26
Сурет 3 – Қалалық ортаны тұрақты инновациялық дамытудың негізгі
қағидалары
Жоғарыда көрсетілген негізгі қағидалардың қалалық ортадағы өзара
сабақтастығының әсерлері ретінде келесілерді атауға болады:
-
әлеуметтік әсері
, адами капиталдың дамуы - әлеуметтік инновацияның
басты қозғаушы күші қызметін атқарады. Яғни, білім берудің сапасының
артуы, денсаулық сақтау, біліктілігі жоғары жұмыс күшінің қалыптасуы,
жетілген саяси және институционалдық орта – әлеуметтік қоғам дамуына негіз
болады.
-
экономикалық
әсері,
қалалар
ғылымды
қажетсінетін
тиімді
экономикалық мамандануға көшеді және халықаралық еңбек бөлінісі үшін
геоэкономикалық бәсекелестік күшейеді. Бұл жағдай қалалардың жаһандық
креативтілік индексіндегі бәсекелестіктің артуына негіз болады.
-
экологиялық әсері,
заманауи инновациялық қала ең алдымен «жасыл»
қала болуы тиіс
.
Яғни, экологиялық талаптарға сай, қалдықсыз, өмір үшін
қолайлы ортаға айналуы керек. Бұл - қала өміршеңдігін қамтамасыз етеді.
Қалалардың инновациялық дамуы қағидаларының өзара байланысы
кешенділікті құрайды және олар бір-бірінен оқшау қарастырылмауы тиіс.
Олардың әрқайсысы тиімді болса, бірін-бірі күшейте түседі. Сондай-ақ, бір
элементтердің әлсіздігі өзгелерінің тиімділігіне нұқсан келтіретін болады. Білім
мен ғылым және ақыл-ой жетістіктеріне негізделген инновациялық дамуға
көшу XXI ғасыр қалалары дамуының басты трендіне айналады.
Жалпы, инновациялық даму мәселесі бүгінде тек қалалардың ғана емес,
ұлттық мемлекеттердің де басты даму стратегиясына айналған. Қоғамның
әртүрлі салаларындағы жаңашылдықтар немесе жаңаша даму көрінісі
инновациялық жетістіктермен бағаланатын бүгінгі қоғамда, инновациялық
дамуға бетбұрыс жасау тиімді саналуда. Осы ретте, елімізде екі бесжылдыққа
Достарыңызбен бөлісу: