61
5.15-
сурет. Дауысты
ы
дыбысының акустикалық
көрінісі
4.15-сурет. Дауысты
ы
дыбысының
акустикалық көрінісі
Дауысты
І
дыбысының ҒІ (300-500 Гц) және ҒІІ (1700-2000 Гц)
форманттары бір-бірінен алшақ және әртүрлі жиілікте орналасады
(4.16-сурет). Дауыстының форманттары
барлық уақытта бір-бірінен
алшақ жатады. Форманттарының бір-бірінен алшақ орналасуына
қарай шашыраңқы дауысты болып табылады. Бедер таңбаға қатысты
акустикалық белгісі –
шашыраңқы.
5.16-
сурет. Дауысты
і
дыбысының акустикалық көрінісі
4.16-сурет. Дауысты
і
дыбысының акустикалық көрінісі
62
Естілім зерттелім үшін форманттардың нақты (абсолют) жиілігінің
мәні жоқ, сондықтан форманттардың салыстырма (относительный)
жиілік деңгейін модельдеп шығамыз. Модель дауыстылар арасындағы
естілімге қатысты акустикалық айырмашылықты көрнекі бейнелейді.
Дауысты
ы/і
дыбыстарының салыстырма көрнекілігі олардың
арасындағы акустикалық айырмашылықты бейнелейді (4.17-сурет).
5.17-
сурет.
Дауысты
ы/і
дыбыстарының
форманттарының
салыстырма орналасымы
4.17-сурет. Дауысты
ы/і
дыбыстарының форманттарының
салыстырма орналасымы
Дауыстылардың өзара жинақы/шашыраңқы белгілері көрнекі өр-
нектелген. Өрнек ашық жалаң дауыстылардың дәстүрлі жуан/жіңішке
жіктелімін көрнекі пысықтап тұр.
Дауыстылардың жуан/жіңішке белгілері
естілім деңгейінде бір-
шама анық аңғарылатын болып шықты. Естілім талданымға қатысқан
аудиторлардың 85 %-ға жуығы дұрыс белгілеп шықты.
Мұның өзі езулік қысаң дауысты дыбыстар үшін акустикалық көр-
сеткіштер мен естілім нәтижелерінің орнықты екенін көрсетеді.
Екінші кезекте
ұ/ү
жұбын аламыз, дауыстылардың жұбы қою сы-
зықпен көмкеріліп, қою жебемен қосылған.
Ы
І
Ұ
Ү
Өрнектен көрініп тұрғандай, қысаң дауыстылар өзара алты рет
жұптасады. Ендеше, акустикалық және перцепциялық талданым алты
рет қайталанады.
63
Ұ/Ү
дауысты дыбыстарының акустикалық жұбы.
Бірінші кезекте артикуляциялық
белгілерінің жаңғыртқылар
(резонаторлар) моделі жасалды (4.18-сурет).
5.18-
сурет. Дауысты
ұ/ү
дыбысының жаңғыртқылар жүйесі
4.18-сурет. Дауысты
ұ/ү
дыбысының жаңғыртқылар жүйесі
Достарыңызбен бөлісу: