Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8-сынып оқушыларына арналған «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша қалыптастырушы бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 8-сыныптың (қазақ тіліндегі) «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына, ойлау дағдыларының деңгейіне жетуге мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша қалыптастырушы бағалауға арналған критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
2
МАЗМҰНЫ
1- тоқсан бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
БӨЛІМ. «Дананың сөзі – ақылдың көзі»
5
2- тоқсан бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
БӨЛІМ. «Көркем әдебиет және эпикалық сарын»
10
3- тоқсан бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
БӨЛІМ. «Махаббат және абырой»
15
4- тоқсан бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмалары