Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет30/102
Дата26.11.2023
өлшемі1,59 Mb.
#193597
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   102
Байланысты:
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
59 
байланысы бар тәрізді» деген сол баяғы Бақты-Қожа уәзір. Арғын билерімен 
байланысы бар деген сөз — ата жауы, бақ күндестері өздерін Арғын сұлтандары 
санап жүрген Жәнібек, Керейлермен тілегі бір деген сөз. «Бұдан артық ханымда 
қандай күнә болуы керек? Мұндай күнә опасыз әйелі түгіл, пейіштегі қор қызын 
да дарға асуға жеткілікті емес пе! Бірақ дарға асу аз жаза! Оған бүкіл төркінін, 
атақты Ақсақ Темірдің ұрпағын бар әлем алдында қарабет ететін жаза қолдану 
мың да бір сауап!» Хан қабағын қарс жауып алтын мен күміске бөленген кең 
сарайын тағы кезе бастады. 
Бірақ Ұлы ғалым Ұлықбектің қызы Рабиу-Сұлтан-Бегім Әбілқайыр мен оның 
уәзірі ойлаған қылмыстардан мүлдем ада еді. Мұндай күнәға қасиетті ата-
анасынан алған үлгі-ілім, тәрбиесі де, өзінің мөлдір бұлақтай кірсіз таза жан сезімі 
де оны еш уақытта да жуытпас болар. Батыр Саянды Сүйіншікке аталық етуге 
тырысқаны да, басына ажал қылышы төнген сәтте жігіттің құтылып кетуіне 
жәрдем бергені де рас. Бірақ бұлардың бәрі де басқа мүдделерден туған-ды. 
Хан кенет тоқтай қалды. «Рабиу-Сұлтан-Бегім сұлудың қаны дәл осылай 
төгілсе, бұдан сауапты жаза бар ма? Атасы Ақсақ Темірдің әділетті заңы енді 
өзінің немере қызының басын алсын. Кек сөйтсе ғана қайтады!» Әбілқайыр 
бүгінге алғашқы рет езу тартты. 
Қазақ жеріне келген шапқыншылардың Шыңғысхан мен Батудан кейінгі 
«қылмыстыларға деген заң-ережесі» қанқұйлы қатты болғаны Ақсақ Темірдікі еді. 
Солардың ішінде әсіресе «Ана алдында қылмысты балаға, бала алдында күнәлі 
анаға» деген жаза тәртібі ерекше сойқан болатын. 
Бала алдындағы күнәлі ананың жазасын баласы айтуы керек. Іштен жарып 
шыққан, ақ сүтін емізген, бауыр етіндей тәтті баласы айтқан жазадан ауыр, одан 
артық жанына батар үкім бар ма? әсіресе, егер ана бала алдында жазықсыз боп, 
тек оны қанішер жаулары ұйымдастырса бұдан асқан қиянат табылар ма? 
Аяулы анаға, тіпті күнәсі болған күнде де, сол баланы өмірге әкелген, 
«құлыным» деп түн ұйқысын төрт бөліп аялай сүйген сорлы анаға, дәл мұндай 
сұмдық жазаны Ақсақ Темір қалай шығарған? Көреген 
1
деген атақты оған неге 
берген? 
Әбілқайыр дәл бұл сәтте қатал әмір-Темірдің шығарған жазасының қиянаттық 
жағын ойлаған жоқ, ол тек кегінің қайтуын ғана көздеді. «Анасының күнәсіне көзі 
жеткен баласы Сүйіншік өзі айтады Рабиу-Сұлтан-Бегімге өлім жазасын. Өзі 
болып бірінші тас атады... Содан кейін діншіл, қанішер мүрит, мүзәйімдер қарабет 
ханымды «лағнет» тасымен шөкелеп өлтіреді. Сонда ғана Рабиу-Сұлтан-Бегімнен 
қату боп байланған кегім қайтады. Жоқ, жалғыз ғана Рабиу сұлудан емес, сондай 
қыз тәрбиелеген бүкіл Ақсақ Темір әулеті қара жүз болады. Ақсақ Темір әулеті! 
Сол әулетке жиендік жағынан менің сүйікті ұлым Сүйіншіктің өзі де жатпай ма? 
Жатса мейлі! Шайбани тұқымы таза болу үшін, бұл арада таспейілдік жөн. 
Бастан құлақ садаға! Иә Рабиу-Сұлтан-Бегім осылай өлуге тиісті! Бұлай өлу тек 
әмір-Темірдің заңына ғана емес Мұхаммед пайғамбардың да шариғатына дәлме-
дәл... Туған анасын Сүйіншік сұлтан осылай жазаласа, осылай өлтірсе, түбі 
Сүйіншік сұлтан Көк Ордаға ие бола қалса, мәңгі-бақи нағашы жұртының 
ықпалынан кетеді. Алдағы уақытта олардан мүлдем алыстайды. Шайбани 
әулетінің Өзбек ордасындағы өмірі осылай таза сақталуы керек. Ал туған анасына 
1
К ө р е г е н — Күрен деген сөзден алынған Шыңғыс титулы, қазақ бөтен мағына берген. 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
60 
мұндай жаза айтуға Сүйіншік көнбесе? Онда Күшкінші сұлтан бар емес пе? Жоқ, 
Сүйіншіктің үкімімен өлуі керек! Сүйіншік жалғыз менің ғана емес, Рабиу-
Сұлтан-Бегімнің де ең жақсы көрер кенжесі! Жақсы көрер адамның сілтеген таяғы 
жау таяғынан анағұрлым ауыр тиеді». 
Әбілқайыр күміс қоңырауды қақты. Батыр Саяннан айрылып қалғаны үшін
хан үкімін күтіп Оспан-Қожа дәйекші зынданында жатқан. Үйге Бақты-Қожа 
уәзірдің өзі кірді. 
Хан есік алдында әмір күтіп тұрған уәзірді жоғары жақтағы кілемнің үстіне 
апарып отырғызды. Әбілқайыр енді бүкіл Дәшті Қыпшақтың әміршісі емес, түнде 
үй тонауға шыққан ұрыдай сыбырлай сөйледі. Бақты-Қожа уәзір хан сөзін кейде 
естіп, кейде естімесе де, оның жұқа ернінің қимылдауынан, көзінде кенет жарқ ете 
қалған рақымсыз оттан Әбілқайыр ойының бәрін түсінгені көрініп тұр. «Дұрыс, 
хан ием, дұрыс!» деп кеудесінде тулай жөнелген қуаныш толқынын баса алмай, 
кенет дауыстап жібере жаздайды да, дер кезінде өзін-өзі әзер ұстап қалады. Жан-
жағынан діншіл, есуас топтың таспен шөкелеп жатқан Рабиу сұлудың қан-қан 
болған суретін бір мезет ол көз алдына елестетеді де, ішінен «Сол керек саған 
Темірлан қаншығы. Мені уәзір еткізбеймін деп бекер жанталаспаған екенсің, енді 
айыбыңның есесін өзім қайтарамын» дейді. 
— Анасының күнәкар екеніне баласының көзін жеткізу керек. Сөйткен күнде 
ғана өлім жазасын Сүйіншік сұлтанға айтқызған лауазым, — деп Әбілқайыр хан 
сыбырлауын тоқтатты. 
— Құп, тақсыр, әміріңіз орындалады, — деп уәзір басын иді. Сөйдеді де бұ да 
сыбырлады. — Рабиу ханым жазасын айттыңыз, ал Ақжол биді қайтеміз? Батыр 
Саянды қашыруда оның да күнәсі бар... 
Күні-түні ақыл-ойын кіші бәйбішесіне деген өшпендік билеп кеткен хан, уәзір 
сөзін бірден түсінбеді. Ұғып еді, көңілінде үнсіз жатқан күдік кенет шағатын 
жыландай жиырыла қалды. 
Бақты-Қожа бұл сұрақты бекер бергенін артынан ұқты. Көңілге кірген түйткіл, 
қылаң берген жаумен тең. Ақжол би де бұның бас уәзір болмауына көп ой салған. 
Бақты-Қожа: «Ақжолға өш екені ханның өзіне аян, содан сескеніп Рабиу-Сұлтан-
Бегім ханымға деген ойымның беті ашылып қалмаса нетсін? Рабиу-Сұлтан-
Бегімнің де мені бас уәзір еткіздіргісі келмегені өзіне мәлім...» деді ішінен. 
Әбілқайырдың сезіктеніп қалғаны да рас еді. Рабиу-Сұлтан-Бегім мен 
Ақжолды осы уәзірге бекер тапсырдым ба, қалай? Өш аламын деп тым асығыс 
кетер ме екен? Бірақ әлгіде ғана жыландай, ой түкпірінде шумақтала қалған күдік 
бұдан әрі жазылып енді қимылдамады, сол жиырылған қалпында қала берді. 
Рабиу-Бикеге деген көптен көкірегінде ұялаған сенімсіздік бұрынғысынан да 
күшейе түсті. Енді ол: «Бәсе, Ақжолдың тағдырын қалай шешу керек?» деп бір 
ашуға бір ашуды қосты. «Батыр Саянды құтқарушының бірі Ақжол би екені 
сөзсіз. Және Рабиу-Сұлтан-Бегім бәйбішеммен байланысуларына қарағанда, 
Арғынның бұл жүйрігі дүбірді алыстан қозғаған секілді. Маған деген көрлерін 
тереңнен қазайын деген бе, қалай? Иә, солай тәрізді. Мұндай жағдайда Ақжолды 
аяудың қажеті бар ма? Ақжолды аямау деген сөз, Жәнібек пен Керейдің 
шаңырағын ортасына түсірумен бірдей. Арғын биінен алынған өш, Керей мен 
Жәнібектен алынған өш!». 
Орыс хан ұрпақтарының есімі аузына түсіп еді, Мұхамед-Шайбаниға қараған 
Бұрындықтың кейпі қайтадан көз алдында елестей қалды. «Біз Жошы тұқымының 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет