Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі



бет19/58
Дата15.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#111921
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   58
Байланысты:
!17 ОШ ҚБ Қазақ тілі Т1 7-сын қаз
1 вариант РК бак рус, 5 жиынтық спецификасы, downloadnpaapp, Матем 8-15
Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Автор көзқарасын ажыратады

  • Көтерілген мәселені талдайды

Жоғары деңгей дағдылары



Тапсырма

Мәтінді тыңдап, автордың көзқарасы мен көтерілген мәселені жазыңыз.




...Нағыз қазақ - домбыра!


Домбыра – қазақтың бас аспабы. Ұрпақтан ұрпаққа бабамыздың көзіндей аманатқа қалдырылып, осы уақытқа дейін қылы қисаймай жеткен халқымыздың көне мұрасы. Қазақ халқының мәдениет пен өнер тарихының ежелгі көріністері осы домбырамен үндесіп жатқандай.

Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, күйші, композитор Жасарал Еңсепов «Домбыраның екі ішегін қағып, әуен шығару, бір мезгілде поэзияға қосып, нәтижесін көрсету - логика, күй сезімінің мәнін жеткізу - философия» - деп тұжырымдаған. Бұдан біз қазақ халқының көне заманының, сонымен қоса қазіргі таңдағы күйшілерінің соншалықты талантты болғанын, осы сапаларды кешенді түрде бір мезгілде көрсеткен тума дарындылықты аңғарамыз. Ұлтымыз үшін, ұлттық құндылықтарын дәріптей білетін әр қазақ үшін домбыра - ұлттық мақтаныштың бірегейі.

Домбыра шертілгенде қазақтың кең-байтақ сахарасы, сұлу табиғаты, самал желі мен үрлеген бораны, көлдегі аққуы көз алдымызға келеді. Бұл қазақ күйінің ерекшелігі. Орыс зерттеушісі Г.Н.Потаниннің «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді» - деген сөзі соның бір дәлелі. Қос ішек үнінен бүкіл қазақ жұртының қуанышы мен қайғысы, арман-мүддесі, философиялық сарыны, азаматтық үні, тарихы күй болып төгіледі. Қадыр Мырзалиев өлеңінің:

Бір ішегінде биіктік бар, бір ішегінде тереңдік.

Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңді.—

деген жолдары соны айғақтады…

Бүгінгі қоғамда домбыраның сиқырлы әуенінің құдіретін жете түсінбейтін жандар көптеп кезігеді. Онан гөрі Батыстың ән-күйін тыңдағанды жөн көреді. Жанына тыныштық пен емді сол Батыс әуендерінен алып, соларға тәуелдене түседі. Бұл, әрине, қазіргі заман адамдарының психологиясына байланысты болар. Дегенмен, түсінгенге, сезінгенге домбыраның күмбірі, өзгеше әуезі талай жанға рухани күш дарытуға қауқарлы. Сонымен қоса адам бойында патриотизмді оятуда да үлесін қосары сөзсіз. Тек қазақ елінде ғана домбыра аспабының бар екенін және оның құдіретті үні бүкіл қазақ тарихын, психологиясын, идеологиясын жеткізетін үлкен қызметі бар екенін ұмытпағанымыз жөн.



Автордың көзқарасы

Көтерілген мәселе













Дескриптор

Білім алушы

- мәтінді мұқият тыңдайды;

- автор көзқарасын анықтайды;

- көтерілген мәселені анықтайды.









Оқу мақсаты

7.1.4.1 Мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет