Байланысты: Алифатты қосылыстардың органикалық химиясы
Ашық тізбекті қосылыстар , ациклді қосылыстар, алифатты (майлы) қосылыстар — молекуласындағы көміртек атомдары өзара түзу немесе тарамдалған тізбек құрап қосылған органикалық заттар. А. т. қ-ға қаныққан, қанықпаған көмірсутектер және олардың бір немесе бірнеше атомды туындылары жатады. Бір ғана көміртектік байланысы (С-С) бар қаныққан көмірсутектерге метанның гомологтық қатары, оның туындылары енеді. Ал құрамында қос (С=С; мыс., этилен, пропилен, изопрен, хлорирен) немесе үш (СС; мыс., ацетилен) көміртектік байланысы бар А. т. қ. қанықпаған көмірсутектер деп аталады. Қаныққан А. т. қ. қанықпаған А. т. қ-ға және кері айнала алады. Молекуласындағы көміртек атомдарын басқа функционалдық топтарға (ОН, NH2 т.б.) алмастырғанда А. т. қ-дың түрлі кластары (аминдер, спирттер, қышқылдар т.б.) түзіледі. А. т. қ. мұнайдан, табиғи газдардан, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар майынан алынады.