Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет4/102
Дата10.09.2022
өлшемі1,59 Mb.
#149138
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102
Байланысты:
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 

«Алтын Орда хандығына талас Батухан ұрпақтарының арасында біткенмен, 
Жошының өзге балаларының үрім-бұтақтарының ішінде бітті ме?» Дәшті Қыпшақ 
ханы тағы да ауыр күрсінді. 
«Жошыдан қырық ұл, он жеті қыз туған екен. Әрқайсысы бір ұлыс, әттең ауыз 
бірліктері болмады. Алтын Орда ханы боламыз деп қырық пышақ боп қырылысты 
ғой бәрі. Соның ішінде тек Бату ұрпағы ғана үстем болып келді. Егерде Жошының 
үлкен баласы Орда Батудай азулы жаратылғанда көкек әні басқа түрде айтылар 
еді. Әйткенмен Орда ұрпағының бозөкпе болғаны теріс тимеді. Міне енді, 
Бердібек сұмның қанды қолы арқылы Бату ұрпағынан бақ құсы ұшып еді, Алтын 
Орда өзгемізге қалған жоқ па? 
Рас, Алтын Ордадағы Сайбан ұрпағы кешірек хан бола бастады. Ал, Жошының 
он үшінші баласы Тоқай Темір ұрпағы бесінші буынында, Ақсақ Темір 
көрегенмен алысып өткен Орыс ханның кезінен-ақ бауыр басты. 
Игіліктің ерте-кеші жоқ, тек арты қайырлы болсын. 
Әбілқайыр қабағы қарс жабылып кетті. Оның сұлу мұртты ағайраң түрінде бір 
орасан қобалжу сезілді. Ханның бүйтіп жан-жағына үрке қарап, көңіл күйінің 
өзгере қалуының аужайы көп еді. 
Қос қолы қызыл қанға боялғанына қарамай, он жеті жасар Әбілқайырды азулы 
тілектестері Дәшті Қыпшаққа хан етіп ақ кигізге көтерді. Бақ құсы басына қонып, 
ақ түйенің қарны жарылды. Бірақ адамның бағы көтерілген сайын, жауы да 
көбейеді. Бұған Жошының өзге ұрпақтарының арасындағы көкіректерін ежелден 
жегідей жеп келе жатқан бақ күндестік, ел билеуліктен туған талас кеселдерінен 
басқа бөтен де себептер қосылған. 
Біз әңгіме етіп отырған бір мың төрт жүз елу алтыншы жылы осы талас жарға 
тіреліп тасығалы тұрған өзендей шеңберіне әбден жеткен кезі еді. Әбілқайырдың 
сескенетін жауы екеу: бірі — Орыс ханнан туған Құйыршық ханның баласы Барақ 
ұлы Жәнібек пен оның үш аталас туысы Керей. Екіншісі өзінің аталасы Мақмүдек 
ханнан туған Ходжа Мұхамед ханның баласы Абақ. Бұл да құр сұлтан емес, 
Алтын Орда мен Ақ Ордаға ие болған хан тұқымдары. Әсіресе Орыс ханның 
ұрпақтары қауіпті. Жәнібек пен Керейдің құр өздері ғана емес, арттарында 
әрқайсысы бір түменге қолбасшы бола алар қасқырдың бөлтірігіндей сегізден 
ұлдары тұр. Әсіресе жас болса да Жәнібектің ұлы Қасымның, Керейдің баласы 
Бұрындықтың аяқ алыстары бөлек. Бұлары да ештеңе емес, Жәнібек пен Керейден 
сескенер басқа да қаупі бар. Көк Орда тірегі, Әбілқайырдың оң қолы Қыпшақ 
болса, Жәнібек пен Керейдің сүйенері Арғын. Арғын жүрген жерде Қоңырат, 
Найман, Керей, Уақ, Тарақты да үзеңгілесе кетеді. 
Ал, ақиқатына келсек жанжал түбі әріде жатыр. Бұл мезгіл сонау Соғды жері 
мен Еділ өзенінің жағасына дейін Ұлы Дәшті Қыпшақ даласын жайлаған түркі 
тұқымдас елдердің екіге бөліне бастаған шағы еді. Шаруашылығына қарай, 
Мауреннахр деп аталатын Жейхұн 
1
мен Сейхұн 
2
дарияларының ортасында 
тұратын түркі руларының көбі Күншығыс — Оңтүстігіндегі, түбі көшпелі 
ирандықтар, өзі тәрізді егіншілікпен шұғылданған отырықшы Соғды елімен 
қауымдасып, өзбек халқының іргесін қалай бастаған. Ал Сейхұн дарияның орта 
шенінен төмен қарай сонау Еділ, Жайықтың арғы бетіне дейін көшіп жүрген түркі 
тұқымдас рулар өзі тәрізді мал бағатын, Жетісу бойындағы көне заманнан келе 
1
Ж е й х ұ н — Амудария. 
2
С е й х ұ н — Сырдария. 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 

жат- 
қан Үйсін, Дулат, Жалайыр, Қаңлы тәрізді көптеген салты мен дәстүрі бір 
рулармен бірігіп, қазақ деген ел болсақ деп талпынған-ды. Осы кездегі бүкіл 
Дәшті Қыпшақтың ханы Әбілқайыр өз ордасын қазақ даласына тіксе де, жаулап 
алған жерлері сол Мауреннахр, Соғды, Қорасан жағы болғандықтан көңілін көбіне 
осы тұсқа аударған. Солардан қыз алып, Орда салтын да көбіне Мауреннахр елінің 
әдет-ғұрпына қарай көшіре бастаған. 
Қарамағындағы көшпелі елдерге алым-салықты көп салып, оны тек бөтен 
жұртты шабатын әскерге жұмсап, халықтың күйін нашарлатып жіберген. Және өзі 
Дәшті Қыпшақтың даласынан көрі Мауреннахр шаһарларының бірін хан Ордасы 
етуді дұрыс көрген. Бұның бәрі көшпелі Дәшті Қыпшақтың асау жыл- 
қы тәрізді, арда руларын ханнан шошытуға айналған. Өзінің шаруашылығын, 
дәстүрін, салт-ғұрпын, бәрін түбі Мауреннахр тұрғын елінің дегеніне қарай 
айналдырғысы келетінін сезген Дәшті Қыпшақ тайпалары енді Әбілқайырдан 
іргесін әрі салуды ойлаған. Осы тілектің туын көтерген басты адам — Жәнібек 
сұлтан. Әрине, Жәнібектің бұл қылығы Әбілқайырға ұнамайтын. Орыс ханның 
ұрпақтарының ел арасын былай қобалжыта бастауы тек өздері хан болғылары 
келуден деп қана түсінетін Дәшті Қыпшақ әміршісі алдымен Жәнібекті құртуды 
көксеген. Ал бұл көкейкесті арманның түбі халықта жатқанын ол аңғармаған. 
Халыққа тек импрам 
1
деп қарайтын Әбілқайыр, сонау апай төс, жүнді балақ 
батырлардың артында рулары барын, ал ел деген мағына осы руларда екенін 
есепке алмайтын. Ханның ұғымы бойынша бұл импрамдарды сұлтандар 
басқарады. Тек сол сұлтандармен тіл тапса болғаны. Сондықтан Әбілқайыр Орда 
маңына қазақтың Қаптағай, Бөрібай, Қарақожа секілді ерлігі үшін әр ру аттарын 
ұран ғып көтерген аңғал батырлардан көрі, өзі тәрізді, дәулеті шалқыған сұлтан, 
әмір, хакімдерді жинайтын. 
Әбілқайырдың ойынша осылармен тіл тапса, болғаны. Ал, тіл табу үшін хан 
қандай тәсіл қолданса да, Жәнібек пен Керей көнбей-ақ қойған. Бұл сұлтандар 
күннен-күнге араларын ханнан алыстатып бара жатқан. Арғын мен Қыпшақтың да 
қазір екі бөлінуінің түп себебі де осы екеуінің хан Ордасына деген ала көздігінен 
туған. 
Ел билеу! Бұл — мансапқор жанның ұлы тілегі. Кенет Әбілқайырдың есіне 
Шыңғыстың ел билеу жөнінде балаларына айтыпты-мыс деген қағидасы түсті. 
Ұлы хан жаулап алған жерін төрт ұлысқа бөліп, төрт баласына беріпті. Сол 
мәжілісте әкесінен өсиет естігісі келген үлкен ұлы Жошы: «Ұлы мәртебелі, әлем 
әміршісі, хан қандай болу керек?» — деп сұрапты. Шыңғыс: «Хан халқының 
көңілін табу үшін ақылды, ал халқы оның көңілін табу үшін тақымды болуы 
керек», — деп жауап беріпті. 
Шыңғыстың екінші баласы Жағатай: «Ханды қайткенде халқы сыйлайды?» — 
деп сұрапты. Шыңғысхан: «Халқың сыйласын десең тағыңнан түспе», — деп 
жауап беріпті. 
Шыңғысханның үшінші баласы Үгедей: «Хан қайткенде тағынан түспейді?» — 
деп сұрапты. Шыңғысхан: «Маңына өзінен ақылы төмен, бірақ құлқы өзіндей 
адамдарды жинай білсе, сол хан тағында ұзақ отырады», — деп жауап беріпті. 
1
И м п р а м — көне түркі тілі, тобыр. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет