Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі мен әдебиеті



бет11/30
Дата07.10.2024
өлшемі2,17 Mb.
#205779
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30
Байланысты:
!3-ОШ ФО Қазақ тілі Т2 6кл

Бағалау критерийі


Білім алушы

• Тақырып төңірегінде жұбымен диалогке қатысады


• Диалогте ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті


формаларын қолданады



Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану




Тапсырма
Берілген суреттерді пайдаланып, жұпта диалог құрастырыңыз. Диалог мазмұнында берілген сөйлеу этикетінің формаларын қолданыңыз.

Сөйлеу этикетінің формалары: Сәлеметсіз бе, сіз қалай ойлайсыз, сіз...... дегенмен келісесіз бе, мен сіздің........ ойыңызбен келісемін,өте жақсы ой айттыңыз, пікіріңізге рахмет, сау болыңыз




Дескриптор Білім алушы



  • сурет бойынша жұпта диалог құрастырады;

  • жұбына тақырып туралы 3 сұрақ қояды;

  • жұбының сұрағына толық жауап береді;

  • диалогте берілген сөз оралымдарының кем дегенде 4-5 қолданады.

31


Оқу мақсаты
6.4.4.1 - мәліметтерді жинақтай отырып, бойынша постер, сызба-кестелер жасау
тақырып



Бағалау критерийі


Білім алушы

• Тақырыпқа сай мәліметтерді жинақтайды,


сызба-кестелер әзірлейді



Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану




Тапсырма
Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтіндегі ақпараттарды кесте немесе сызбаға түсіріңіз.
Сызба/кестеңіз бойынша жұбыңызға мәтінді ауызша әңгімелеңіз.

Статистика бойынша, үйде шамдар мен шырақ шамдар электр энергиясының 20 пайызын тұтынады, сондықтан қыздыру шамдарын энергия үнемдейтін шамдарға ауыстыру отбасы бюджетін үнемдейді. Бұл энергия үнемдейтін шамдар үйреншікті қыздыру шамдарынан 5-7 есе қымбат тұратынына қарамастан, шамдарды ауыстырғандағы үнемді бағалайды. Ол үшін, мәселен, қыздыру шамы күніне 3 сағаттан 100 Вт қуаттылықпен немесе айына 90 сағат жұмыс жасайды деп алайық. Бұл жағдайда қыздыру шамы ай сайын 9 кВт (0,1кВт *90=9кВт*) электр энергиясын тұтынады. Егер қыздыру шамының орнына 20 ваттық энергия үнемдейтін шамды қолданса, электр энергиясының тұтыну айына 1,8 кВт (0,2кВт*90=1,8кВт*) құрайды. Сонымен бір қыздыру шамын энергия үнемдейтін шамға ауыстырудан болған үнем айына 7,2 кВт құрайды. Егер бір ай көлемінде бір шамды ауыстырумен болған үнем азғантай сияқты болғанмен, ал 10 шамды ауыстыру кезіндегі бір жылғы үнем 864 кВт* құрайды.


Энергия үнемдейтін шамдардың электр энергиясын үнемді тұтынудан басқа да ұзақ мерзім қызмет ету және жоғары жарық беру ерекшеліктері бар. Яғни, энергия үнемдейтін шамдарды Сіз 5-10 жыл, ал қыздыру шамдарын 1 жыл ғана қолдана аласыз.




Дескриптор Білім алушы



  • кесте немесе сызба түрінің бірін таңдайды;

  • мәтіндегі ақпараттарды кесте/сызбаға түсіреді;

  • кесте/сызбасын қолдана отырып, жұбына мәтінді ауызша әңгімелейді.

32


Оқу мақсаты
6.3.6.1 - тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстыру





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет