Қалмахан Ержан Сейтұлы


«Адамдардың  кейбіреуі  екі  жҥзді:  «Аллаһқа  ақырет  кҥніне  иман



Pdf көрінісі
бет15/36
Дата16.06.2020
өлшемі407,48 Kb.
#73645
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36
Байланысты:
imammaturidi
imammaturidi
«Адамдардың  кейбіреуі  екі  жҥзді:  «Аллаһқа  ақырет  кҥніне  иман 

еттік» деп айтады. Бірақ олар иман етушілерден емес» («Бақара» сүресі, 8-

аят).  Ханафилер  тілмен  айтуды  иманның  негізі  емес,  тек  оның  шарты  деп 

қабылдайды. 

Иман  ету  туралы  мҽзһабтар  арасында  түрлі  кҿзқарас  бар.  Олардың  бірі 

иман – сенілуі қажет діни тұжырымдарды жүрекпен білу деген кҿзқарасты алға 

тартқан, ал енді бір топ иман – тілмен айтудан тұрады десе, келесі бір топ иман 

–  ҿз  сенімін  жүрекпен  бекітіп,  оны  тілімен  айту  деген.  Ал  енді  бірі  –  иман  – 

адам  ҿз  сенімін  жүрекпен  бекітіп,  оны  тілімен  айтып  ҽрі  осыған  орай  амал 

етуден тұрады деген кҿзқарасты ұстануда. Ҽрине, бұлардың ҽр қайсысының ҿз 

дҽлелдері  бар.  Мҽселен  каррамия  иман  тек  тілмен  бекіту  ғана,  жүрекпен  тану 

иманның рүкінінен де, шартынан да емес деп біледі. 

Егер  де  бұл  кҿзқарас  дұрыс  деп  қабылданатын  болса  онда  мунафық  (екі 

жүзді) мүмин деп саналуы керек. Алайда бұл Құранға қайшы.  

Жаһм  ибн  Сафуан  (жҽһмия  мҽзһабы)  бойынша,  иман  –  тек  таным  ғана. 

Яғни,  жүрекпен  қуаттамай-ақ  Аллаһтың  жҽне  Пайғамбардың  айтқан 

хабарларын жүрекпен білсе, сезсе жеткілікті деп есептейді.  

Харижиттер,  мұғтазилиттер,  зҽйдия  мен  сҽлаф  ғалымдары  «иман  тілмен 

айтып,  жүрекпен  бекіту  жҽне  діннің  негізі  саналған  амалдарды  орындау  деп 

қабылдады.  Егер  осы  үш  негіздің  біреуі  кем  болса,  пенде  иман  еткен  болып 

саналмайды»,- деген. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет