88
Сахабалар салған сара жол
«Құрайыштың ішінде он жылдан астам жүрді,
Қашан адал дос тапса, өз ісін түсіндірумен
болды»
107
.
Зүхри айтады: «Мүшріктер қысым жасауды
жиілеткен кезде, Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
көкесі Аббас ибн Абдулмұтталибке: «Көке! Құдіретті
Аллаһ өз дініне сондай бір қауыммен көмектеседі,
бұл қауым үшін Құрайышты бас идіру өте оңай. Қане,
Укказ жәрмеңкесіне барайық, маған араб тайпалары
тұратын жерді көрсет, оларды Аллаһқа иман келтіруге
шақырайын. Маған қолдау көрсетуін, мені қолдауларын
сұрайын», – дейді. Аббас: «Мақұл. Сен Укказға бар, мен
де бірге барайын, саған тайпалардың тұратын жерін
көрсетейін», – дейді.
Аллаһ расулы (с.а.с.) алдымен Сақиф тайпасына ат
басын бұрды. Сосын біртіндеп басқа тайпаларды арала-
ды. Келесі жылы (ашық уағыздауға әмір алған жылы)
Әус пен Хазраж тайпасынан алты адаммен танысты.
Олар: Әсәд ибн Зүрара, Әбул-Хайсам ибн әт-Тәйихан,
Абдуллаһ ибн Рауаха, Сағыд ибн Рәби, Нұғман ибн Ха-
риса және Убада ибн Самит еді. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
бұл топпен Минада Жәмра-Ақабаның жа-
нында кездесті. Оларды Аллаһқа құлшылық жасауға,
нәбилер мен расулдар арқылы жіберген дінге қолдау
көрсетуге шақырды. Олар түскен уахидан оқып бе-
руді сұрады. Пайғамбарымыз «Ибраһим» сүресін отыз
бесінші аяттан бастап, соңына дейін оқыды. Бұл аяттың
мағынасы мынадай еді: «Сол уақытта Ибраһим былай
деген еді:
Достарыңызбен бөлісу: