174
Сахабалар салған сара жол
Мұсғаб: «Жайланып отырып тыңдасаңыз.
Айтқандарымызды
ұнатсаңыз
қабылдарсыз,
ұнатпасаңыз бұл жерден кетіп қалармыз», – дейді.
Сағыд: «Иә, айтқаның жөн-ақ», – деп тізе бүккеннен
кейін, Мұсғаб оған Исламды түсіндіріп, «Зухруф»
сүресінің мына алғашқы аяттарын оқыды:
«Бисмилләһир-Рахманир-Рахим. Ха, Мим. Осы
айқын кітаптың өзімен ант етейін, сендер түсінсін деп,
Біз оны араб тіліндегі Құран ретінде түсірдік. Бұл, шы-
нында да, лаухул-махфұзда өз тарапымыздан түскен
биік мәртебелі, қасиетті кітап. Сендер (адасып) шек-
тен шығып кеткен қауым болғандықтарың үшін, ақыл-
кеңес айтудан бас тартуға бола ма?» (Зухруф, 43/1-5).
Осы екі сахабаның
бұдан ары не дегеніне құлақ
салайық: «Біз сөзімізді бастамай жатып, Сағыдтың
жүзі жылып, жадырағанынан
оның Исламға кіретінін
түсінген едік». Сағыд ибн Муаз олардан мұсылман-
дықты қабылдағанда не істеу керектігін сұрайды. Олар
ғұсыл құйынып, жақсылап тазалану керектігін, іш киім
мен сыртқы киімдерін тазалап, кәлима шаһадатты ай-
тып, екі рәкат намаз оқу керектігін айтады.
Сағыд осы айтылғандарды орындап, найзасын
алып Усәйд ибн Худайрмен бірге қауымына қайтады.
Достарыңызбен бөлісу: