның әлеуметтік–экономикалық белсенді феномені бола 
отырып, оның спецификалық барлық жағдайын қамтамасыз ететін орта. Қала 
орналасқан жері және онда тұратын тұрғылықты халықпен бірлестікте бола 
отырып, өзінің қалыптасуы мен дамуында әлеуметтік – экономикалық белсенді 
халыққа негізделеді. 
Қалалық орта
– бұл халықтың тұрмыс жағдайының жиынтығы.
Қала маркетингі
– саяси және экономикалық тұрақтылығына, бәсекеге 
қабілеттілігін арттыруға, қолайлы имидж қалыптастыруға бағытталған қаланы 
басқару маркетингі. 
Қала дамуының сценарийі
– қалалық кешендердің даму тенденциялары 
нақтыланған, болашағын анықтайтын жобалық сызба. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет