111
2. Текелі – өнеркәсіптік-аграрлық қала, бұл жерде 36 өнеркәсіптік
кәсіпорын, 59 шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Көпшілік кәсіпорындардың
негізгі өндірістік қорларының әлдеқашан ескіруі және жаңа технологиялық
жабдықтармен
қамтылуының
төмендігі
энерго-еңбек-материал
сыйымдылығының өсуіне соқтырып, шығарылатын өнімнің бәсекеге
қабілеттілігін төмендетеді.
Текелі қаласында жасыл экономиканы дамыту
ұсыныстары
«экоқала» концепциясының негізінде жасалды:
- Қаланы энергиямен қамтамасыз етуде балама энергия көздерін қолдануға
көшу. Текелі қаласы орналасқан аумақтың табиғат жағдайы баламалы энергия
көздерін дамытуға мүмкіндігі зор. Мұндағы күн сәулесінің жылдық орташа
ұзақтығы – 2753 сағат болса, желдің жылдық орташа жылдамдығы – 4-5 м/с
құрайды. Табиғат жағдайының осы секілді тиімді тұстары күннен және желден
энергия өндіретін стансалар орналастыруға қолайлы орын болмақ.
- Текеліні Талдықорғанның серіктес қаласы ретінде дамыту.
Бұл Текеліде
Талдықорғанның тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының бөлімшелерін ашу
арқылы халықты жұмыспен қамтамасыз етуге, 166 мың халқы бар Талдықорған
нарығына ауыл шаруашылығы мен құрылыс материалдары өнімдерін
экспорттауға, қаладан келген демалушыларға туристік қызмет түрлерін
ұсынуына мүмкіндік береді.
- Текелі қаласын өңірлік туризм орталығына айналдыру.
Мұнда тау
шаңғысын дамытуға қажетті табиғи-климаттық жағдайлар, минералдық
сулардың негізгі бальнеологиялық топтарынан сульфидті, радонды, кремнийлі
түрлер кездеседі. Біз Текеліде туризм дамытуға қатысты нақты қадамдар
жүйесін ұсындық (36-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: