Алипбаева Г. А., Нурова А. К


  Қоршаған айналаны оқыту әдістемесінің қағидалары



Pdf көрінісі
бет16/41
Дата19.05.2020
өлшемі1,67 Mb.
#69583
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41
Байланысты:
Алипбаева Г.А. Қоршаған әлемді оқыту әдістемесі
Документ Microsoft Word
3. 
Қоршаған айналаны оқыту әдістемесінің қағидалары 
Оқыту  принциптерін  білу  оқу  үрдісін  оның  заңдылықтарына  сәйкес 
ұйымдастыруға,  оқу  материалының  мақсаттарын  орынды  анықтауға  жә-
не  мазмұнын  таңдап  алуға,  оқытудың  түрлері  мен  әдістерінің  мақсат-
тарына тиісті түрін таңдауға мүмкіндік береді. 
Қоршаған  айналаны  пәнінен  оқу  материалын  іріктеу  кезінде  ұғым-
дардың ғылымилығы мен түсініктілігі ескеріледі, осыған байланысты не-
гізгі білім қарапайым түсініктер мен ұғымдар деңгейінде беріледі. Мұндай 
түсініктерге заттар мен денелер, ауа мен судың қасиеттері, минералдар, 
тау жыныстары мен  пайдалы қазбалар, тірі табиғат  алуандығы, табиғат 
процестері мен құбылыстары туралы білім жатады. 
Оқытудың  әрбір  кезеңінде  бастапқы  түсініктер  тереңдеп,  мазмұны 
кеңейеді және біртіндеп білімге айналады. Бұл білім «түсінік-ұғым-білім» 
схемасы  бойынша  қалыптасады.  Мұндай  жүйелілік  білім  мазмұнының 
біртіндеп тереңдеуін қамтамасыз етеді. Пәнді оқып–үйрене отырып, оқу-
шылар  өздерінің  бақылауларын,  бұрын  алған  ұғымдарын  қорытынды-
лайды,  оларда  өздері  меңгерген  білімнің  негізінде  жаңа  түсініктер  мен 
ұғымдар қалыптасады. Мазмұнның жүйелі толығуы оқушылардың білімін 
тиянақты етіп бекітуге мүмкіндік береді. 
Оқу  материалдары  белгілі  бір  жүйемен  реттеліп  Жоспары:ланбаса 
білім  тиянақты  қалыптаспайды.  Сондықтан  білім  жүйесінде  әр  пәннің 
өздеріне тән бекітілген бағдарламасы болады. Осы бағдарламаға сәйкес 
оқу  материалдары  белгілі  принциптермен  іріктеліп,  жүйеленеді,  яғни 
жүйелілік, бірізділік принциптерімен  жүзеге  асады. Сондай-ақ  материал-


дың тәрбиелік орны, ғылыми тиімділік тұрғысы,  көрнекілік жүйе,  өлкета-
ну, жеделдете оқыту, қиындықта оқыту, қарапайымнан күрделену бірізді-
лігі сияқты принциптер ұсталынады. 
Оқытудың  ғылымилық  принципі  білім  беру  мазмұнының  қазіргі  ғы-
лым мен техниканың, әлемдік өркениеттің жинақтаған тәжірибесінің даму 
деңгейіне  сәйкестігін  қарастырады.  Бастауыш  сыныптарда  қоршаған 
айналаны ғылымдарының қазіргі жетістіктері мен жаңалықтарын кірістіре 
отырып,  нақты ғылыми фактілермен, құбылыстармен, табиғи заңдылық-
тармен таныстыруға бағытталу болып табылады. 
Оқыту жүйесінде негізгі деп саналатын принцип – көрнекілік принци-
пі.  «Егер  оқушыларға  нақты  шынайы  білім  беруге  ниеттенсек,  онда  біз 
барлығын жеке бақылауымыз бен сезім көрнекілігі арқылы оқытуға ұмты-
луымыз  керек»,  –  деген  А.Я.Коменскийдің  пікірі  дәлелдейді.  Сондай-ақ, 
К.Д.Ушинский «қандай да бір жағдайды қабылдауға сезім мүшелері қан-
ша көп қатысса, ол біздің есімізде сонша берік сақталады», – деген. 
Оқытудың  көрнекі  және  техникалық  құралдарын  қолдану  материал-
ды тиімді игеруге жағдай жасайды. Сонымен қоса оқушылардың таным-
дық қызметінің белсенділігін арттырады, өмірмен байланыстыру қабілет-
терін  дамытады,  байқағыштыққа  тәрбиелейді,  оқуға  деген  қызығушы-
лығын арттырады және білім санада ұзақ сақталып, игеріледі. 
Оқытудағы  реттілік  пен  жүйелілік  принципі  оқулықтар  мен  бағдар-
ламаларда жүйелеп құрумен, пәнаралық және пәнішіндегі байланыстар-
ды орнатумен іске асырылады. 
Оқытуда  жүйелілік  тұрғыда  дамыту  оқу  материалын  нақты  құры-
лымдауға, оқылатын оқу пәні бойынша оқулық пен көрнекі құралдардың 
жиынтығын  жасауға  мүмкіндік  береді.  Жүйелілік  құрылымдау  оқылатын 
материалдағы  басты  ұғымдар  мен  категорияларды  бөліп  көрсетуді, 
олардың басты ұғымдармен байланысын орнатуды талап етеді. 
Оқытудағы бірізділік оқу материалына түсініктілікті, оны берік меңге-
руді,  қиыншылықтардың  бірте-бірте  артуын  және  оқушылардың  таным-
дық мүмкіндіктерінің дамуын қамтамасыз етеді. 
Өлкетану  принципі  –  табиғат  және  адам  еңбектері  оқытылатын  са-
бақтардың бәрінде белгілі бір ретпен, жүйелі түрде, күнделікті қолданып 
отыру қажет. Өлкетану екі бөлімнен тұрады:  
а)  мектеп  айналасындағы  жерлерді  сипаттайтын  материалдарды 
жинау; 
б)  жиналған  материалдарды  сабақта  пайдалану.  Өз  ауданын  зерт-
теуді  ауылда  мектептің  ауласынан  бастап,  одан  кейін  ауладан  ауылға, 
ауылдан  ауданға  ауысқан  жөн.  Қалада-ауладан  көшеге,  көшеден  өз 
ауданына, одан кейін бүкіл қаланы зерттеуге көшу  керек. Әдетте өз же-
рін зерттеу төмендегі жоспары бойынша жүргізіледі: Қаланың, ауданның 
географиялық  орны;  Қаланың  немесе  ауданның  жер  бедері,  пайдалы 
қазбалары;  Климаты;  Сулары;  Топырағы;  Өсімдіктері  мен  жануарлар 
жүйесі; Ауданның өткен тарихы; Халқы, олардың айналысатын кәсібі; Да-
му  перспективалары.  Осылай  тікелей  зерттеу  негізінде  көптеген  түсінік-


тер  тұжырымдауға  мүмкіндік  береді;  оқушылардың  байқампаздығы  кү-
шейеді, тек оқулықтан ғана емес, айналадағы табиғат пен өмірден де бі-
лім  алуларына  көмектеседі;  өз  өлкесін  танып  білу  арқылы  туған  жерге 
деген  сүйіспеншілігі  артып,  патриоттық  сезім  қалыптасуына  мүмкіндік 
береді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет