арқылы) барлық кӛздерді кӛреді» («Ҽнғам» сүресі, 103-аят),- деген аятты
оқыды.
2. Кім саған: «Мұхаммед (саллаллаһу алҽйһи уҽ сҽллҽм) ертең болатын
нҽрсені біледі десе, ҿтірік айтқан болады, деп «Ешкім ертең не істейтінін
білмейді» («Луқман» сүресі, 34-аят),- деген аятты оқыды.
3. Кім саған: «Мұхаммед (саллаллаһу алҽйһи уҽ сҽллҽм) уахиден бір нҽрсе
жасырып қалғанын айтса, ол ҿтірік айтқан болады, деп: «Әй, Пайғамбар!
Раббың тарапынан тҥсірілгенді жалғастыр. Егер оны істемесең, елшілік
міндетті жалғастырмаған боласың» («Майда» сүресі, 67-аят),- деген Құран
аятын оқып жауап береді» (Муслим, Иман-287),- деді.
Олай болса, біз де Пайғамбарымыздың Миғражда Раббысын тікелей емес,
тек перде арқылы нұрын ғана кҿргендігі жайында айта аламыз. Бірақ,
Пайғамбарымыздың Миғражда Аллаһтан Жҽбірейл періштенің кҿмегінсіз
тікелей уахи алғандығы рас.
Бір күні Ҽбу Зҽрр ҽл-Ғыффари (р.а.) Пайғамбарымызға (саллаллаһу алҽйһи
уҽ сҽллҽм) «Сен Рабб Тағаланы миғражда кҿрдің бе?», - деп сұрайды. Сонда
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алҽйһи уҽ сҽллҽм) оған: «Ол нұр ғой! Мен Оны
қалай кҿремін»,- деп жауап берген еді (Муслим, Иман, 261).
Құранда Жаратушыға иман ету мен иман келтірмеу тұрғысынан
адамдардың діни дҽрежесі ҽр түрлі болатындығы анық баян етілген.
Достарыңызбен бөлісу: |