Алмалы ауданы, Inter-Lingua лицейі



бет9/11
Дата11.12.2021
өлшемі2,91 Mb.
#99411
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Алтын Орда дәуіріндегі қалалық мәдениет (XIII-XVI ғ.)

Зерттеу әдістері:  тарихи сипаттама беру, музейлерге, зерттеу орындарына саяхат жасау.

II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 Сарайшық қалашығы

Сарайшық қалашығы 100 га көлемі бар, XIII-XVI ғғ. жатады. Жайық өзенінің оң жақ жағалауында, Атырау қаласынан 55 шақырым жерде орналасқан. Археологиялық зерттеулер нәтижесінде Сарайшықтан Шығыс пен Батыстың ортағасырлық өркениетті орталықтармен сауда-экономикалық және мәдени байланысы туралы ақпарат беретін және Алтын Орда дәуірінің қалалық мәдениетінің бай материалдары табылды.

Археологиялық зерттеу барысында қалашықта нумизматикалық материалдардан басқа қалалықтардың көптеген күнделікті қолданыс заттары табылды: қыштан жасалған заттар (құман, құмшы, шығыр, құмыралар, көзелер, шырақтар, түбектер, кесе, пияла ) өсімдіктер мен зооморфты өрнектер және түрлі араб шрифтімен, сонымен бірге, трапезундық және қырым амфораларыныњ бөлшектері, қытай фарфорынан жасалған табақтың бөліктерімен безендірілген. Қазбалар барысында көптеген сүйектен, темір мен қоладан жасалған бұйымдар кездеседі. Одан басқа, ортағасырлық моншаның қалдығы табылып, зерттелді.

Әбілғазы Бахадұр-ханның (ХVІІғ.) Сарайшықтағы негізін Батухан (Билік құрған уақыты 1221-1256 ж.ж.) салған деген тарихи пікірмен келісуге болады. Көптеген көпестер мен саяхатшылардың осынау жолдардың бағыт бағдарлары туралы, тауарлардың сипаты мен бағасы және қатынас тәсілі туралы жазбалары мен хикаялары бізге дейін жетіп жатыр. Сарайдан Сарайшыққа, одан әрі Үргеншікке дейінгі сауда жолының соқпақтарында құдықтар болды және керуен-сарайлар қызмет етті. ХІІ-ХІV ғ.ғ. осы жол Шығысты Батыспен негізгі жалғастырушы болды.

Сарайшықта салтанатты сәулетті сарайлар, керуен-сарайлар, моншалар, мешіт-медреселер және басқа да ғаламат ғимараттар салынған. Оларды атақты сәулет өнері мектептерінен өткен дарынды шеберлер тұрғызған қаланың өте тамаша жобаланып салынған түзу де кең көшелері мен алаңдары болған. Қаланың келбетінен шығыстың әсері айрықша байқалды. Керуен саудасынан келетін түсім, әскери олжа, жергілікті халық төлейтін салық және аса мол арзан еңбек күшінің есебінен Сарайшық қаласы тез өсті.[2]

Қаланың Еуропа мен Азияның түйісіндегі керуен жолында, тиімді географиялық орынға орналасуы оның жедел өркендеуіне және көп ұзамай бүкіл қағанаттың ең басты саяси, сауда экономикалық, мәдени орталықтарының біріне айналуына септігін тигізеді. Берке және оның бауыры Тоқай – Темір хандардың 1263 жылы жаңа дін – исламды қабылдауы, ал кейіннен Рузби хан тұсында исламның ресми мемлекеттік дінге айналуы Сарайшықты Ұлық Ұлыстың (Алтын Орданың) діни – идеологиялық орталығына айналдырады.

Деректерге қарағанда Сарайшықта Жәнібек (1341 – 1357ж.ж.), Бердібек (1357 – 1359 ж.ж.) сынды Алтын Орда хандарының таққа отыру салтанатты рәсімі өткізілген. Онда Мәңгі – Темір (1266 – 1281 ж.ж.), Тоқтағу (Тоқай, 1290 – 1312 ж.ж.) Жәнібек, Бердібек сынды ұлы хандар, қазақтың ең ұлы ханы Қасым, ноғайдың билері, бектері мен мырзалары және басқа да тарихи тұлғалар жерленген.

Алтын Орда ыдыраған соң Сарайшық Маңғыт Ордасының, кейіннен тәуелсіз мемлекетке айналған Ноғай Ордасының орталығына айналады. Қасым хан билеген жылдары (1511 – 1518 ж.ж.) Сарайшық біраз уақыт Қазақ хандығының астанасы болған.

