3 - патофизиологиялық бұзылыстар сатысында аллергия дәнекерлерінің нысана жасушаларға әсерлерінен:
қан тамырларының жергілікті және жүйелік өзгерістері (терінің қызаруы, артериалық қан қысымының төмендеуі т.с.с.) байқалады;
қан тамырлары қабырғаларының өткізгіштігі жоғарылауынан ісіну дамиды;
тегіс ет жасушаларының қатты жиырылып қалуынан бронхоспазм, ішектердің бұрап ауыруы, іш өту т.с.с. құбылыстар пайда болады;
қан ұю және ұюға қарсы, фибринолиздік жүйелердің бұзылыстарынан тамыр ішінде қан қатпалары пайда болуы немесе қан ұйымауынан қанағыштық синдром дамуы байқалады;
эпителий жасушаларының шырыш шығару қабілеті көтерілуінен кеңірдектерде тұтқыр қақырық өндіріледі;
сезімтал жүйке аяқшалары қоздырылудан ауырусыну, қызу, қышыну сезімдері болады;
тіндерде жасушалардың сіңбелерімен көрінетін қабыну дамиды;
аллергені бар нысана-жасушалардың ыдырауы (цитолизі) байқалады.