Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық



Pdf көрінісі
бет198/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

Сауда-саттықта алдау
Исламда алдап-арбаудың кез келген түріне тыйым 
салынған. Әсіресе, сауда-саттықта алдау арқылы табыс 
табу дұрыс емес. «Алдаушы бізден емес» деген хадисте 
де айтылғандай мүминді алдаған адам Аллаһ елшісінің 
қасиетті ортасынан шеттетіледі. Сатушы адам сататын 
затының барлық ерекшеліктерін сатып алушыға айтуы 
152
 «Мәидә» сүресі, 5/90-91


185
Табыстың адалдығы мен кірістің тазалығы
тиіс.  Сонымен  қатар,  кемшіліктері  болатын  болса, 
мұны  міндетті  түрде  ашық  көрсетуі  қажет.  Мұндай 
әрекет арқылы әрі сенім артады, әрі Аллаһ тағала бұл 
саудаға  берекет  нәсіп  етеді.  жоғарыдағы  келтірілген 
хадистердің  бірінде  айтылғандай  турашыл  сауда-
гер  арштың  көлеңкесін  паналай  алатын  топ  ішінде 
болады.  жаратушы  иеміз  ақиретте  ондай  жанды  ізгі 
жақсылармен, шейіттермен бірге қайта тірілтеді. 
осыған байланысты бір мысал келтірейік. Бір күні 
ардақты Пайғамбарымыз базарда жүріп бір сатушының 
қасына  сәл  аялдайды.  Сатып  тұрған  құрмаларының 
жақсысы  бетінде,  ылғалдары  астында  екендігін 
байқағанда, сатушыға: «Алдайтындар бізден емес»
153
, 
– деп ескерту жасайды.  
Өкінішке орай, қазіргі таңда сауда-саттық тұтастай 
алдауға  негізделгендей.  Теледидарда  сатылатын  тау-
арды  асыра  дәріптеп,  жарнамалап  жатады.  Сол  үшін 
неше  түрлі  айла-шаралар  ойластырып,  халықты 
алдайтындығы көңілге қаяу салады. 
Парақорлық
Парақорлық – адамзат тарихы бастау алған сәттен 
қоғамды  құрттай  жеп  келе  жатқан  жиіркенішті  ауыр 
күнәлардың бірі. осынау дерт имандылық әлсіз, қоғам-
дық  азғындау  белең  алған  елдерде  асқынған  түрде 
жүзеге  асады.  Мұндай  қоғамда  әлеуметтік  теңдіктің 
болуы,  адам  құқықтарының  мүлтіксіз  қорғалып 
сақталуы да мүмкін емес.  
153
 Мүслим, Иман 164; Тирмизи, Бүйү 74; Әбу Дәууд, Бүйү 52, Ибн 
Мәжә, Тижарат 36


186


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет