Исламдағы тазалық шарасыздыққа түсуден гөрі тісті күтіп ауырмаудың
жолын іздеген жөн. Алайда ауру ушығып кеткен
жағдайларда тісті қаптау жоғарыдағы талаптар ескеріле
отырып жүзеге асырылады.
Кейбіреулер бұл мәселеде тым қатты кетіп,
үзілді-кесілді пікір ұстанған. Бұлар мұнысын ханафи
мәзхабында ғұсыл барысында жуу парыз болған ауыз
қуысына «тістің өзегін» де жатқызумен түсіндіреді. Ха-
нафилерде ауыз қуысын құрғақ жер қалдырмай түгел
жуу парыз. Ал, бұл үшін тістің кіреукелі (эмальді) сау-
ытына су тигізу жеткілікті.