Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі


Ә. Нұршайықовтың күнделігінен



бет46/58
Дата15.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#111921
түріСабақ
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   58
Байланысты:
!17 ОШ ҚБ Қазақ тілі Т1 7-сын қаз

Ә. Нұршайықовтың күнделігінен


1940 жылғы 27 маусым.

«Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық – аздырар адам баласын» деген Абай сөзі рас екен. Мен қалада жүргенде анау-мынау ұсақ өлеңдер жаза беруші ем. Колхозға келгелі ешнәрсеге мойным жар бермейді».

19 апрель. 1943 жыл.

«Бүгін зеңбірек аттарының жал-құйрығын тарап, жуып жатырмыз. Бәйгеге қосатындай етіп, кекілін сәндеп, кежімдеп жатырмыз… Егер осы аттар болмаса, үш тонналық зеңбіректерді біз қалай сүйреп жүрер едік? Адам сияқты емес, ат байғұстар сол сіңірген еңбектеріне сыйлық сұрап, награда дәметпейді… Биыл 9 январьда 6 ат пен 6 жауынгерім оққа ұшты. Аттарым менің, асылдарым менің!»

13 февраль 1945 жыл.

«Біз атып бола бере бізге қарай бір елік қашып келе жатты. Алдынан біреулер оқ атып еді, кейін қарай қашты. Ар жағынан зеңбіректің атылған дауысынан тағы бері қарай қашты. Байғұс, жаралы киік жанын қайда қоярын білмей сасуда».

6 декабрь 1942 жыл.

«Бұрын бізде артиллерия мастері болып, кейіннен дивизияға ауысқан үлкен сержант Сперанский Борис келді. Борис айтады: Кеше біздің штабқа төрт немісті ұстап әкелді. Екеуі – офицер. Оларды алдымен дивизионның штабына әкелген. Онда кіші лейтенант Біләлов нан жеп отырса керек. Сонда немістің бірі тұрып:

– Мынау артиллерист пе, минометчик пе? – деп сұрады Біләловті.

– Артиллерист, – деп жауап беріпті біздің жігіттер.

– Ендеше, артиллеристеріңді ақ нан, колбаса беріп тамақтандыруларың керек. Сонда артиллерияларың дәл ұрады, – деп айтты дейді неміс.

– Ал минометшіні ше? – деп сұрайды Біләлов.

– Соломмен тамақтандыру керек. Минометчиктерің өте жаман ұрады, – депті.

Жолда әкеле жатқан часовойларға: «Сендердің киімдерің жылы, жүз жыл соғысуларыңа да болады ғой» деп айтады дейді немістер».

13 февраль 1945 жыл.

«Таңертең бір қазаққа кездестім. Ол Қазақстанның анасы, қарт Дина Нұрпейісованың туған баласы екен. Бұрын Алматы филармониясында хорға қатысушы болған. Қазір 412-атқыштар полкінің, 3-батальонында санитар екен. Аты – Мұрат Шапеков».
«Төрт сөйлем»

1. Пікір. Оқыған мәтін бойынша өзіндік пікіріңізді бір сөйлеммен жазыңыз.

2. Дәлел. Өз пікіріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіз.

3. Мысал. Пікіріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіз.

4. Қорытынды. Мәтін бойынша қорытынды шығарыңыз.




Дескриптор

Білім алушы

- тақырыбын, мақсатын айқындайды;

- мәтіннің жанрын анықтайды;

- жазбалардың құрылымы мен рәсімделуін ажыратады.






Оқу мақсаты

7.2.4.1 Идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет