Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет28/102
Дата10.09.2022
өлшемі1,59 Mb.
#149138
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   102
Байланысты:
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
55 
бірге тізе айырмай Қыпшақ, Арғынның игі жақсылары да, Шыңғыс ұрпағынан 
шыққан сұлтандар да Орда-Базарға таяу көшіп келген. 
Әбілқайыр жауар бұлттай ашулы қайтты. Мұнда келгеннен кейін батыр 
Саянның қалай қашып кеткенін естіп бұрынғысынан бетер қара түнектей 
тұнжырай қалды. 
Хан кезінде жұртқа сыр бермеген. Жұрт асқа жаңа дайындала бастаған шақта 
құлағына «Орақ жылқышы да асқа Ақбақайын қоспақ екен» деген хабар тиген. 
Әрине, асқа қазақ дәстүрі бойынша кім болса да қатысуға хақы бар. Бірақ хан 
баласының ұлы асына есікте жүрген құлы ат қоспақшы деген сыбыс Әбілқайырды 
қатты қорлаған. Оның үстіне егер осы құлдың Ақбақайы барлық ханзадалардың 
жүйрігінен озып келе қалса не болмақ? Бұдан артық масқарашылық мүмкін бе? 
Бүкіл қара халық онда Әбілқайырды күлкі етуі даусыз. Ханның бұлай ойлауға 
себебі де бар еді. 
Осыдан екі жыл бұрын, Тарланкөгін жаратып жүрген кезінде, Әбілқайыр 
әлдеқалай жылқысына барған. Ол сол жолы бір таңданарлық оқиғаға кездескен... 
Орақ малшының былтыр жылқыға қосып жіберген Ақбақай деген бестісі үш 
күннен бері тірі жанға ұстатпай қойыпты. Ұстатпайды емес-ау, талай асау- 
ды бастыртпай қуып жететін жүйріктер, бұған таямақ түгіл, тіпті шаңына ілесе 
алмай қалады екен. Хан қызып кетіп, ертең, бүгін қасқыр қуамын деп әбден 
жаратқан Тарланкөгімен Ақбақайды қууға бұйрық берген. Асау қуып үйренген бір 
жылқышы қолына құрығын ап, Тарланкөкке міне сап, шеттеу жайылып жүрген 
Ақбақайға лап қойған. Ат дүбірі шығысымен-ақ елең ете қап, Ақбақай басын 
көтеріп алып, өзіне ұмтылған құрықшыны көзі шалып, ор қояндай ата жөнелген. 
Бүкіл Дәшті Қыпшақта алдына жылқы салмаған Тарланкөктен сытылып шыға 
берген. Тарланкөк талай жеткен, Ақбақай бесті талай құтылып кеткен. Осы шабыс 
үш бие сауымындай мезгіл алған. Үш күн қуғында болған жас жылқыны 
қаншырдай боп әбден жараған Тарланкөк қойсын ба, ақыры Ақбақайдың мойнына 
құрық түскен. 
Бұл оқиға осыдан екі жыл бұрын болған. Үнемі жорықта, талас-тартыста 
жүрген Әбілқайыр оны ұмытып та кеткен. Сөйткен Ақбақай қазір жетіде. Жыл- 
қы баласының жал-құйрығы төгіліп, тұяғы әбден бекіп, кемеліне жететін кезі. 
Әбілқайыр ұмытқанмен, Ақбақайдың Тарланкөкпен таласқа түсуге жарап 
қалғанын енді Орақ жылқышының өзі есіне салды. Хан іштей шамдана бастады. 
Осы кезде тағы бір суық хабар жетті. Бақты-Қожа уәзір өзінің толып жатқан 
көреген көз, сақ құлақ тыңшылары арқылы Орақ жылқышымен келіні Аққозының 
бірер рет кездесіп қалғанын естірткен. Онсыз да қаһарына мініп алған Әбілқайыр 
Орақтың тағдырын біржола шешкен. 
Бақты-Қожа уәзір жіберген жеті қарақшы айсыз тастай қараңғы түнде кеп, 
бәйгеге жаратып жүрген Ақбақайын қосының жанына қаңтарып қойып, көзінің 
шырымын алғалы ұйықтап кеткен Орақтың дәл үстінен шыққан. Жатқан жерінен
тұрғызбай қол-аяғын мықтап таңып, Ақбақайдың құйрығына ұзын арқанмен 
байлап, «шу!» деп қамшымен бір тартып қоя берген. Ақбақай қара түнді 
сілкіндіріп, құйрығына байланған құбыжықтан үркіп, бетінің ауған жағына 
тасырлата шаба жөнелген. Жеті қарақшы уәзір әмірін орындадық деп мәз болып 
күліп қала берген. Сол күні таңертең Орақтың қалай өлгенін Әбілқайыр естіген. 
«әлін білмеген әлек. Хан келінінен дәмеленетін сабазсың ғой. Саған со керек» деп 
хан миығынан күлген де қойған. Қара жер өлгенге де хабар береді, астан 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
56 
қайтқаннан кейін ұзынқұлақ бұл оқиғаны Аққозыға да жеткізген. Нәсілі берік жас 
әйел, іші оттай күйіп, кеудесіне қайғысы сыймай тұрса да сыртына еш сыр 
шығармаған. Бар ашуын жүрегіне түйіп сазара қалған. 
Жасынан ерке-шора боп өскен келінінен «осы тағы бір сойқан шығарып 
жүрер» деп күдіктенген Әбілқайыр Аққозыға кісі салған. 
— Құдай риза, біз риза, ұлымның атына шіркеу келтірмей жыл отырды, — 
деді, — жас жан еді, обалына қалмайын, ерге шықсын. Аға өлсе, ініге мұра, Шах-
Будақ ұлым қаза болғанмен тірі әлі он ұлым бар, таңдағанының атын айтсын, 
қосамын. 
«Жақсы, ойланып көрейін, ойымды үш күннен кейін қайын атам — хан иемнің 
өзінің алдында айтамын» деп Аққозы жауабын қайтарған. 
Үш күннен кейін Әбілқайыр өзінің үзеңгілес серіктерін, батырлары мен
билерін шақырып алып, солардың көзінше: 
— Келін шырақ, ойланып болған шығарсың, қай қайныңды таңдадың, атын 
айт, — деді. 
Жесір сұлудан дәмесі бар, ордада отырған ханның он ұлы бірдей Аққозыға 
көздерінің жанарын төге қарады. Аққозы да оларды жайбарақат бір шолып өтті. 
Ақырын жымиды. 
— Он ұлыңыз да алмас кездіктей бірінен-бірі өткен асыл! Таңдау да қиын, — 
деді ол сол жымиған қалпында, — әйтсе де хан ата, сізден бір тілегім бар... 
— Айт. 
— Орындайтын болсаңыз... айтайын. 
Хан ойлана сөйледі. 
— Орындалмайтын тілекті Аққозы келіннің өзі де сұрамас деп жоримын. Егер 
Сайбан шаңырағына кір келтірмейтін болса... 
— Жоқ, кір келтірмейді. Менің өтінішім абыройыңызға абырой қосады. 
— Тыңдалық онда. Айт. 
— Айтсам... — кенет Аққозы қойнынан қара құранды суырып алды. — Міне,
құран, хан ата, — деді ол. — Осы құранды басыма көтеріп тұрып өмір-бақи ерсіз 
өтуге ант етемін. Сізден өтінемін, антымды бұздырып қарғысыма қалмаңыз. 
Орақтың қалай өлгенін Аққозының естігенін хан бірден ұқты. Бір сәт он ұлын 
бір жылқышы құрлы көрмеген тәкаппар келінін антын бұзғызып, еріксіз 
аттастырып өшін де алмақшы болды. Әйткенменен, бұның бәрі хан үйіне кір 
келтіретінін ойлап Әбілқайыр: 
— Бердім тілегіңді, — деді басын жерден көтермей.
Жұмақ күнді дозаққа айналдырған, о сөлекет дүние! әттең, әттең, өмір-бақи 
ерсіз өтуді ант еткен Аққозы Орақтың тірі қалғанын білген жоқ. Бұл адам сенгісіз 
ғажайып оқиға еді. Тастай қараңғы түнде құйрығына байланған заттан үріккен 
Ақбақай тарсылдата жөңкіп шауып келе жатып, алдында жатқан қара суға күмп 
берген. Артындағы заты су жағасында өсіп тұрған жуан үйеңкі талдарға маталып, 
бөрте ат қорықты көл шетіндегі қалың шылға шырмалып не әрі, не бері жүре 
алмай қалған. Таңертең жылқы суаруға келген жылқышылар ұзын арқанға 
байланған, бет-аузының тамтығы жоқ, тек кеудесінде шығар-шықпас жаны бар 
Орақты тауып алған. Болған оқиғаны айтпай түсінген серіктері көзден таса, 
Ұлытау маңындағы бір үңгірге апарып баққан. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет