Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd


[w] таңбасына латын  негізіндегі жаңа апостроф әліпбиімізден де орын табылмады, қайтадан  сол орыс тілінің созылыңқы  у[u:]



Pdf көрінісі
бет158/225
Дата17.11.2023
өлшемі10,2 Mb.
#191772
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   225
Байланысты:
Жүнісбеков

[w]
таңбасына латын 
негізіндегі жаңа апостроф әліпбиімізден де орын табылмады, қайтадан 
сол орыс тілінің созылыңқы 
у[u:]
дыбысының 
y’
деген таңбасының 
кебін киіп қалды. Енді қашан және қай ұрпақ оны осы бір шалажансар 
әліпби тамұғынан аршып ала алар екен, әлде біздің көз алдымызда 
өшіп құрдымға кете береді ме? Келер ұрпаққа аманат етіп қалдыруға 
да дәрменіміздің келмегені ғой.
ұ
ү
у
Акут мәтін үлгісі
(ұлттық емле үлгісі бойынша және ерін 
үндестігінің қазіргі емлесі сақталды)
Жуан әуезді сөздер құрамында:
- жуан әуезді қысаң
Ұ[u]
мен үнді жуысыңқы 
У[ý]
дауыссызының 
тіркесі 
ҰУ[uý]
болып жазылады;
- сөз басында 
[ý]
кездеспейді, сондықтан сөз 
ұ[u]
дауыстысынан 
басталады: 
у (ұу) 
[uý],
уық (ұ-уық) 
[u-ýyq],
уыс (ұ-уыс) 
[u-ýys], 
уақыт (ұ-уа-
қыт) 
[u-ýa-qyt]
;
- сөз ортасында: туыс (тұ-уыс) 
[tu-ýys],
суық (сұ-уық) 
[su-ýyq]

жуан (жұ-уан) 
[ju-ýan]
, шаруа (ша-рұ-уа) 
[sha-ru-ýa]
, оқушы (о-құу-
шы) 
[o-quý-shy];
- сөз соңында: ту (тұу) 
[tuý],
су (сұу) 
[suý]
, бу (бұу) 
[buý]
, алу 
(а-лұу) 
[a-luý],
толу (то-лұу)
[to-luý]
, оқу (о-құу) 
[o-quý]
, қару (қа-рұу) 
[qa-ruý];
Жіңішке әуезді сөздер құрамында:
- жіңшке әуезді қысаң 
Ү[ú]
мен үнді (жуысыңқы) 
У[ú]
дауыссызының тіркесі 
ҮУ[úý]
болып жазылады:: 


241
- сөз басында 
[ý]
кездеспейді, сондықтан сөз 
ү[ú]
дауыстысынан 
басталады: уіл (ү-уіл) 
[ú-ýil],
уәде (ү-уә-де) 
[ú-ýá-de]
, ү-уәж (ү-уәж) 
[ú-ýáj]
, уәли (ү-уә-лій) 
[ú-ýá-liɪ]
, уәзір (ү-уә-зір)
[ú-ýá-zir];
- сөз ортасында: сурет (сүу-рет) 
[súý-ret]
, келуші (ке-ліу-ші) 
[ke-
lúý-shi],
сенумен (се-нүу-мен) 
[se-núý-men],
секіруге (се-кі-рүу-ге) 
[se-ki-rúý-ge]
, келуі (ке-лү-уі) 
[ke-lú-ýi];
- сөз соңында: елу (е-лүу) 
[e-lúý],
білу (бі-лүу) 
[bi-lúý],
ескеру 
(ес-ке-рүу) 
[es-ke-rúý]
, кешіру (ке-ші-рүу)
[ke-shi-rúý].
Акут әліпбиіміз үшін осы емленің үлгісі дұрыс болып шығады.
Бұған дейін «у» таңбасына (бірінші әңгіме) тоқталған едік. Ендігі 
кезек «и» таңбасына (екінші әңгіме) келді. Өйткені қазақ жазуындағы 
«жаңсақ естілімнің» зардабы орыстың бір «у» таңбасымен бітіп 
отырған жоқ және сөз болғалы отырған орыстың «и» таңбасымен тағы 
бітпейді.
Қазақ тілінің дыбыс құрамын анықтау сонау ХІХ ғасырдың
екінші жартысынан басталғаны айтылды. Сол дәуірдің өкілдері 
қазақ тілінде «і» және «й» дыбыстары бар екенін дұрыс аңғарып, 
оларға дербес-дербес таңба берді. Дегенмен «жарты дауысты» деген 
мәртебеге сол кезден бастап ие болғаны белгілі. Сөйтіп кейбір сөздердің 
жазылымында, сирек болса да, «и» таңбасының кездесіп қалатыны тағы 
бар. Келесі кезеңде, ХХ ғасырдың басы, А.Байтұрсынұлы көрсеткен 
қазақ тіліндегі 29 дыбыстың құрамында күмәнсыз жүр. Қазақ тілінің 
алғашқы латын әліпбиінде (1929-39)
 
«і» және «j» таңбаларымен басы 
ашық белгіленіп келді. Бертін келе дауысты мен дуыссыздың мәртебесі 
ескеріліп, ый/ій тіркестерінің құрамында 1957 жылға дейін бөлек 
жазылып келді. 50-60-шы жылдардағы зерттеушілер «и» таңбасын 
қазақ тілінің дауыстылар құрамына енгізіп жіберді. Сонда да болса, 
қазақ сөзінің жазылым емле ережесіне әсер ететіндей мәртебесі болған 
жоқ. Тек 1957 жылы, бұдан бұрын айтқанымыздай, «қызыл саясат» 
қазақ әліпбиі мен оның емле ережесіне де жетті. Сөйтіп қазақтың төл 
сөздерінің жазылымына орыс тілінің «и» дыбыс/таңбасы ендірілді. 
Сонымен кірме «и» таңбасы да «у-мен» жарысып, қазақтың төл 
дауысты дыбыстарының құрамына «дауысты» болып қосыла кетті. 
Кез-келген ғылыми-теориялық еңбек немесе оқулық бетін ашыңыз, 
оқу-құралының немесе әртекті мақаланың бетін ашыңыз, алдыңыздан 
дауысты «и» шыға келеді. Тағы да «тый/ти», «сый/си» деп жазып, 


242
әбігерге түсіп келеміз. Қазақ тілінде ый/ій тәрізді дауысты+дауыс - 
сыз дыбыс тіркесінің жеке дауысты дыбыс бола алмайтыны санамызға 
жетпей қойды.
Осы саяси әліпби реформасының жемісін, қайта-қайта қайталай 
беруге тура келеді, енді «теріп-жеп» отырмыз. Қазіргі ұрпақты қазақ 
тілінде дауысты
 
«и» дыбысы жоқ деп сендіре алмай отырғанымыз тағы 
да сондықтан.
Сонымен, тіркестің бірінші сыңары дауысты «і» дыбысының 
жасалымына толық тоқталып жатпаймыз, тек қысқаша анықтамасын 
ғана атап өтеміз: тілдің көлденең қалпына қарай – 
тіл ортасы

тілдің тік қалпына қарай – 
қысаң
, ерін қатысына қарай – 
езулік
. Сонда 
жасалым белгілері: 
тіл ортасы, қысаң, езулік
болып шығады.
Ал «й» дауыссызына толық тоқталуға тура келеді. Соңғы жылдары 
жарық көрген академиялық еңбектерде «й» таңбасымен белгіленіп 
жүрген дыбыстың ақиқат мазмұны анықталып берілді: «Й(y) дауыссыз 
дыбысы тілшік (тіл ортасы) арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай 
тілшік (тіл ортасы)
дауыссыз дыбыс болып табылады. 
Й
дауыссыз 
дыбысы тілшік (тіл ортасы) пен тіл түбінің (таңдайдың) өзара жуысуы 
арқылы жасалады. Жасалу тәсіліне қарай 
жуысыңқы
дауыссыз дыбыс 
болып табылады. 
Й
дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі мол 
тербеледі, яғни мол қатысады. Дауыс қатысына қарай 
үнді 
(тербелімді) 
дауыссыз дыбыс болып табылады. 
Жасалым белгілері: 
тілшік (тіл ортасы), жуысыңқы, үнді
дауыссыз дыбыс». Дауыссыздың ақиқат анықтамасы осы. Ал 
Халықаралық Фонетикалық Әліпби (ХФӘ) бойынша оның таңбасы 
[y]
болып табылады.
Оның да қазақ тілі дауыссыздарының пішіндемесінде (моделінде) 
өзінің орны бар. Модель жоғарыда келтірілді.
Пішіндемеден көрініп тұрғандай, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет