2. Республикалық олимпиаданың мақсаты мен міндеттері: 2.1.
Колледж және мектеп мұғалімдерінің педагогика және психология негіздері,
тәрбие жұмыстары мен оқыту әдістемесі бойынша білім деңгейін тексеру;
2.2.
Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің мектепке дейінгі педагогика және
мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы пәндері бойынша білім
деңгейін тексеру;
2.3.
Педагог мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру және республикамыздың үздік
білім беру саласы қызметкерлерін марапаттау.
3. Республикалық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі: 3.1.
Олимпиада 2 кезеңнен, әр кезең 25 сұрақтан барлығы 50 сұрақтан тұрады.
3.2.
Әр тапсырманың бір ғана дұрыс жауабы бар және тест нұсқалары екінші рет
қайталанбайды;
3.3.
1-кезеңнен 17 ұпайдан жоғары алған қатысушылар 2-кезеңге жолдама алады;
3.4.
Бір адам ең көбі 3 рет тест тапсырады. Ең жоғарғы нәтижесі есепке алынады;
3.5.
Тестілеуден өту үшін қатысушыға 50 минут уақыт беріледі. Уақыт біткеннен
кейін автоматты түрде тестілеу аяқталады;
3.6.
Олимпиадаға төлем жасағаннан кейін ғана қатысу мүмкіндігі ашылады;
3.7.
Тестілеудің нәтижесін қатысушы тестті орындағаннан кейін бірден біле алады;
3.8.
Қатысушылардың марапаттары автоматты түрде электронды почтасына
жіберіледі
және
жеке
кабинетіндегі