Қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың нәтижелері



Дата10.01.2023
өлшемі14,28 Kb.
#165288
Байланысты:
тапсырма


Әлемнің 8 еліндегі: Англия, АҚШ, Финляндия, Канада, Сингапур, Австралия- да қолданылатын мектептік бағалау моделдерін талдау олардың арасындағы айырмашылықтарды, жалпы түсініктерді және жүзеге асыру жолдарын анықтауға мүмкіндік берді. Әр мемлекетте қабылданған мектептік бағалаудың анықтамасы сол елдің білім саясатына және бағалауды қалай қолдануына тәуелді: оқытуды дамыту немесе баға қою. Сонымен, қалыптастырушы бағалау АҚШ, Жаңа Зеландия, Финляндия, Канада, Сингапурда оқу бағдарламаларын және оқушылардың оқу процесін жақсарту үшін қолданылады. Қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың нәтижелері АҚШ, Гонгонк, Австралияда шынайылықты арттыру үшін және бірыңғай критерийлер негізінде бағалаудың әділдігі үшін қолданылады. Біріңғай критерилерді анықтап алғаннан кейін қалыптастырушы және жиынтық бағалау жүзеге асырылады. Бірақ, әр елде мектептік бағалау негізіне жалпыға танылған көзқарастар бар:-Біріншіден, сабақ беру, оқыту және бағалау өзара байланысты және мектептік бағалау оқыту мен оқыту жұмыстарының бөлінбейтін бөлігін құрайды (Бойл және Чарльз 2010). -Екіншіден, мектептік бағалау оқу барысында (сабақ беруде) деректерді жинау және оқушы мен мұғалім арасында оқушының сұранысына сай оқытуды және күтілетін нәтижені ескере отырып сабақ беру барысын түзету үшін кері байланысты орнатады және ол қалыптастырушы бағалау деп аталынады.
Оқытудағы және тұтас әлемдегі заманауи қарқынды дамуы кезеңінде, Қазақстан оқытудың дәстүрлі әдістерінің балалар әлеуетінің толық дамуы үшін жеткіліксіз болып отырған факті алдында тұр. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде өмір бойы білім алуға, оқудың барлық деңгейінде сапалы білім алуға жол ашатын білім беру жүйесінің ұлттық моделінің дамуына барынша жағдай жасалғаны аталады. Сондықтан бұл бағыт тұтас Қазақстандағы білім беру жүйесі үшін басым бағыттардың бірі болып саналады. Білім беру жүйесі жаһандық білім беру жүйесіне бара-бара интеграциясы үшін кең мүмкіндіктерге ие. Отандық педагогикалық ойды ұғынуға, ашық қоғам жағдайында білім беру саласының және білімдегі интеграциялық үрдістердің келесі дамуына шетелдік тәжірибені талдау мен жинақтау ықпал етеді. Әлемдегі білімнің даму бетбұрыстарын түсіну үшін білім сапасының жоғары деңгейі халықаралық зерттеулермен расталып отырған елдердегі білімнің даму тәжірибесін зерттеу анағұрлым маңызды болып табылады. Білімнің жаңартылған мазмұнын және оқушылар жетістіктерін критерийлік бағалауды іске асыру мен имплементациясы (іс жүзінде орындалуы) мүмкін болатын ұтымды шарттарды жобалау үшін әзірлеушілерге отандық және халықаралық тәжірибеде орын алып отырған ұқсас тәжірибеге жүгіну қажет болады. Орта мектептегі критерийлік бағалауды едәуір терең зерделеу үшін білім саласындағы Финляндия, Сингапур, Ұлыбритания мен Жапония секілді озық елдердегі тәжірибені қарастыруға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет