«Alikhan Bokeikhan University»ббм гуманитарлық факультет



Дата18.12.2023
өлшемі24,8 Kb.
#197469
Байланысты:
мәдениеттану сөж


«Alikhan Bokeikhan University»ББМ
Гуманитарлық факультет
Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар кафедрасы
СӨЖ
Пәні:Мәдениеттану
Тақырыбы: «Мәдени мұра» және оның әлемдік мәдениеттегі маңызы
Орындаған:Ақылбаева Ақбота Қанатқызы
Тексерген :Сыдыкова Алуа Ержан қызы



«Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты.


Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы
тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен
мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады.»
Н. Ә. Назарбаев
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын Қазақстан Республикасы Президенті
Н.Назарбаев бастауымен құрылған. 2003 жылы мемлекет Басшысы Қазақстан халқына
Жолдауында Қазақстанның үлкен мәдени мұрасын, мемлекеттік тілде гуманитарлы
білім қорын, тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді, ұлттық
әдебиет пен жазудағы көпғасырлы тәжірибені біріктіруді зерттеудегі бірыңғай жүйе
қалыптастыруға бағытталған бағдарлама жасауды бұйырды.
Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын және екі жылға есептелген.
Кейін тағы екі кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға дейін және 2009 жылдан 2011
жылға дейін.
“Мәдени Мұра”Мемлекеттік бағдарламасы мәдениетке деген мемлекеттік қозғалысын
анықтаған рухани және білім беру істерінің даму саласындағы негізгі құжат,
стратегиялық ұлттық жоба болып кетті. Мұншалықты үлкен жобаны іске асыруды ТМД
елдерінің ішінде алғаш бастаған Қазақстан.
«Мәдени мұраның» мақсаты – тарих пен мәдениеттің жаңа ескерткіштерін ашу, ұлттық
мәдениет үшін айрықша маңызы бар айтарлықтай тарихи-мәдени ескерткіштерді
консервациялау, қалпына келтіру және қайта жасау; мәдени мұраның, оның ішінде
ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудің біртұтас жүйесін жасау;
әлемдік ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттің үздік жетістіктері базасында
гуманитарлық білім берудің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын жасау, шет елде
Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу.
Бағдарлама бірнеше бағыттар бойынша іске асады:
- ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін
қалпына келтіру;
- археологиялық зерттеулер;
- қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстар;
- ұлттық әдебиет пен жазулар тәжірибесін ортақтастыру, кеңейтілген бейне және жұмыс
қатарларын құру.
2004 жылдан – бағдарламаны жүзеге асыра бастаған кезден – бастап тарих пен
мәдениеттің 78 ескерткішінде реставрациялық жұмыстар бітірілген, олардың 28-і (35%)
– 2008-2011 жылдары реставрацияланған.
2004-2005 жылдары бұл бағдарламаның жүзеге асуына республикалық бюджет
қаражатынан 1 391, 0 млн. жұмсалды, соның ішінде 2004 жылы 641,6 млн. және 2005
жылы 749,4 млн. Бағдарламаның 2007 жылғы іс-шараларына респ. Бюджеттен 1 873,6
млн.тенге бөлініп, толық игерілді. Оның ішінде тарих және мәдениет ескерткіштерін
қайта жаңғыртуға 1 381,1 млн. тенге, археологиялық зерттеулерге 106,0 млн. Тенге,
қолданбалы ғылыми зерттеулерге 123,3 млн. тенге, кітап серияларын шығаруға 262,9
млн. тенге қарастырылған. Берел обасынан табылған алтын бұйымдардың ұсақ
бөліктерін жинау, тазалау және олардың паспорттарын құрастыру жұмыстары
жүргізілді. Табылған 75 дана археологиялық бұйымдар жаңғыртылды. Олар ат
әбзелдерінің бөліктері және Берел көсемінің табытына арналған ағашының кесіндісі.
Біздің түп-тұқияндарымыз туралы көптеген мәлімет беретін ғылымды мыңдаған
артефактылармен байытқан 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерттеу
жүргізілген. Шығыс Қазақстан облысындағы Шілікті мен Берел қорғандарындағы
қазбалар, «скиф-сібір аң стиліне» немесе өнерге жататын табылған алтын бұйымдар
әлемге әйгілі атақ алды (б.з.д. V-III ғғ.). Осы бағдарлама аясында 2008 жылы екі
қорық-мұражай («Есік» және «Берел») жаңадан құрылды. «Берел» қорық-мұражайының
тек қана құрылысына 190 млн.тенге бөлініп, 1 әкімшілік ғимараты, 2 тұрмыс үйлер және
1 гараж салынып 2013 жылы бұл жұмыстар түгелдей аяқталды. Ғимарат аумағы
қоршалды, ендігі қорымдар орналасқан аумақты түгелдей қоршау бойынша жұмыстар
атқарылуда. Болашақта № 11 қорғанды мүзейлендіріп, аспан асты мұражайына
айналдыру жоспарда бар. Мұражай құрылғаннан бастап, әлеуметтік қорғау
ұйымдарымен, туристік ұйымдармен, мұражайлар, кітапханалармен, мемлекеттік емес
ұйымдармен, білім беру мекемелерімен байланыстар жасалып, бірлескен жұмыстар
атқарылуда.
Қазіргі жаһандану үдерісінің даму кезеңінде білім ордаларының негізгі қызметі жас
ұрпаққа оқу мен кәсіби білім ғана беріп қоймай, жан-жақты жетілген, эстетикалық
талғамы биік, рухани-адамгершілік мәдениеті жоғары, әлемдік мәдениеттен хабары
бар, ұлттық құндылықтарды қадірлей білетін, отаншылдық рухтағы тұлға етіп
қалыптастыру. Осыған байланысты оқу-тәрбие үдерісінде жастарды отансүйгіштікке,
ерлікке, адалдыққа, елін, жерін құрметтеуге үйрету, шыншылдыққа тәрбиелеу қазіргі
қоғамның басты мәселелерінің бірі.Бұл бағытта өзінің зор мүмкіндігімен мектеп
мұражайларының атқаратын ролі жоғары деуге болады.
Қазіргі әлеуметтік-мәдени кеңістікте мұражайлардың ролі олардың білім беру
қызметінің кең көлемде таралуымен және тереңдігімен ерекшеленеді. Сондай-ақ сан
ғасырлық тарихы бар рухани-мәдени игіліктерді оқу-тәрбие үрдісінде лайықты
пайдалану жалпыадамдық құндылықтарды терең түсінуге де ықпал етеді. Қоғамның
сұранысына сай мұражайлардың ақпараттық әлеуеті, олардың рухани және
материалдық құндылықтардың түпнұсқасын сақтаумен және оны келешек ұрпаққа
жеткізуі кәсіби қызметімен сәйкес келеді. Мұражайдың білім беру үдерісіндегі негізгі
мақсаты – тұлғаның сол кезеңдегі тарихи-мәдени кеңістіктегі танымын арттыру.
Мұражай қойылымдарындағы көрнекіліктер ұлттық мұра-мұрағаттарды халыққа
насихаттау арқылы рухани құндылықтарды қадірлеу, отансүйгіштік, адамгершілік деген
сияқты баға жетпес құндылықтарды қалыптастыру мақсатында қызмет етеді. Бұл күнде
мұражайлар типі ғылыми-зерттеу, ғылыми-ағарту, және оқу мұражайлары болып
бөлінеді. Мәдени – білім беру және ағарту бағытында ғылыми-ағарту мұражайлары кең
ауқымда көпшілікке қолжетімді болып келеді. Білім беру мекемелеріндегі оқу
мұражайлары туған жерді терең, жан-жақты тани түсуге көмекші құрал болып
табылады. Қазіргі жаҺандану заманында білім беру мекемелерінде адамзаттың рухани
құндылығын сақтауға өз ықпалын тигізетін мектеп мұражайларының рөлі маңызды.
Осы себепті елімізде мектептерде әр түрлі типтегі мұражайларды ашу жолға қойылуда.
Бұл мұражайлар әр типте боғанымен ортақ мақсатта қызмет етеді. Яғни, жас ұрпақты
рухани тұрғыда бай мұрамен қаруландыру.
Бекет ата — Маңғыстау, Үстірт, Жем бойындағы Бекет Ата есімімен байланысты жер
асты ғимараттарының ортақ атауы.
Олар туралы халық жадында сан алуан аңыздар сақталған. Бекет Ата Мырзағұлұлы
(1750- 1813) - әулие, халық батыры, абыз көреген, ағартушы, сәулетші. Туып, өскен
жері Жем өзені бойындағы Ақмешіт Құлжан, Маңғыстау өңірі. Бекет Атаның
білімдарлық, батырлық, әділдік, еңбексүйгіштік, абыз көріпкелдік қасиеттері өз дәуірінде
ерекше танылған. Халық оны айрықша қадірлеп, әулие тұтқан. Адайлар өзінің ұранына
айналдырған. Халық Бекет Атаның өмірін, қысылғанға жар болған ерекше қасиетін,
әулиелігін ықыласпен әңгімелеп, ұрпақтан ұрпаққа ұластырған.
Тамғалы петроглифтері немесе Таңбалы — петроглиф тас кешені, Жетісудың ең көне
ескерткіштерінің бірі. 2004 жылдан бері Қазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра
нысандары тізіміне енген.
Тамғалы шатқалының тастағы суреттер галереясын 1957 жылдың 19 қыркүйегінде
Қазақстанның тұңғыш кәсіби археологы Анна Георгиевна Максимованың жетекшілігімен
Қазақ КСР Ғылым Академиясы Тарих және археология институтының
Оңтүстік-Қазақстан археологиялық экспедициясындағы Жетісу отряды ашқан.
Петроглифтер кездейсоқта табылғанмен, бұл жаңалықтың мәні төмендегідей болды,
Қазақстан аумағындағы адамдардың осынау көне тұрағының бірі ЮНЕСКО-ның
дүниежүзілік мәдени мұрасының тізіміне енді.
Петроглифтер Тамғалы шатқалының аса маңызды және көптүрлі ескерткіштерінің бірі
болып табылады. Тастағы суреттердің бәрі пикетаж техникасында, кейде ғана темір
аспаптың немесе тастың көмегімен ойып жасалатын, бояумен жасалғандары
кездеспеген. Тастағы суреттер галереясын арғы ата бабаларымыз орта қола, кеш қола,
өтпелі дәуір (ертедегі сақ), ертедегі темір дәуір (сақ және үйсін), ортағасыр (ертедегі
түрік) және жаңа заман (жоңғар және қазақ) сияқты әртүрлі тарихи дәуірде құрған.
Тамғалы тастағы суреттердің көне және ең әсерлі сериясын құрайтын, орта қола
дәуірдің петроглифтары эстетикалық және мәдени құндылықтарға ие. Сол кездегі
тастағы бейнелеу өнерінің шеберлерін солярий құдіреті («күнбастылар»),
«маскарадшылар», шоқпарұстаушылар, қасқыр маскасындағы садақшы, қару ұстаған
жауынгерлер, малдар мен адамдарды құрбандыққа шалу көріністері, эротикалық
көріністер, жас босанған әйелдер, арбалар, түрлі белгілер, символдар, сондай-ақ
бұқаларды, құландарды, аттарды, түйелерді, қабандарды, қасқырлар мен бұғыларды
бірнеше рет бейнелеу сияқты ойларының кеңдігі ерекшелендіріп тұрған.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Ғабитов Т.Х. «Культурология»: Учебник для студентов вузов и колледжей / - Алматы: ТОО «Лантар Трейд», 2019. - 402 стр.
2. Ғабитов Т.Х. «Қазақ мәдениетінің тарихы: оқу құралы». – Алматы: Қазақ университеті, 2016.
3.Барнард Алан. "Антропология тарихы мен теориясы"/пер. на каз.яз. Под руков. Кульсариева А.Т., Масалимова А.Р. – А., 2017.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет