Әлеуметтану — қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты. Әлеуметтану ғылыми білімнің дара саласы ретінде біршама кеш қалыптасты. Оның негізін 19 ғасырдың екінші жартысында Огюст Конт пен Герберт Спенсер қалады. «Әлеуметтану» түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы О.Контпен қолданылды. Қоғам мен әлеуметтік өмір жөнінде ғылым ретінде түсіндірілді. Әлеуметтану пәнінің қалыптасауы мен дамуы әлеуметтік қатынастардың өз аспектісінде қарастыратын, көптеген жаңа әлеуметтік концепциялардың пайда болуы арқылы жүзеге асты. Жалпы бұл теориялар өзінің теоретикалық-әдістемелік мағынасы бойынша бір-біріне қайшы келді, бірақ әлеуметтанудың ғылым ретінде тарихи қалыптасуына әр теориялардың ролі айрықша келеді. Әлеуметтануды қоғамдағы әлеметтік қауымдар, қатынас, құрылым, жүйе мен ұйымдардың дамуы жөнінде зерттейтін ғылымы деп белгілейді. Әр ғылым басқа ғылымдардан өзінің зерттеу пәнімен ажыратылады. Барлық ғылымдар түрлі құбылыстар мен үрдістердің объективті шындығын зерттейді. Бірақ әр ғылымның зерттеу нысанына, біріншіден, объективті шындықтың белгілі жағы мен саласы, екіншіден, тек берілген ғылымға ғана тән арнайы даму зандылықтары мен заңдары, үшіншіден, осы заңдар мен заңдылықтардың әрекет механизімдері мен айқындалуының ерекше формалары жатады. Сондықтан, ғылымның объектісі мен пәні ажыратылады: объектісіне зерттеу үрдісінің бағыты, ал пәніне зерттеу объектісін құрайтын, байланыстар мен қатынастар жатады. Әлеуметтанудың объектісіне қазіргі қоғам жатқызылады. Тек жай қоғам емес, таным үрдісі бағытталған әлеуметтік шындық саласы: әлеуметтік институттар, әлеуметтік қатынастар мен үрдістер, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік қоғам , әлеуметтік роль , әлеуметтік бақылау және т.б. жатады. Әлеуметтік зерттеу объектісіне ғылыми анализға жататын, әлеуметтік қарама-қайшылық жатқызылады. Социологиялық зерттеудің пәні объект қасиеті мен мәселе сипатымен айқындалады. Әлеуметтік танымның пәнің белгілеу үрдісінде шешуші әлеуметтік құбылыстар адам өзара әрекеті, әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік қауым мен үрдістер және т.б. жатады. Белгілі қатынастар қандай да бір әлеуметтік құбылыспен белгіленген, белгілі заңдылықтардың немесе тенденциялардың әрекетіне тәуелді. Олар әлеуметтанудың негізгі пәнін құрайды.
Атақты ағылшын ғылымы ДЖ.Херд «Әлеуметтануға кіріспе» еңбегінде, әлеуметтану адамзат қоғамы жөнінде ғылым ретінде белгіленеді. Оның отандасы Э.Гидденс қоғамды әлеуметтік кеңістікте, әлеуметтік уақытта айқындалу формаларында қарастырады. «Әлеуметтану – бұл адамның әлеуметтік өмірі, топтар мен қоғам жөнінде оқу».Қоғам – бұл деңгей бойынша ұйымдастырылған жүйе. Олардың өзара қатынас спецификасын ашатын және деңгейлерін тіркейтін, әлеуметтану пәнінің маңызды аспектілерінің бірі болып саналады. Әлеуметтануда қоғамның құрылысын социеталды деңгей деп атайды.
Келесі деңгей – бұл әлеуметтік институт. Әлеуметтік институт тек материалдық түрдегі мекеме ғана емес, ол ең алдымен, адамдар тобының іс-әрекетінің түрақты ұйымдасқан формасы. Әлеуметтік институт – бұл мемлекет, шіркеу, жанұя, ғылым, білімберу және т.б. Әлеуметтік институттың институт қызметінің тұрақтылығына жәрдемдесетін өзіндік ұйымы мен арнайы дайындалған адамдары бар. Қоғам ұйымшылдығының ерекше деңгейіне әлеуметтік қауым жатқызылады. Оларды зерттеу – «стратификация» түсінігімен сипатталатын, әлеуметтік білімнің ең негізгі динамикалық аймағы болып табылады .
Жеке адам деңгейі. Жеке адам, тұлға ең күрделі және қарама-қайшы білім беру ретінде айқындалады,- «Бір адамзат жанының тарихы біртұтас халықтың тарихынан бай”. Әр деңгей өзінің мәдениетіне, өзінің әрекет тәсілдеріне, белсенділік шегіне ие болады.