Ангионевротикалық Квинке ісігі (oedema angioneuroticum Quince). Квинке ісігі 1862 ж жазылды, және ол жылдам пайда болатын реакциялар тобына кіреді. Квинке ісігі крапивницаға ұқсайды, және одан айыра білу қажет. Екі аурудың да патогенезі ұқсас: гистаминдердің босап шығуы, басқа да биологиялық активті заттар капиллярладың кеңеюіне, қан тамырлар өткізгіштігінің жоғарылауына алып келеді.
Квинке ісігі тағам, суық және басқа да аллергендерге жауап қайтару кезінде дамиды. Дәрілік заттардың ішінде ісікті жиі шақыратындарға амидопирин, ацетилсалицил қышқылы, бромидтер, антигистаминды препараттар және т.б. Басқа аллергендер арасында Квинке ісігін шақыратындарға
косметикалық заттар, иістер, дезинфекциялық заттар кіргізіледі.
Клиникасы
Ауру күтпеген жерден пайда болады. Науқаста ыңғайсыздық сезімі пайда болады, еріні, тілі, беттің басқа да бөліктері және
дене ісінеді. Ісінудің жүруімен қатар қышу да бірге жүреді. Квинке ісігінің ең жиі пайда болатын аймақтары ерін, қабақ, ұрт, маңдай және тіл. Бұл жағдайда еріннің және тілдің ісінуі және пальпация кезінде ауырмайтындығы байқалады. Тіл ісінген
кезде ауызға сыйуы қиындайды. Жұмсақ таңдай мен миндалинаның бірге ісінуі де мүмкін.
Ісіну бірнеше минут немесе сағат дамиды сосын өздігінен жойылып кетеді, бірақ бірнеше күн сақталуы мүмкін. Жұтқыншақ ісігі өмірге өте қауіпті, ол Квинке ісігінің бірде төрт бөлігін құрайды. Жұтқыншақ ісінуі өте жылдам дамиды. Науқас мазасыз, тыныс алуы нашарлайды, афония пайда болады, бет
көгереді. Жедел жәрдем көрсетілмеген жағдайда науқастан айырылып қалу қаупі жоғарылайды. Жеңіл жағдайларда
ұстама 30 мин жалғсады, ентігуі тоқтайды, дауыс ырғағы сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |