Байланысты: Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х
Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі: Науқаспен сенімді қатынас орнатыңыз.
Науқасқа тексерудің мақсатын және өту барысын түсіндіріңіз және келісімін алыңыз.
Науқасқа психологиялық дайындық жүргізіңіз.
Науқастың тамақтану рационынан газ жинайтын тағамдарды алып тастау және тексеруден 2-3 күн бұрын сұйықтықты көп ішкізу керек.
Дәрігердің тағайындауымен ферменттік препараттар беріңіз.
Тексеру алдынан 12 сағатта схема бойынша фортране.
Жеңіл кешкі тамақпен тамақтануды 18 сағаттан кеш қалдырмай қамтамасыз ету.
Тексеру алдынан кешке (20 және 22 сағатта) науқасқа жоғарға тазарту клизмасын 2 сағат аралықпен «таза су» 1,5-2 литр қойыңыз.
Таңертең тексеруден 2 сағат бұрын науқасқа екі рет тазарту клизмасын 1сағат аралықпен .
Науқасты жеңіл ақуызды таңғы аспен тексеру алдынан 3 сағат бұрын қамтамасыз етіңіз (аш ішектегі заттардың рефлекторлық қозғалыспен тоқ ішекке өтуі үшін)
Науқасты белгіленген уақытта ауру тарихымен рентгенологиялық кабинетке апарыңыз.