Көк тамыр холеграфиясына науқасты дайындау Өт қабын және өт жолдарын рентгенологиялық тексеру – бұл бауырдың йод құрамды заттарды бөлу қабілетін тексеру және өт жолдарының бейнесін алу. Холеграфия контрастты затты (билигност, билиграфин, эндографин және т.б.) парентералды жолмен енгізуге негізделген.
Мақсаты:өт қабының көлемін, функциясын, орналасуын анықтауға, өт қабының ағымының және ішкі , сыртқы өт жолдарының ағымының өтуін анықтау
Көрсетім: өт қабының және өт жолдарының аурулары
Қарсы көрсетім: жоғарғы қызба мен бауырдың қабыну аурулары, геморрагиялық диатез, йод, тиреотоксикоз препараттарына жоғары сезімталдық.