Қалыптастырушы бағалауға арналған



Pdf көрінісі
бет12/24
Дата13.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#111398
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
Байланысты:
ОШ ФО Әдебиет 7-сынып 280417

Оқылатын шығарма  

тақырыбы  

                                                    

Ж.Жабаев «Зілді бұйрық» 



 

Оқу мақсаты

 

 



7.Т/Ж1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін 

талдау 


 

Бағалау критерийі  

 

 

 

Ойлау дағдыларының 

деңгейі 

Білім алушы  

 



Шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін 

талдайды.Білу және түсіну 

 

Жоғары деңгей дағдылары  



 

 

 



Тапсырма 

Ж. Жабаевтың "Зілді бұйрық" өлеңінен берілген үзінділерді топта талдаңыз. «Әдеби 

шеңберге» қатысыңыз. 

 

Дереккөз: 

http://bilim-all.kz/olen/2093-Zildi-buiryq

 

 

1.

 «Верныйдан» жандаралдар бұйрық қылды, 

Құйрығы бұйрығының тіпті зілді. , 

«Отыз бір - он тоғызды алад» деген 

Суық хабар халықты бұлқындырды. 

Жылады сорлы халық, малын айтып, 

«Кеткен соң қолдан шығып, келмес қайтып», - 

Дейді де еңірейді, егіледі, 

Қайғының күні-түні күйін тартып. 

«Верныйдың» қадам баспай қаласына, 

Кемпір, шал жылап жатыр баласына. 

Ешбір ем табылмады іздесе де 

Халықтың жүректегі жарасына. 

Пристав келіп қалды бала сұрап, 

Ел жатыр бермейміз деп қойдай шулап. 

«Қырсаң да баламызды бермейміз» деп, 

Тайсалмай әке-шеше жатыр сұлап. 

Пристав ашуланды «аламыз» деп, 

Жігіттер тұр: «Бармаймыз, қаламыз, - деп. - 

Егер де бұл түріңді өзгертпесең, 

Басыңа бір ойранды саламыз!» - деп. 

Ел-ел боп жиылды кеп әрбір сайға

Ал әлеумет, қараңдар мына жайға. 

Сеңдей болып соғылып толқындады, 

Бір сая бола ма деп шыбын жанға. 

Жиылды бозбалалар бір кезеңге, 

Қарғалы деген тасқын бір өзенге. 

Пристав кетті: «Еріксіз аламын, - деп, - 

Көресің бұл істі! - деп, - кезегінде!». 

Бәрін де ол пристав жаттап алды

Басшыларын қағазға хаттап алды. 

Аттандырып бұл елге солдаттарын, 

Басты-басты кісіні саптап алды. 




ЖОБА 

34 


 

2.

 Тауға шығып өрмелеп, тасқа бұғып

Елдің бәрі жанынан түңілді енді. 

Ертеңінде ел-елге әскер барды, 

«Шапшаң түсіп, келсін» деп хабар салды. 

«Қашқандарды атады» дегеннен соң, 

Таудағылар кірер жер таба алмады. 

Аттандық ұлығының қонысына, 

Елді сорған борсықтай болысына. 

Көп ерлер қаза тапты жауға аттанып 

Көксеген азаттықтың соғысында. 

 

«Әдеби шеңбер» 

1. Баяндаушы. Өлең жолдары бойынша түсінгеніңді баяндайды. 

2. Байланыстырушы. Тарихи оқиғамен байланыстырып талдайды. 

3. Талқылаушы. Өлең жолдары бойынша сұрақтар құрастырады. 

4. Белгілеуші. Өлең жолдарынан түйінді ойды баяндап тұрған маңызды тұстарын 

анықтайды. 

 

Дескриптор

 

Білім алушы

 

 



өлең жолдарын талдайды; 

шығарманы тарихи оқиғамен сабақтастырады; 



түйінді ой айтады; 

негізгі идеяны анықтайды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет