Байланысты: Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х
Науқасты Симс жағдайында орналастыру іс-әрекет алгоритмі:
Мақсаты: Науқасты Симс жағдайына орналастыру
Көрсетім: Науқастың төсектегі еріксіз және пассивті жағдайын жеңілдету, ойылудың
алдын-алу, ойықтар кезінде науқастың төсектегі қалпын ауыстыру үшін.
Жабдықтар: 2 жастық, жастықша, аяқ тірегіштер
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
Науқасқа алдағы емшараның орындалуы жайында түсіндіру, оның *процедураны түсінгендігіне көз жеткізу және оған науқастыңкелісімін алу.
Науқастың жағдайын және қоршаған орта жағдайын бағалау. Кереуеттің тежегіштерін бекіту.
Қосымша жастық, валиктер, аяқ тірегіштер, резеңке доптар дайындаңыз.
Кереуеттің мейірбике тұратын жағындағы қол ұстағыштарын босатыңыз, егер олар бар болған болса.
Кереуеттің бас жағын горизонтальды жағдайға келтіріңіз, немесе басындағы жастықты алып тастаңыз.
Науқасты арқасына жатқызыңыз.
Науқасты кереуеттің шет жағына қарай жылжытыңыз.
Науқасты жартылай қырымен, жартылай ішімен жатқан жағдайға келтіріңіз.
Науқастың басының астына жастық салыңыз.
Кеудесінің үстінде жатқан қолының астына, иық белдеуінің тұсына жастық қойыңыз, екінші қолын төсектің үстіне қойыңыз. Бос саусақтарын резеңке допқа қойыңыз.
Үстіңгі бүгілген аяғының астына жастық қойыңыз, аяғы жамбас деңгейінде болатындай етіп.
Табандарының алдына құм салынған қап немесе басқа аяқ тірегіш қойыңыз.
Науқастың ыңғайлы жатқанына көз жеткізіңіз. Төсегін, ақжаймаларын тегістеп жазыңыз. Қолға ұстайтын тұтқасын көтеріңіз.