1577 ж. «Каспий теңізінің солтүстік – шығыс жағалауына барлау жүргізген бірнеше Дон қазағы Жайық өзенінің құйылысына жетеді және 1580 ж. өзеннің құйылысына тақау жерде өздерінің алғашқы қонысын салады». Сол 1580 ж. орыс қазақтары әлі де қалыпты ырғағында өмір сүріп жатқан Сарайшыққа тұтқиылдан баса – көктеп кіреді. Және XIII ғ. моңғолдардың XIV ғ. Ақсақ Темірдің қатігездіктері олардікімен салыстырғанда ойыншыққа айналады. Олар бүкіл қаланы күлі қалғанша өртеп, тұрғындарды бауыздап қана қоймай, қабірлерді қопарып, мәйіттерді тонаған. Бұл туралы А.Левшин, Н.Карамзин және т.б. кезінде жазған. Осыдан соң қала өзінің өмір сүруін түбегейлі тоқтатады.

Сарайшықтың ескі жұртында әскери қамал құрылысы салына бастағанда Ұлық Ұлыс кезеңіндегі күйдірілген кірпіштер Гурьевтегі үйлер, мекемелер, қамаладрды тұрғызуға пайдаланылады. Сарайшықтың күйінділері туралы бірқатар мәліметтер П.И.Рычковтың, П.С.Палластың, А.Е.Алексеевтің және т.б. жазбаларында бар. [2]

1937 ж. Н.К.Арзютов Сарайшықта археологиялық қазба жұмысын жүргізген. С.П.Толстов Сарайшықтың қирандыларын «Саскин» қаласына ұқсастырылған. Ол Сарайшықты XI ғ. салса керек деп санайды. Г.А.Федоров – Давыдов басқа көзқарасты ұстанады.

Шаруашылық – тұрмыстық кешендердің сан түрлі сәулет - құрылыс конструкциялары табылды. Солардың бірі – шартты түрде «керуен сарай» деп аталғаны – бірнеше ондаған көпқызметті ғимараттардан тұратын кешен. Ортаазиялық керуен сарайдың классикалық сәулет ғимараты атқаратын қызметі жағынан әр түрлі болып келетін үй жайлардың ауыздары ішке қаратыла, қорлана салынғанкең аула көз алдыңызға келеді. Осы жерден ортағасырлық «ханалар» (мейманхана) түріне ұқсас ғимараттар кешені табылды. Олар – құрметті қонақтардың, керуен жолымен Сарайшық арқылы өтетін саяхатшылар, қажылар, саудагер – көпестерінің тұруына, оларды күтуге арналып салынған сарайлар түріндегі ғимараттар кешені. Көбінесе екі қабатты болып келетін мұндай мейманханалар XVI – XVII ғ.ғ. мұсылмандық шығыста кең таралған.[3]

Ортағасырлық Сарайшық тұрғындарының жер өңдеумен айналысқанын үй ішінен қазылған, түбінде дәннің қалдығы табылған бидай қамба және диірменнің үстіңгі тасының сынығы дәлелдейді.

Қаланың оңтүстік бөлігінде қолөнер шаруашылығы кешені табылды. Ұйытылған темір мен пештердің табылғанына қарағанда мұнда металл балқытылғанға ұқсайды.

Кейбір тамаша құрылыстар кейінгі кезеңдегі (XV – XVI ғ.ғ.) қабір – сағананың салынуымен недәуір дәрежеде бұзылған. Қабір – сағана күйдірілген кірпіштен салынған.

Күйдірілген кірпіштен салынған аса ауқымды жер асты сағанасы ерекше назар аударады. Оның жердің бетіндегі бөлігі түзубұрышты ғимарат түрінде, порталды болып елестейді, тек күйдірілген кірпіштен қаланған бұрыштары сақталған.

Ізденіс барысында күйдірілген кірпіштен шегенделген құдық табылды. Құдықтың ішінен екі жағынан жез қаңылтырмен қаптаған бір қапырық қағаз табылды. Қағазға арабша жазу жазылыпты. Мамандар оның тұмар екенін анықтады.

Археологиялық қазба жұмысы кезінде ең көп кездескені – қапталған және қапталмаған қыш бұйымдар. Қапталмаған қыштан жасалған, сырты өрнектелген, су құятын тіктұтқалы көзе, құмған, ал қапталғандары – тостаған, вазаға ұқсас ыдыстар, жылтыратылған жазуы бар табақтар.

Иығында жапсырмалы «шүмекшелері» бар, онысы өрнекті тұмсықшалармен алмасып отыратын көзе пішіндес тостаған да ерекше назар аударады. Ыдыстың сыртқы, ішкі беттері өсімдік және геометриялық өрнектермен бедерленген. Тұмсықшалар мен шүмекшелер арасына көркем етіп арабша жазулар жазылған. Бүкіл өрнек қара бояумен салынып, үстінен жұқа етіліп қапталған.

Кеселердегі ою – өрнек түрлері де көркемдігімен көз тартады. Қошқар мүйіз, бота мойын сияқты оюлардың бөлшектерін пайдаланып, ақ және қызыл бояумен өрнектер, гүлкүлтелер кескінделген. Алтын мен бедерленген алты күлтелі гүл қызыл, ақ ноқаттармен, сызықтармен әшекейленген. Жылтырағы қара – көк түс. Жылтырақтың астындағы жазу жіңішке ақ сызықпен жазылған. Жапсырмалы алтын құйылады және ол қызыл бояумен сұлбаланған. Сурет өте көркем әрі тартымды.

Кесе түріндегі ою – өрнегі бай жартылай сфероидті көзе табылды. Барлық өрнегі ақ фонға салынған. Көзенің ішкі белдеуінен қара сызық жүргізілген. Өрнек қоңыр, қызыл және алтын түстес бояулармен салынған. Ішкі бетіндегі әшекейдің негізгі композициясын алтын жолақты, жасыл жапырақты, гүлді өсімдік құрайды. Ірі алты күлтелі қызыл гүлдің ортасында алтыннан алтықалақты алақан жасалған. Жанындағы бос жерлерге ширатылған күлтелер мен мұртшалар бедерленген. Көзенің сыртқы бетінде қара, қоңыр және қызыл бояумен жүргізілген әшекейден басқа марганец бояуымен араб әліпбиінде жазылған жазу бар. Жазу мазмұнында Хижраның 764 жылы (1362) деп көрсетілген.

Қалашықтан жылтыратылған қыштан жасалған, бетіне құстар бейнеленген ыдыстар көп табылды. Әшекей ақ түстің үстіне кобальтпен, жасыл және сары бояумен жасалған. Мұндай әшекейлер Орта Азияда, Еділ бойындағы альынордалық қалаларда және Қапқазда көп кездеседі. XIV – XV ғ.ғ. қабаттарынан керамика бұйымдары көп табылды.

Қазба барысында табылған, ерекше назар аударатын бұйымның бірі – қола айна. Оның өрнегі де сан түрлі: геометриялық бейнелер, өсімдіктер, жануарлар бейнесі, араб әліпбиіндегі жазбалар. Тұрмыстық ыдыстар арасынан қола мен қыштан жасалған шырағдандар да көз тартады.[3]

1996 -1999 жылдардағы Сарайшықтағы археологиялық қазба жұмысы кезінде жинақталған қазба жұмысы кезінде жинақталған материал қаланың XIII – XVI ғ.ғ. саяси, экономикалық өмірі туралы нақты суретін елестетеді. Ақша – тиындар Шығыс пен Батыстың сауда – экономикалық байланасында Сарайшықтың атқарған рөлін діл бейнелеп, еуроазиялық саяси және экономикалық кеңістікте ол ең түйінді орталықтың бірі болғандығына куәлік етеді. Мәселен, Сарайшықтан Қырымның, Хорезмнің, Самарқанның, Еділ жағалауы және Солтүстік Иранның ақшалары табылып отыр.

Сарай мен әл – Джедид – Сарайының ақшалары мол кездеседі. Өзбек хан кезінде 1315 – 1316 ж. Шығарылған дирхем табылды. Оның бір бетінде «Жоғары мәртебелі Сұлтан» (Өзбек) деген жазу төртбұрышты рамада, айналасында хандар (Сарайда 715 ж. Шекілген) жазылған. Арғы бетінде діни сенім белгісі «Алладан басқа құдай жоқ. Мұхамммед Алланың елшісі» деген жазу бар. Келесі ақша – пұл. Оның бетінде, ортада он алты пұл, айналасында дөңгелекте Сарайда 721 жылы жасалған деп жазылған. Артқы жағында сызықшалы және нүктелі шеңбердің ішінде бес жұлдыз бейнеленген. Ол 1321 – 1322 жылдары шыққан. Тағы бір пұлдың бетінде «Бақыт әкелсін!» деген тілек жазылса, арғы бетінде бөтегесі бұлтиып, артына қарап тұрған сұңқар бейнеленген; иығы мен басының үстіндегі бос жерге «Сарайда 726 ж. (1326 – 1327 ж.) соғылған» деген жазу бар. Екіге бөлінген шаршының ішінде «жоғары мәртебелінің бұйрығы», жан – жағында «(739), (737) Сарайда соғылған» деп жазылған, артқы жағнда оңға кетіп бара жатқвн барыс, оның үстінде ноқатты шеңбердің ішіндеи шығып келе жатқан күн бейнеленген ақшалар оңдап саналады.

Тағы бір мәнеттер (шақалар) 1348, 1380 – 90 жылдары Сарайда соғылған екен. Оларда шешек атқан гүлдің, құмыраның, құйрығы сәнді құстың, жүгірген барыстың бейнелері нақышталған. Әл – Жәдид Сарайында соғылған шақалардың саны да жетерлік. Олар 1340, 1389 – 90 ж. Мұхамед Бердібек хан, Қызыр хан, Келдібек хан, Қайыр Болат хан, Түлікбек ханым атынан соғылған. Ақшалардың қасбетінде екібасты сұңқар (бастары әр жаққа қараған), шешек атқан гүл, солға бағыт алған барыс, алтыбұрышты жұлдыз. Шығыс пен Орта Азия елдерімен кең ауқымды сауда – саттық орнағанын Хорезмде, Гүлстанда, Қырымда соғылған шақалардың кездесуі дәлелдейді. Хорезм пұлдары 1328, 1380 – 90 ж. Өзбек, Жәнібек, Тоқтамыс хандар және Наурызбек сұлтан кезінде соғылыпты. [4] Артқы жағында мынадай бейнелер кескінделген: ат, геометриялық және өсімдік өрнектері, алтыкүлтелі әшекей, алдыңғы аяғын созып жатқан, кеудесі солға, басы артына бұрылған, айқыш – ұйқыш орналасқан екі балық, екі жағында гүл шанағы. Темір кезіндегі 1385 – 1386 ж. Ақшада үш күлтелі шанақ және «787 ж. Сығанақта (Самарқанда) соғылған» деген жазу бар. Иран ақшасында сегіз күлтелі картушта наным – сенім бейнеленген, оның төрт күлтесіне хақ жолындағы халифтердің есімдері жазылған. Артқы жағында мынадай жазу бар «Ұлы мәртебелі сұлтан Әбу – Саид...хан. Тербизде соғылған». XIV ғ. I ширегінде және 1356 ж. Шыққан ақшалар да баршылық. 1486 -89 ж. XIV ғ. аяғы мен XV ғ. басында Қырым хандығында «Меңлі Гирей хан ибн хажы Гирей» деген жазуы бар дирхемдер мен пұлдар да кездеседі.[5.]


2.2. Жайық қалашығы
Қаланың оңтүстік шығысында 12 шақырым жерде орналасқан ортағасырлық Жайық қалашығын зерттеу жұмыстары облыстық тарих және археология орталығы мамандары тарапынан жүргізілуде. Археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде қалашық аймағында бірнеше тұрғын, қоғамдық және шаруашылық нысандары болғаны анықталды. Оның ішінде бізге белгілілері – кірпіш және әктас күйдіретін пештер, қала моншасы, тұрғын үй-жай, қалашық бейітіндегі кесенелер.

Тік бұрыш пішінді кірпіш күйдіріп жағу камерасы қалдығының қабырғалары кірпіштен тұрғызылған. Ғалымдар мұндай қондырғылар Еділ маңы мен Жайық өңіріндегі Алтын Орда дәуіріне тиісті қалаларға Орта Азиядан келген деп тұжырымдайды. Кірпіштерді, жылтыр тақтайшаларды, үлкен ыдыстарды (хумдар) күйдіріп жасауға арнаған мұндай пеш 2002 жылғы қазба жұмыстарынан бері Жайық қалашығынан табылған екінші нысан.

Халық тұтынатын құрылыстың бірі – шығыс моншасы немесе хаммам қала ортасында орналасқан. Монша қалдығы үлкен ордың ішіне салынып жан-жағына қалың қара күйе қабаты жағылған, бұл жағдай осы жерден жылыту жүйесі өткенін дәлелдейді. Үстіңгі қабаттың жоғарындағы күйдірілген кірпіштермен тіктелген құрылыс элементтері-моншаның сыртқы қабырғасы, сондай-ақ ішкі құрылыс бөлшектері болған деп тұжырымдалды. Ең қызығы,мұндағы ағын сулар қыш құбырлардың көмегімен орталық бір орға жиналған. Қазба жұмыстары кезінде осындай құбырлар көптеп табылды. Моншаның орталық залы сегіз бұрышты, оған шығыс және батыс бағыттан шағын шомылу бөлмелері жапсарлана салынған. Жерасты жағу жүйесі еден астынан барлық ішкі бөлмелерге таратылып, шомылу бөлмелеріне су қыш құбырлармен жеткізілген. Сонымен қатар қыштан жасалған шылапшын-легендер де табылды. Ортағасырлық мұсылман қалаларында мешіттен кейінгі басты пайдалану орыны болған моншаны безендіруде озық архитектуралық үлгілер қолданылған. Ғимараттың сыртын безендірген, жылтыратылған тақтайша сынықтары да көп.

Сол кезеңде құрылыс жұмыстарындағы негізгі материалдарды бір-бірімен қиюластыратын әкті күйдіріп алу үшін арнаулы пештер жасалған. Цилиндр пішінді Жайық пеші 250 см-лік тереңдіктегі шұңқырға кірпіштерден тіркелген.Қазіргі таңда 13 қатар кірпіш сақталған. Пештің астыңғы бөлімінде болған арка пішіндес кіру орны жан-жағына кеңейтілген. Одан сәл төменде ауа шығатын кішкене тесікше орналасқан. Пештің түбі саз балшықпен сылақталған және 5 см тереңге дейін күйген, түбінен кемер-кертпеш салынған бұл элементтің сырты әктастан ағарып кеткен. Зерттеу кезінде пеш сыртынан көміліп қалған шұңқыр табылды. Тазаланғаннан кейін оның өртеуге дайындалған әктастарды жинап қоятын орын екені белгілі болды. [6]

Қалашықтағы «Кіші тұрғын-жай» мекенінің орнындағы қазба жұмыстарынан соң, оның қызметі және тіктеу әдістері, оған қандай құрылыс материалдары пайдаланылғаны туралы мәліметтер алынды. Үй-жайдың тұрғындарға арналған бөлігі жобасына қарай екі бөлмеден тұрады. Олар бір-бірінен күрделі қабырғалармен бөлінген, мекен-жайдың кіріп-шығу есігі солтүстік қабырғада орналасқан. Бөлмелер арнаулы жүйелермен жылытылып, тұрғын бөлмелер айналасында қосымша шағын бөлмелер (зат қоятын бөлме, қойма болса керек) орналасқан. Тұрғын-жайдың ауқымды ауласы мен аулада шаруашылыққа арналған жайлар бар.

Қалашықтан 1,5 шақырым ара қашықтықтағы орталық бейітте ерте темір ғасырына тән обалар мен орта ғасырларға тиісті кесенелер орналасқан. Олардың ішіндегі анағұрлым танымал екі кесененің біріншісі-екі камералы немесе «кіші кесене» деп аталған ескерткіш жоғарғы тап өкіліне тиісті болуы мүмкін. Құрылыс және қаптау материалдары да жоғарыдағы құрылыс материалдарын күйдіретін пештерде жасалғаны анық. Кесененің архитектуралық әдісі XIII-XIV ғасырлардағы Алтын Орда дәуіріне тиісті құрылыстарға тән. Өйткені қазба жұмыстары барысында Алтын Орда қалаларының құрылыс ғимараттарында кездесетін оюлармен айшықталған қаптама тақтайлар көптеп табылды. Құрылыс орындарының қабырғалары мен едендері бір кездері түбегейлі бұзылып, талқандалған.

Бейіттегі зерттелген екінші нысана — «үлкен кесене» екі камералы. Кесене үстінде көлемдері әр түрлі пішіндегі күмбез болған деген болжам жасалды, олар өзіндік табандар мен өтпелі қондырғыларға орнатылған болуы мүмкін. Күмбездердің сыртқы бөлігі көк жылтыр қаптамалармен көмкерілген. Ескерткіштің алдыңғы беті орталық монументальды портал түрінде дайындалса, ішкі бөлігі алтын жалатылған көк түсті қаптамамен, полихромды жазбамен безендірілген. Алдыңғы бөлмені зияратшылар Құран оқуға немесе басқа да діни шаралар үшін пайдаланған болуы керек. Ал негізгі бөлмеден 11 жерлеу орны анықталды. Оған туысқан немесе қандай да бір діни ғұлама жерленіп, кейін оның қасына мурид-оқушылары жерленген болуы мүмкін. Себебі бір жерлеу орны негізгі сыңайлы,ал қалғандары соңынан қойылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет