«Кім Аллаһқа, Елшісіне қарсы келіп Оның шектерінен шықса, ол,
ішінде мәңгі қалатын отқа кіргізіледі. Оған қорлаушы азап бар» («Ниса»
сүресі, 14-аят),- деген аятын дҽлел ретінде келтіреді.
Мұғтазила мҽзһабы «үлкен күнҽ жасап тҽубесіне келмей ҿлген адам – мүмін
де, кҽпір де емес, ол иман мен күпірліктің ортасында, солай бола тұра ол отта
мҽңгі қалады»,– дейді. Олар бұл пікірлерімен үлкен күнҽ жасаушы отта мҽңгі
қалады деген харижиттердің пікірлерімен келіскенімен, үкіміне келіспейді.
Ҿйткені олар үлкен күнҽ жасаушыны харижиттер секілді кҽпір деп атамайды.
Муржиялардың кҿзқарасы бойынша «жасаған күнҽлары имандарына зиян
тигізбейді».
Имам Матуриди болса күнҽһар мұсылманның ақыреттегі жағдайын Аллаһ
Тағалаға қалдырғанымыз жҿн. Жаратушы Хақ Тағала ҿте мейірімді. Қаласа
рахым етіп, күнҽһар пендесін кешіреді. Қаласа күнҽсіне қарай азап береді.
Бірақ, ҿзіне иман келтірген пендесін мҽңгілік тозақта азаптамасы анық. Осы
тұрғыдан қарағанда адам баласы «үміт» пен «үрейдің» арасында күн кешеді
дейді.
Құрандағы «Әй мҥміндер! Аллаһқа шынайы тәубе етіңдер» («Тахрим»
сүресі, 8-аят),- деген аятқа негізделген ҽһли сүннет сенімі бойынша үлкен
күнҽлар адамды иманнан шығармайды. Тек жасаған күнҽсі үшін күнҽһар
болады. Ол күнҽдан арылудың тек жолы Хақ Тағалаға жалбарынып, тҽубеге
келу. Күнҽні қайта жасамауға сҿз беріп, уҽдесінде бек тұруы маңызды. Ҿйткені
Құран Кҽрімде Аллаһ Тағала үмітін үзбей тҽубе еткен құлын кешетіндігін
айтқан. Құранда:
Достарыңызбен бөлісу: |