81
Дауысты
Ү
дыбысының ҒІ (300-400 Гц) және ҒІІ (1300-1500 Гц)
форманттары бір-бірінен алшақ және әртүрлі жиілікте орналасады.
Дауыстының форманттары барлық уақытта бір-бірінен алшақ жатады.
Форманттарының бір-бірінен алшақ орналасуына қарай шашыраңқы
дауысты болып табылады. Бедер таңбаға қатысты акустикалық
белгісі –
шашыраңқы.
Естілім зерттелім үшін форманттардың нақты (абсолют) жиілігінің
мәні жоқ, сондықтан форманттардың салыстырма (относительный)
жиілік деңгейін модельдеп шығамыз. Модель дауыстылар арасындағы
естілімге қатысты акустикалық айырмашылықты көрнекі бейнелейді.
Дауысты
ұ/ү
дыбыстарының салыстырма көрнекілігі олардың
арасындағы акустикалық айырмашылықты бейнелейді.
Дауыстылардың өзара жинақы/шашыраңқы
белгілері көрнекі
өрнектелген. Өрнек қысаң еріндік дауыстылардың дәстүрлі жуан/
жіңішке жіктелімін көрнекі пысықтап тұр.
Дауыстылардың жуан/жіңішке белгілері естілім деңгейінде өте
жақсы аңғарылатын болып шықты.
Естілім талданымға қатысқан
аудиторлардың 85 %-ға жуығы дұрыс белгілеп шықты.
Мұның өзі еріндік қысаң дауысты дыбыстар үшін акустикалық
көрсеткіштер мен естілім нәтижелерінің орнықты екенін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: