1. (ط,ذَالْ, تَا) махражы. Мысалы: لَئِنْ بَسَطْتَ, أثْفَلَتْ دَعَوَاللَّهَ, مَا عَبَدْتُمْ
2. (ظا,ذَالْ, ثَا)махражы.Мысалы:اِذْظَلَمُوا, يَلْهَثْ ذَلِكَ
3(بَا, مِيمْ) махражы.Мысалы:يَابُنَىَّ ارْكَبْ مَعَنَا
2. Ережесі: مَااتَّحَداَ مَخْرَجاً وَاخْتَلَفاَ صِفَةً
3. Мағынасы: Махраждары бір, сипаттары әр түрлі болған екі әріптің жолығуы.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------
18) ИДҒАМ МҮТӘҚАРИБАЙН БАБЫ:
1. Анықтамасы: Егер махраждары немесе сипаттары жақын болған әріптер бір-біріне кездессе идғам мүтәқарибәйн болады. Әріптері 2 махражда болады.
1. (لآمْ, رَا)махражы.Мысалы:قُلْ رَبَّ, بَلْ رَفَهُ اللَّهُ
2.(قَافْ, كَافْ)махражы.Мысалы:نَخْلُقْ كُمْ اَلَمْ
2. Ережесі: مَا تَقَارَبَامَخْرَجً اَوْ صِفَةً
3. Мағынасы: Махражында немесе сипатында жақын болған екі әріптің жолығуы.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------
19) ИДҒАМ ШӘМСИЯ БАБЫ:
1. Идғам шәмсия әріптері 14 әріп. Олар мына тақпақтың алғашқы әріптері:
تُبْ, ثُمَ, دَعْ, ذَنْبًا, رَمَى, زِدْ, سُمْعَةً, شِمْ, صَدْرَ, ضَيْفٍ, طَا, بَ, ضَنٌ, لَهُ, نَعَمْ
2. Анықтамасы: Егер ләм тағриф осы 14 әріптің біреуі келсе идғам шәмсия болады. Егер «нун-ға» кездессе идғам шәмсия мағал ғұнна болады. Қалғандарына кездессе идғам шәмсия билә ғұнна болады. Мысалы, وَالنَّاسِ, وَالشَّمْسِ, وَالنِّينِ
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------
20) ИЗХАР ҚАМАРИЯ БАБЫ:
1. Изхар қамария әріптері 14 әріп. Олар: اَبْغِ حَخَّكَ وَخَفْ عَقِيمَهُ
2. Анықтамасы: Егер ләм тағрифтен кейін осы 14 әріптің бірі кездессе изхар қамария болады. Мысалы: وَالْعَصْرِ, وَالْفَجْرِ, وَالْقَمَرِ
----------------------------------------------------------------------
21) ҚАЛҚАЛА БАБЫ:
1. Қалқала әріптері 5 әріп. Олар: قُطْبُ جَدٍ
2. Анықтамасы: Егер осы 5 әріптің бәреуі сөздің ортасында немесе соңында сүкінді болып келсе қалқала болады.Мысалы: يَدْخُلُونَ, أَحَدٌ, بِالْحَقِّ
3. Қалқала сөздікте: әрекет және зорлық мағынасына келеді.
4. Истилахта ережесі: تَقَلْقُلُ الْمَخْرَجِ حَتَّى يُسْمَعَ لَهُ نَبْرَةٌ قَوِيَّةٌ
5. Мағынасы: Қатты бір дауыс естілгенге дейін махражды зорлау.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------
22) ХУКМУРРА БАБЫ:
1. Анықтамасы: Егер «ра» үсті немесе үтір болса жуан оқылады.
Мысалы: اَلرَّحْمَنِ الرَّحِيم, وَالرُّوحُ, نَصْرُاللَّهِ
2. Анықтамасы: Егер асты (кәсрә) болса жіңішке оқылады
Мысалы: بِالْبِرِّ, رِجَالٌ
3. Анықтамасы: Егер «ра» сүкін болып алдыңғы әрпі үсті немесе үтір болса жуан оқылады.
Мысалы: وَانْحَرْ, مَنْ شَكَرَ
4.Анықтамасы: «Ра»-дан кейін Истиғла әріптерінен бір әріп келсе жуан оқылады. Истиғла әріптері 7 әріп. Олар: خُصً ضَغْطٍ قِظْ
Мысалы: مِرْصَادٍ, قِرْطَاسٍ, فِرْقَةٍ
5. Анықтамасы: Егер истиғла әріптері асты (кәсрә) болса жіңішке және жуан оқу жайыз.
Мысалы:كُلُّ فِرْقٍ
6. Анықтамасы: «Ра» сакин болып алдыңғы әріптің кәсрәсы арыз болса жуан оқылады.
Мысалы:اِرْجِعِى لِمَنِِارْتَضَى
7. Анықтамасы: «Ра» сакин болып алдыңғы әріп те сакин болса, олардан алдыңғы әріпке қарайды.Егер алдыңғы әріп үсті немесе үтір болса жуан оқылады.
Мысалы:بِالصَّبْرِ, مِنْ كُلِّ اَمْرٍ, فِى الصُّدُورِ
8. Анықтамасы: Егер «ра» сакин болып, алдыңғы әріп харфы лин әрпінен «иә» келсе жіңішке оқылады.
Мысалы:خَيْرٌ, السَّيْرَ
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------
23) ЛАФЗАТҰЛЛАҺ БАБЫ:
1. Анықтамасы: « اللَّه » Аллаһ сөзіне «лафзатұллаһ» деп айтылады.
Егер лафзатұллаһтың алдыңғы әріпі үсті немесе үтір болса жуан оқылады.
2. Мысалы: هُوَاللَّهُ, نَصْرُاللَّهِ
3. Анықтамасы: Егер лафзатұллаһтың алдыңғы әріпі асты (кәсрә) болса жіңішке оқылады. Мысалы:بِا للَّهِ, وَلِلَّهِ
----------------------------------------------------------------------
24) ЗАМИР БАБЫ:
1. Анықтамасы: «ه» «һә» әрпіне замир деп айтылады.
Егер замирдің алдындағы әріп харекелі болса мәд болады, яғни созылады.
Мысалы: اِنَّهُ, بِهِ, لَهِ
2. Егер «һә» әріпі сөздің соңында келіп, алдыңғы әріп харекелі болса созылмайды, өйткені бұл «һә»әріпі замир емес сөздің асыл әрпі: لَمْ يَنْتَهُ, وَمَا نَفْقَهُ
3. Бірақ Фурқан сүресінде болған « فِيهِ مُهَانًا» сөзіндегі «һә» әріпі созылады.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------
25) СӘКТЕ БАБЫ:
Сәкте құран кәрімде 4 жерде кездеседі:
«Кәһф» сүресінің 1,2 аятында:عِوَجاً قَيِّماً
«Ясин» сүресінде:مِنْ مَرْقَدِنَا هَذَا
«Қияма» сүресінде:وَقِيلَ مَنْ رَاقٍ
«Мутаффифин» сүресінде:كَلاَّ بَلْ رَانَ
Ережесі: السَكْتَةُ قَطْعُ الصَّوْتِ دُونَ النَّفَسِ
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Достарыңызбен бөлісу: |