Назар аударыңыз! Шомылғы қабылдау ұзақтығы - 25 минут.
Науқасты сүртіндіру (жартылай санитарлақ өңдеу) Мақсаты: Аурухананың қабылдау бөлімшесінде науқасты санитарлық өңдеуден өткізу.
Көрсетім: Науқас жағдайының ауырлығына байланысты
Жабдықтар: жылы су,астына төсейтін клеенка, губка, жылы көрпе, сірке су, камфорлы спирт немесе этил спирті (антисептикалық ерітіндіні: 1-2 ас қасық сірке суды немесе спиртті 1 л суға қосып әзірлейді), сүлгі.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
Науқастың астына клеенка төсеңіз.
Суға малынған губкамен (немесе антисептикалық ерітіндіге) емделушінің мойынын, кеудесін, қолдарын сүртіңіз.
Науқастың денесін құрғатып сүртіңіз және көрпе жамылдырыңыз.
Науқастың денесін осы ізділікпен ішін, сосын арқасын және аяқтарын құрғатыңыз.
Есте сақтаңыз!Науқастың медициналық картасының парағында мейірбике санитарлық өңдеу өткені туралы белгі қояды.