Бағалау критерийі
|
Білім алушы
|
|
|
• Шығармадағы материалдық және рухани
|
|
|
құндылықтарды заманауи тұрғыда
|
|
|
салыстырады
|
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
• Шығарманың жаңашылдығына баға береді
|
|
Жоғары деңгей дағдылары
|
|
|
|
Тапсырма
Шығармада көрініс тапқан құндылықтарды анықтаңыз.
Оларды қазіргі өмір құндылықтарымен салыстырыңыз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
шығармадағы құндылықтарды анықтайды;
құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырады.
Тақырыбы Ш.Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі
Оқу мақсаты 8.3.3.1 Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын
гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Әдеби эссені шығарманың көркемдік-идеялық
құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап жазады
Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары
деңгейі
Тапсырма
Берілген үзіндіні негізге ала отырып, шығарманың идеясын гуманистік тұрғыдан талдаңыз.
Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік
Бір білімді данышпан жан табалық...
...Өзің біліп біреуге қылсаң жарлық,
Асыл сол –ақыл, білім бойда барлық.
Айла, өтірік, арсыздық өнер емес,
Мен де анаудай болсам деп таласарлық.
«Ақыл – білімге бастар жол» тақырыбында әдеби эссе жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы
берілген үзіндіні қолданады;
шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдайды;
тақырып бойынша әдеби эссе жазады.
Тақырыбы Ш.Құдайбердіұлы «Еңлік- Кебек» дастаны
Оқу мақсаты 8.3.4.1 Шығарма бойынша жазылған әдеби сын-
пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни
пікір жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Әдеби сын-пікірлерге сүйеніп, өзіндік
сыни пікір жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Берілген пікірге сүйене отырып, «Еңлік-Кебек» дастанындағы әлеуметтік мәселелердің суреттелуіне сыни пікір жазыңыз.
«Еңлік-Кебек» - қазақ елінің қоғамдық өмірін, салт-санасын, әдет -ғұрпын, әр топ өкілдерінің мінез-құлқын, іс-әрекеттерін нақтылы сурет бейнелер арқылы шынайы, шебер баяндаған нағыз реалистік туынды.
Ақын ескі әдет-ғұрыпты берік ұстанған ел намысын қорғаушылардың сүйіскен екі жастың адал махаббаттық сезімін аяққа басып, оларды аяусыз жазаға қиған қаталдығын толғана баяндай отырып, сол замандағы қоғамдық өмірдің шиеленіскен қайшылығын ашып көрсеткен.
Дескриптор Білім алушы
сын-пікірге сүйеніп талдайды;
шығармадағы әлеуметтік мәселені анықтайды;
сыни пікірін жазады.
3-тоқсан бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
Достарыңызбен бөлісу: |